Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау   / 2008 жылғы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері 
2008 жылғы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері


Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылады және міндетті түрде бес жылда бір рет өткізіледі.

Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін анықтау үшін жүргізіледі (бұдан әрі — МЖМБС).

2007 жылы қабылданған «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың тиісті нормативтік құқықтық актілері жасалып бекітілді.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау рәсімін әрі қарай жетілдіру үшін «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысы қабылданды.

Осы қаулының негізінде ҚР Әділет министрлігінде тіркелген (2008 жылғы 27 наурызда № 5172) ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 109 бұйрығымен Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралы нұсқаулық бекітілді.

Білім беру ұйымдарының қызметін сыртқы бағалауды өткізудің әлемдік тәжірибесін ескере отырып, аталған қаулыда мемлекеттік аттестаттаудың алғашқы кезеңі ретінде білім беру ұйымдарын өздік бағалауды өткізу белгіленген.

Білім беру ұйымдарын аттестаттау немесе аттестаттамау туралы шешімді қабылдау жауапкершілікті арттыру үшін аттестаттау комиссиясынан білімді басқару мемлекеттік органдарына берілді.

Жоғарыда айтылған нормативтік құқықтық құжаттарда мемлекеттік аттестаттау барысында білім беру ұйымдарының қызметінің тек мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талабына сәйкестігіне баға беріледі.



Халықаралық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік аттестаттау жалпы білім беру ұйымдары бойынша, сонымен қатар мамандықтар немесе кәсіптер бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік аттестаттау барысында тек МЖМБС-на сәйкестікке баға берілетін болғандықтан мемлекеттік аттестаттаудың мерзімі 10 күннен 7 күнге дейін қысқартылды.

Қабылданған нормативтік құқықтық құжаттарда Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының немесе олардың басшыларының жауапкершілігі қарастырылады.

Мемлекеттік аттестаттауға алдын ала дайындалу үшін және өздік бағалауды өткізу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік аттстаттауды және өздік бағалауды өткізу және ұйымдастыру жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік ұсынымдар жасалды, ол Комитеттің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 1127 бұйрығымен бекітілді.

2008 жылы мемлекеттік аттестаттаудан 44 жоғары оқу орны және 2 колледж өткізілді.

2008 жылы жоғары оқу орындары 918 жоғары білім беру мамандықтары (бакалавриат), 22 жоғары кәсіптік білім беру мамандықтары (оқуды бітіру), 261 магистратура, 121 аспирантура және 31 докторантура мамандықтары бойынша аттестатталды.

Жоғары оқу орындары 189 жоғары білім беру (бакалавриат), 29 жоғары кәсіптік білім беру (оқуды бітіру), 23 магистратура, 21 аспирантура, 1 докторантура мамандықтары бойынша аттестатталмады.

Білім және ғылым саласындағы комитет төрағасының 2008 жылғы 11 шілдедегі № 862 бұйрығымен 2009 жылы білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізудің кестесі бекітілді.

Министрліктің ісшаралар жоспарына сәйкес Астана және Алматы қалалық, облыстардың білім басқармаларының басшылары мен жауапты қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасында білім сапасын қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау» тақырыбы бойынша 2008 жылғы 29 қазанда Астана қаласында республикалық семинар өткізілді.

Мемлекеттік аттестаттаумен қатар Комитет тексеру түрі ретінде ҚР білім саласындағы заңнамасының және лицензия ережелерінің сақталуына бақылау жүргізеді.

2008 жылы ҚР білім саласындағы заңнамасының және лицензия ережелерінің сақталуына 30 жоғары оқу орнында, республикалық бюджеттен қаржыланатын 3 колледжде және 4 мектеп-интернатта тексеру өткізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша 12 жоғары оқу орнының лицензияларының қолданысы 71 мамандық бойынша 2-6 ай мерзімге, оның ішінде 6 жоғары оқу орнының бас лицензиясының қолданысы тоқтатылды, сонымен қатар 12 мамандық бойынша лицензиялар және 1 жоғары оқу орнының бас лицензиясы қайтарып алынды.

Мемлекеттік аттестаттау мен тексеру қорытындылары бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 311-1 және 357-2 баптарына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға сәйкес 51 жоғары оқу орнына бұзудың дәрежесіне сәйкес елу мен жүз айлық есептік көрсеткіш аумағында жалпы көлемі 7 млн.66 мың 400 теңге әкімшілік айыппұл салынды,

Қазақстан жоғары оқу орындары филиалдарының қызметін шектеу туралы нақты шаралар қолданылды.

