Білім беру және ғылыми ұйымдар басшыларына, ДК мүшелеріне |  |
Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарды жетілдіру мақсатында Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті төрағасының 2007 жылғы 28 наурыздағы № 228 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Осы топтың жетекшісі - Философия және саясаттану институтының директоры, академик Нысанбаев Әбдімәлік Нысанбайұлы. Жұмыс тобына жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау саласының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері бойынша (Диссертациялық кеңес туралы ереже, Ғылыми дәрежелерді беру ережесі, Ғылыми басылымдар мен жетекші ұйымдардың тізімі және т.б.) ұсыныстарыңыз бен талап-тілектеріңізді жолдауларыңызды сұраймыз. Байланыс телефоны және факс: 8-3272-725910; e-mail:
<noscript> Этот адрес e-mail защищен от спам-ботов. Чтобы увидеть его, у Вас должен быть включен Java-Script </noscript>; mailbox@www.educontrol.kz.
|