Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау   / Бағдарлама және ұдiстемелiк ұсынымдар 
Бағдарлама және ұдiстемелiк ұсынымдар

 

 

 

        

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы «17» қыркүйектегі
N3624 бұйрығымен бекітілді. 

                                                                    

 

       Кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда лицензия талаптарын сақтауды тексеру және мемлекеттiк аттестаттау өткізуді ұйымдастыру жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар.   

Файлды аударып алу (412Kb)                                                                                      

 
  • 1.    Жалпы ережелер

1. Осы Кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда лицензия талаптарын сақтауды тексеру және мемлекеттiк аттестаттау өткізуді ұйымдастыру жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар (бұдан әрi - Бағдарлама және ұсынымдар), «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңына (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N1305 қаулысымен бекiтiлген «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау туралы ережесiне» (бұдан әрi - Аттестаттау туралы ереже), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысымен бекiтiлген «Бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережелерiне» (бұдан әрi - Лицензиялау туралы ереже), Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2003 жылғы 13 ақпандағы N79 бұйрығымен бекiтiлген «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзу туралы нұсқаулығына» (бұдан әрi - Нұсқаулық) және Қазақстан Республикасының бiлiм саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актілерге  сәйкес әзiрленген.
2. Бағдарлама мен ұсынымдар меншiк түрiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды (бұдан әрi - Бiлiм беру ұйымдары) мемлекеттiк аттестаттаудан (бұдан әрi - Аттестаттау) өткiзу және Лицензиялау ережелерi белгiлеген бiлiктiлiк және Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды тексеру кезiнде, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау кезінде қажеттi құжаттар тiзбесiн анықтауға бiрыңғай әдiстемелiк тұрғыдан қамтамасыз етуге арналған.
3. Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензия талаптарын сақтауды тексеру және аттестаттау мемлекеттiк лицензияға сәйкес бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығы бар барлық кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi барлық мамандықтарының кесiмiнде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және қызмет етiп жатқан халықаралық және шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен олардың филиалдарын аттестаттау, егер Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарда басқаша белгiленбесе, Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарына қойылатын тәртiп және шарттар көлемiнде өткізіледі.
5. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау және лицензия талаптарын сақтауды тексеру кезiнде: 1) өзiнiң мәртебесiне сәйкес (үлгiсi және түрi) бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының сақталуы; 2) бiлiм беру ұйымдарының тиiстi деңгейдегi мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарын орындауы; 3) бiлiм беру ұйымдарының өз қызметiнде бiлiм беру саласындағы заңнамасының талаптарын орындауы анықталады.

  • 2.    Дайындық жұмыстары

6. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттаудың алдында Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы (бұдан әрi - Министрлiк) жүргiзетiн дайындық жұмыстары атқарылады. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау аттестаттауды өткiзудің кестесiне (бұдан әрi - Кесте) сәйкес жүргiзiледi. Келесi оқу жылына арналған кестенi Министрлiк бекiтедi және бiлiм беру ұйымдарына аттестаттау өткiзуден үш ай бұрын кешiктiрмей хабарланады. Бекітілген кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда бiлiм беру ұйымдары осы тармақтың екiншi абзацында белгiленген мерзiм iшiнде хабардар болуы тиiс.
7. Дайындық жұмыстары мынадай сатылардан тұрады: 1) келесi оқу жылына арналған кестеге енгiзу мақсатында бiлiм беру ұйымдарының өтінімдерін қарастыру; 2) кестеге енгізілген бiлiм беру ұйымдарының өзiн-өзi аттестаттау қорытындысы бойынша есебiн зерделеу (бұдан әрi - Есеп) және сол бойынша қорытынды дайындау. Бiлiм беру ұйымының Есебiнде күмәнді және толық емес мәлiметтер ұсынылып ол Министрлiктегі ақпараттар не алдындағы тексерістің қорытындысы туралы анықтамалармен расталса онда Министрлік терiс қорытынды береді, Есеп кемшiлiктердi жою үшiн бiлiм беру ұйымдарына қайтарылады. Аттестаттау мерзiмi кейiнге шегерiледi немесе бiлiм беру ұйымы ағымдағы оқу жылына арналған Кестеден алынып тасталады; 3) Аттестаттау комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) құрамын құру бiлiм беру ұйымдары және қарамағына аттестатталатын бiлiм беру ұйымдары енетiн мен мемлекеттiк органдардың және бiлiм беру ұйымдарының ресми ұсынысы бойынша құрылған «Сарапшылар  жөнiндегi деректер банкiсiндегi» кандидатуралардан, сондай-ақ ЖОО ұсыныстары арқылы өткізіледі. Комиссия құрамына мiндеттi түрде Министрлiктiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттары ұлттық орталығының (бұдан әрi -БТМСҰО) өкiлi енгiзiледi. Комиссияның құрамына кандидатураларды іріктеу бiлiм беру ұйымдарының бейiнi, даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша жүзеге асырылады. Комиссияның төрағасы болып Министрлiктiң өкiлi тағайындалады.

  • 3.    Аттестаттауды өткiзу

9.Комиссия өз қызметiнде бiлiм беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы  нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады (осы Бағдарламаның 1﷓қосымшасы). Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау мынадай тәртiпте жүзеге асырылады: Комиссия  төрағасы: 1) сарапшыларды бiлiм беру ұйымдарының өзiн-өзi аттестаттау туралы материалдарымен және олар жөнiндегi Министрлiктiң қорытындысымен таныстырады; 2) сарапшылардың арасында бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң бағыттарын кешендi тексеру жөнiндегi нақты тапсырмаларды бөледi; 3) сарапшыларды осы Бағдарламамен және ұсынымдармен, бiлiм саласындағы қажеттi нормативтiк құқықтық актiлермен, басқа да құжаттармен қамтамасыз етедi; 4) бiлiм беру ұйымдарымен кешендi тестiлеудiң рәсiмдерiн келiседi; 5) Комиссияның жұмысын жалпы жоспарлауды және басшылық жасауды жүзеге асырады; 6) мемлекеттік аттестаттау өткізу жөніндегі бiлiм беру ұйымдарының ғылыми кеңесiнiң кеңейтiлген отырысында аттестаттау комиссиясы жұмысының жоспар-кестесiн және мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындыларын ұжымға жеткiзедi;
10. Комиссия мүшелерi: 1) мемлекеттiк  аттестаттауды өткiзу мәселелерi жөнiндегi бiлiм беру ұйымдары Ғылыми кеңесiнiң кеңейтілген отырысының жұмысына қатысады; 2) бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық, әлеуметтiк базаларының (оқу ғимараттарын, зертханаларын, аудиторияларын, сыныптарын, спорттық құрылыстарын, полигондарын және т.б.), әлеуметтiк қамтамасыз ету объектiлерiнің (медициналық пункт, асхана, жатақхана), кiтапханаларының, медиатекалардың, компьютерлiк сыныптардың кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiктiлiк қойылатын талаптарға және қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестiгiн қарауды және тексерудi жүзеге асырады; 3) бөлiнген тапсырмаға сәйкес бiлiм беру ұйымдары қызметінің бағыттары бойынша тексеру мен талдау  жүргiзедi; 4) лекцияларға және  практикалық сабақтарға қатысуды студенттермен және профессор-оқытушылар құрамымен әңгiме өткiзудi жүзеге асырады; 5) бiтiрушi курстағы бiлiм алушыларды тестiлеуден өткiзедi және тестiлеудің жүргiзiлуiне  бақылау жасайды; 6) бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары, оқытушылар мен қызметкерлері арасныда ішінара сауалнама жүргiзедi; 7) тестiлеудiң нәтижелерiн талдауды, бiлiм алушылар мен оқытушыларға арналған сауалнаманы пысықтауды және сауалнаманың нәтижелерiн талдауды жүзеге асырады.

  • 4.    Кешендi  тестiлеудi ұйымдастыру және өткiзу

11. Кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау кезiнде Комиссия күндiзгi, қажет болған жағдайда кешкi, қашықтықтан, сырттай оқыту нысандарының (егер сырттай, қашықтықтан немесе кешкi нысанда бiлiм алушылар саны, әрбiр оқыту нысаны бойынша жалпы контингент құрамынан 50%-дан көп болғанда, не аттестатталатын мамандық бойынша күндiзгi оқыту нысаны бойынша бiтiрушi курс жоқ болса) бiлiм алушы бітіруші курс студенттерін кешенді тестілеуден (бұдан әрi - Тестiлеу) өткiзедi.
12. Аттестатталатын бiлiм беру ұйымдарын тестiлеуден өткiзу үшiн: 1) аттестаттау басталғанға дейiн 2 ай мерзiмнен кешiктiрмей БТМСҰО-ға ағымдағы оқу  жылындағы  мамандықтар кесiмiнде, тiлдер бөлімдері және оқыту нысандары бойынша студенттер контингентi туралы нақты мәлiметтер ұсынады; 2) аудиторлық қорын даярлауды және әр аудиториядағы отыратын орындарды  нөмiрлеудi өткізеді; 3) Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық, оның iшiнде арнайы оптикалық маркерлiк сканермен қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
13. Министрлiк: 1) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау кезiнде тестiлеу жүргiзудiң технологиясын; 2) тестiлеу өткiзудiң бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн; 3) тест тапсырмалары мен сұрақ кiтапшаларын; 4) арнайы жауап парақтарын; 5) тестiлеу рәсiмдерiне қатысушыларға арналған нұсқаулық материалдарын; 6) аттестаттау барысындағы тестiлеу өткiзу кезiнде аудиториялардағы кезекшiлерге арналған нұсқаулықты; 7) емтихан ведомстарын бекiтедi.
14. Тестiлеу: 1) бiлiм беру ұйымдарының және студенттердiң еркiн кiруiне мүмкiндiк беру мақсатында мiндеттi түрде Министрлiк пен БТМСҰО-ның бiлiм сайттарында орналастырылған, тест тапсырмаларының ашық және жабық үлгiдегi күрделiлiгi 3 сатылы (күрделі емес, орташа күрделі және күрделі) бiрыңғай деректер базасы; 2) емтихан кезiнде әр студентке берiлетiн, күрделілігі 3 дәрежелi (40% - күрделі емес, 40% - орташа күрделi, 20% - күрделі) тест жинағы болып келетiн сұрақ кiтапшалар; 3) студент туралы деректер және жауаптарын ұсынуға арналған, кiру және шығу құжаты болып табылатын, арнайы маркерлiк сканердiң көмегiмен есептеуге ыңғайластырылған жауап парақтарының негiзiнде өткiзiледi.
15. Күрделілігі 3-дәрежелi ашық және жабық үлгiдегi тест тапсырмаларын БТМСҰО жыл сайын жаңартып отырады және олар арнайы сертификатталғаннан кейiн Министрлiк бекiтедi. Тестiлеу материалының сапасы үшiн жауапкершiлiк БТМСҰО-ның бiрiншi басшысына жүктеледі.
16. Тестiлеу өткiзу кезiнде кәсiптiк жалпы және арнайы пәндер циклдарынан туындайтын, стандартталған тест тiзбесiн Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк жоғары бiлiм беру мамандықтары және даярлау бағыттары МК ҚР 08-2001 жiктеуiшi бойынша мамандықтардың оқу-әдiстемелiк бiрлестiктерi (ОӘБ) анықтайды.
17. Тестілеу өткiзуге арналған пәндердiң саны 3-тен 4-ке дейiн; тест тапсырмаларының жалпы  саны  75-тен 120-ға дейiн; пәннiң бейiнiне байланысты бiр тестік тапсырманы тестiлеуге 1 - 1,5  минут есебiмен уақыт бөлінедi.
18. Ведомствоға қарасты әлеуетті және басқа да құрылымдық жоғары оқу орындарын аттестаттау кезiнде бiлiм, білік және дағды сапасын бақылаудың жалпы саны 4 пәннен, тестiлеу өткiзуге арналған пәндердің саны 2 пәннен кем болмайды. Ведомствоға қарасты әлеуетті және басқа құрылымдық жоғары оқу орындарының ерекшелiгiне негiзделген пәндер бойынша бiлiм, білік пен дағды сапасын бағалау және бақылау өткiзу мақсатында берiлген пәндер бойынша емтихан бағдаламалары, қойылатын талаптар мен бағалау өлшемдері тиiстi ОӘБ-де әзiрленедi және Министрлiкке ұсынылады.
19. Тестiлеудiң нәтижелерi мамандық бойынша ведомость және «Бiтiрушi курс студенттерiн тестiлеудiң нәтижелерi» жиынтық құжаты түрiнде берiледi.
20. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауға 10 күн қалғанға дейiн БТМСҰО Министрлiкке мамандықтар және мамандар даярлаудың әр курсы бойынша тест тапсырмаларынын 8-10 нұсқасын ұсынады.
21. Комиссия төрағасы аттестатталатын бiлiм беру ұйымының басшысымен бiрлесе отырып, аттестаттау басталғанға дейін 5 күн қалғанда бiлiм алушыларды  тестiлеу кестесiн  келiседi.
22. Студенттердi тестiлеудi тiкелей комиссия мүшелерi жүзеге асырады. Төраға және комиссия мүшелерi аудиториялардағы тәртiптi қамтамасыз етедi.
23. Комиссия төрағасы тестiлеу күнi: 1) аттестатталатын бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерi арасынан аудиториялар бойынша бөлiнген кезекшiлердiң тiзiмiн және Комиссия мүшелерiн аудиторияларға бекiтедi. Тестiлеу материалдарына кiргiзiлген пәндер бойынша сабақ беретiн оқытушыларды кезекшi етiп тағайындауға болмайды; 2) тестiлеу рәсімдерiн бақылайды; 3) тәртiп бұзушылық анықталған кезде жедел шешiм қабылдайды.
24. Студенттер тiзiмiне сәйкес тестiлеуге қатысқандар мен келмегендердiң нақты саны анықталады. Тестiлеу студенттердiң жалпы санының 95%-ы қатысқан кезде ғана жүргiзiледi; керiсiнше жағдайда тестiлеу аттестаттаудың келесi күніне қалдырылады. Тестілеуге студенттердiң жалпы санының 5%-нан көбi себепсiз қайта келмесе, келмеген студенттерге емтихан ведомосіне «0» балл қойылады.
25. Тестiлеуге келген студенттерде өздерiмен бiрге студенттiк билеттерi немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттары болуы керек.
26. Тест материалдарының пакетi Комиссия төрағасының қатысуымен тест өтетiн күнi ашылады. Тест тапсырмалары бар пакеттi ашу кезінде бiлiм беру ұйымдары өкiлiнiң қатысуға құқығы бар. Әр студент тест материалдарының толық жинағын (жауап парағы және сұрақ кiтапшасы) алады.
27. Кешендi тестiлеу кезiнде тест материалдарының дұрыстығы мен сапасы жөнiнде студенттерден сұрақ кiтапшасының бiрiншi бетiнде мiндеттi түрде көрсетiлген шағым түссе, кейбiр тест материалдарына ішінара сараптама жүргiзу мақсатында Комиссия БТМСҰО-дан оның уәкiлi арқылы хаттамалап, сұрақ кітапшасын және дұрыс жауаптар кодын сұратады. Комиссияның 1-2 мүшесi және аттестатталатын жоғары оқу орнының тиiстi маманы жеке алынған пән бойынша тексеру жөнiндегi сарапшылар комиссиясының құрамына енедi. Тест материалдарын сараптаудың нәтижелерi бойынша комиссия мүшелерi және төрағаның қолдары қойылып бекiтiлген акт жасалады. Егер талдаудың нәтижелерi бойынша мамандықтар пәндері бойынша тест материалдарының 20%-ы дұрыс құралмаса немесе жауап нұсқаларының мазмұны қате болса, белгiленген талаптарға  сәйкес болмаса, тестiлеу материалдары акті бойынша пысықтауға және дербес сараптау үшiн уәкiлеттi органға қайтарылады. Тест материалдарының белгiленген талаптарға сәйкес болмауы расталған жағдайда тестiлеудiң нәтижелерiн Комиссия жарамсыз деп таниды. Комиссия бiлiм беру ұйымдарын аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырымында, тест материалдарын белгiленген тәртiпке сәйкес келтiргеннен кейiн, аттестатталатын бiлiм беру ұйымдарында, БТМСҰО-ның есебінен мамандықтарды бiтiрушi курс студенттерiнен қайталап тестілеу өткiзу жөнiнде шешiм қабылдау туралы тиiстi хаттаманың қосымшаларымен бірге Министрлікке ұсынымдар жасайды. Мамандықтарды бiтiрушi курс студенттерiне қайталап тестілеу өткiзу және тест материалдарын белгiленген талаптарға сәйкес келтiргені туралы Министрлiк шешiм қабылданғаннан кейiн, Министрліктің қайталап тест өткiзу жөнiнде комиссия құру туралы бұйрығы шығарылады. Комиссияға кемiнде 3 адам енгiзiледi, мiндеттi түрде Министрлiктiң және БТМСҰО-ның өкiлдерi енуi тиiс.
28. Кезекшiлер жауап парағының болуын және оны толтырудың дұрыстығын тексерiп, тестілеу аяқталғаннан кейiн тест материалдарын қабылдайды. Материалдар Комиссия мүшелерiнiң қатысуымен қабылданады. Студент жауап парағын тапсыруға мiндеттi. Пайдаланылған сұрақ кiтапшалары пысықтау мен талдаудан кейiн бiлiм сапасын басқару жөнiндегi келесі жоғары оқу орны iшiлiк жұмыстары үшiн бiлiм беру ұйымының басшысына берiледi.
29. Жауап парақтарын есептеу маркерлiк сканердiң көмегiмен атқарылады. Жауап парақтарын сәйкестендiру автоматты түрде жүргiзiледi. Сканерлеу процесі аяқталғаннан кейiн, арнайы кешендi бағдарламамен бiлiм алушының тестiлеу нәтижелерiн өңдеу рәсiмi жүзеге асырылады. Тест нәтижелерiн сканерлеу және өңдеу кезiнде БТМСҰО-дан келген комиссия мүшесiнен басқа, мiндеттi түрде Комиссияның төрағасы (немесе  төрағаның орынбасары) және аттестатталушы  бiлiм беру ұйымының өкiлi қатысуы тиiс.
30. Мамандықтар бойынша бiтiрушi курс студенттерiн тестiлеу нәтижелерiнiң ведомстары және «Бiтiрушi курс студенттерiн тестiлеудiң нәтижелерi» біріктірілген құжаттары (бұдан әрi - Тестiлеудiң нәтижелерi) 3 данада (бiрiншiсi - Комиссия үшiн, екiншiсi - БТМСҰО, үшiншiсi - аттестатталатын жоғары оқу орны үшiн) берiледi. Тестiлеудiң нәтижелерi туралы ведомстардың бiр данасы Министрлiкке берiледi. Бiтiрушi курс студенттерiн тестiлеудiң қорытынды ведомстарында әр мамандық бойынша, оқыту тiлiне және нысанына қарамастан оң бағалардың жалпы пайызы көрсетiлуi керек. Барлық ведомостарға Комиссияның төрағасы мен БТМСҰО-дан келген комиссия мүшесi қол қояды.
31. Тестiлеудiң және бiлiмдi бақылаудың басқа да нысандарының нәтижелерi емтихан ведомстары түрiнде бiлiм беру ұйымдарының басшысына берiледi.
32. Кейін бiлiм беру сапасын мониторингiлеу және Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының рейтингiсiн, даярлау бағыттары мен мамандықтарды анықтау үшiн студенттердi тестiлеудiң нәтижелерi туралы ақпарат Министрлiктiң локалдық есептеу жүйесiнiң деректер базасына енгiзiледi.
33. Аттестатталатын жоғары оқу орнының студенттерiне БТМСҰО қызметкерлерiнің қатысуымен алдын ала сынақ түрiндегi тестiлеу өткiзуге рұқсат етiлмейдi.
34. «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырымдаманы» (бұдан әрi - Тұжырымдама) мемлекеттiк аттестаттау және мамандықтар бойынша бiлiм беру қызметiнiң лицензиядағы талаптарын сақтауды тексеру нәтижелерi туралы анықтамалардың негiзiнде Комиссияның төрағасы 2 дана етiп әзiрлейдi. Жоғары оқу орынын аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырымдаманың бiр данасы мiндеттi түрде Министрлiкке берiледi. Анықтамаларды жауапты  комиссия  мүшелерi дайындайды және қол қояды, оған осы Бағдарламада қарастырылған барлық бөлiмдерді енгiзеді.
35. Тұжырымдамаға Комиссия төрағасы және барлық комиссия мүшелерi қолдарын қояды және танысып қол қою үшiн ол бiлiм беру ұйымының бiрiншi басшысына ұсынылады. Тұжырымдаманың бiр данасы бiлiм беру ұйымының бірінші басшысына берiледi.
36. Тұжырымдаманың негізгі мәтiнiнiң көлемi, әдетте, қосымшаларды есептемегенде 70 беттен аспайды. Тұжырымдамаға кесте түрiнде мынадай қосымшалар қоса беріледі: Ж-1. ЖОО қызметiнiң негiзгi  көрсеткiштерi; Ж-2. ЖОО оқу және ғылыми  бөлiмшелерiнiң  құрылымы; Ж-3. ЖОО ректоратының  құрамы туралы мәлiмет; Ж-4.1-4.3. Оқыту нысандары бойынша студенттер контингентi туралы мәлiметтер; Ж-5. ЖОО ПОҚ-тың сандық және сапалық құрамы; Ж-6. ЖОО-ның мамандықтар (даярлау бағыты) бойынша қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi; Ж-7. Бiтiрушi курс студенттерiн тестiлеудiң нәтижелерi; Ж-7.1. Аттестаттаудың алдындағы жылы 2 (3) курс студенттерін аралық мемлекеттік бақылаудың нәтижелері; Ж-8. Бiлiм беру процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын үй-жайлар және ғимараттар туралы мәлiмет; Ж-9. Бiлiм беру процесiнiң арнайы мамандандырылған және зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етiлуi туралы мәлiметтер. Нотариалды бекiтiлген құрылтайшылық құжаттарының көшiрмесi, лицензия және лицензиялық карталар; бiлiм алушыларды тестiлеудiң нәтижелерi және Тұжырымдамада мәлiметi келтiрiлген басқа да материалдардың көшiрмелерi қоса берiледi.

 

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49 E-mail: mailbox@www.educontrol.kz