Мемлекеттік бақылау жүргізу барысында жоғары оқу орындарында мынадай кемшіліктер анықталды:

- кейбір жағдайда дамудың және жоғары оқу орнының жұмысын тиімділеуді қамтамасыз ету мәселелерін сараптау негізінде жоғары оқу орнының мақсатын анықтайтын концептуалдық және стратегиялық жоспарлау жасалмайды;

- оқудың кредиттік жүйесі толық көлемде жұмыс істемейді, мысалы кредиттік технология бойынша оқитын студенттердің өздік жұмысы әдістемелік құралдармен жеткіліксіз қамтамасыз етілген, элективтік пәндер мен оқытушыларды таңдау принципі толық қолданылмайды;

- МАК қорытындысы бойынша есептердің формалді жасалуына жол беріледі, дипломдық жобалар (жұмыстар) мазмұны толық сарапталмайды және олардың кемшіліктері көрсетілмейді;

- штаттағы оқытушылардың сандық және сапалық құрамы бойынша біліктілік талаптар орындалмайды, студенттің бір жылдық жоспарлы ең төменгі шығысы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысында көрсетілген шығыс деңгейіне сәйкес емес;

- оқудың толық циклі бойынша келтірілген студенттер контингентіне келетін оқулық, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет, оның ішінде қазақ тіліндегі, қорының саны жеткіліксіз;

- оқу-зертханалық базаның жаңа құралдармен, қолданылатын материалдармен және зертханалық аспаптармен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз;

- ҚР БҒМ, ұлттық орталықтардың, министрліктердің ғылыми-техникалық бағдарламалар конкурсына, оның ішінде қолданбалы зерттеуге, ПОҚ қатысуы жеткіліксіз;

- жоғары оқу орнының менеджмент жүйесінің негізі: басшылықтың мақсаттарды қоюдағы және оларды орындаудағы жетекші ролі, барлық қызметкерлердің жоғары оқу орнының мәселелерін шешуге қатысуы, білім беру сапасын тұрақты көтеру және басқаруға жүйелі қарау әлсіз. Соның негізінде СМЖ енгізу тиімділігі төмендейді;

- шағын жинақталған топтардың болуы педагогикалық жүктемелердің артуына, кадрлардың, материалдық және қаржылық ресурстардың тиімсіз пайдалануына жол береді;

- жоғары кәсіптік білім берудің білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелері бұзылады;

- мамандарды даярлау сапасының деңгейі білім саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген шекті деңгейден төмен және т.б.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 144 жоғары оқу оқу орны, оның ішінде 55 мемлекеттік ( 9- ұлттық, 13-азаматтық емес және 33-мемлекеттік) және 89 жеке меншік жоғары оқу орны жұмыс істейді.

ҚР Президент Әкімшілігі Жетекшісінің тапсырмасын орындау үшін ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Әділет министрлігі дін ісі жөніндегі комитетінің өкілдерінің қатысуымен 24 діни білім беру ұйымдары тексеруден өтті. Тексеру барысында осы 24 діни ұйымдардың тек 2-нің ғана мемлекеттік лицензиясының бар екені анықталды.

Тексеру нәтижелері талданып, лицензиясыз қызмет көрсетіп жатқан діни білім беру ұйымдарына шара қолдану үшін тиісті хат ҚР Бас прокуратурасына жолданды.

Қазіргі кезде діни білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарды жетілдіру үшін жұмыс тобы құрылды.

Тексеру рәсімін жетілдіру мақсатында жоғары оқу орындарының қабылдау ережесін сақтауын тексеру үшін автоматтандырылған «1 курс» бағдарламасы жасалды.

Мәселелер:

- «Әкімшілік құқық бұзушылық» ҚР Кодексінің 576-5 бабында жергілікті атқарушы органдары әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама жасау және айыппұл салып лицензияның қолданысын тоқтату туралы құқығы көрсетілмеген;

- жергілікті атқарушы органдардың бақылау функциясын орындау деңгейі төмен. Мемлекеттік аттесттааттау және білім беру қызметін лицензиялау бойынша нормативтік құжаттардың талабы орындалмайды, формализмге жол беріледі;

- білім саласында бақылауды іске асырудың бірыңғай талаптың жоқтығы әр аймақта білім сапасының әртүрлі болуына себеп болады;

- кейбір жеке меншіктегі жоғары оқу орнының білім беру қызметі біліктілік талаптарға, МЖМБС және білім саласындағы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес емес;

- жоғары оқу орындары орналасқан жерге барып әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарын сотта қарау қаржылық және уақыт қиыншылықтарын туғызады.

Шешу жолдары:

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізу;

- білім беру сапасын бірыңғай бақылауды іске асыру үшін ҚР БҒМ аймақтық құрылымдарын құру туралы мәселені қарау;

- жоғары оқу орындарын мамандықтар бойынша оңтайландыру жұмысын жалғастыру;

- барлық деңгей үшін мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша Бағдарламалар мен әдістемелік ұсынымдар жасау;

- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды жергілікті жерде сотта қарауға қатысу үшін Комитет қызметкерлердің іссапарына бюджеттік қосымша қаржы қарастыру.

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz