Kaz | Rus

Бастауыш
Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау
Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу
Ұлттық бірыңғай тестілеу
Білім беру ұйымдарын лицензиялау
Мемлекеттік аралық бақылау
Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау
Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау
Ресми құжаттарды апостильдеу бойынша қызмет көрсету стандарты
 
Жаңалықтар
Сұрақтар мен жауаптар
Байланысу
Статистика сайта
           
www.akorda.kz"
www.government.kz
www.e.gov.kz


Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау  Бағдарлама және ұдiстемелiк ұсынымдар 
Бағдарлама және ұдiстемелiк ұсынымдар

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы «17» қыркүйектегі N3624 бұйрығымен бекітілді.                                                                              

       Кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда лицензия талаптарын сақтауды тексеру және мемлекеттiк аттестаттау өткізуді ұйымдастыру жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар.                                                           

Файлды аударып алу (412Kb)                                                                                      

Кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда лицензия талаптарын сақтауды тексеру және мемлекеттiк аттестаттау өткізуді ұйымдастыру жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар
  • 1.    Жалпы ережелер

1. Осы Кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда лицензия талаптарын сақтауды тексеру және мемлекеттiк аттестаттау өткізуді ұйымдастыру жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар (бұдан әрi - Бағдарлама және ұсынымдар), «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңына (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N1305 қаулысымен бекiтiлген «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау туралы ережесiне» (бұдан әрi - Аттестаттау туралы ереже), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысымен бекiтiлген «Бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережелерiне» (бұдан әрi - Лицензиялау туралы ереже), Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2003 жылғы 13 ақпандағы N79 бұйрығымен бекiтiлген «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзу туралы нұсқаулығына» (бұдан әрi - Нұсқаулық) және Қазақстан Республикасының бiлiм саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актілерге  сәйкес әзiрленген. 2. Бағдарлама мен ұсынымдар меншiк түрiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды (бұдан әрi - Бiлiм беру ұйымдары) мемлекеттiк аттестаттаудан (бұдан әрi - Аттестаттау) өткiзу және Лицензиялау ережелерi белгiлеген бiлiктiлiк және Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды тексеру кезiнде, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау кезінде қажеттi құжаттар тiзбесiн анықтауға бiрыңғай әдiстемелiк тұрғыдан қамтамасыз етуге арналған. 3. Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензия талаптарын сақтауды тексеру және аттестаттау мемлекеттiк лицензияға сәйкес бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығы бар барлық кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi барлық мамандықтарының кесiмiнде жүзеге асырылады. 4. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және қызмет етiп жатқан халықаралық және шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен олардың филиалдарын аттестаттау, егер Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарда басқаша белгiленбесе, Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарына қойылатын тәртiп және шарттар көлемiнде өткізіледі. 5. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау және лицензия талаптарын сақтауды тексеру кезiнде: 1) өзiнiң мәртебесiне сәйкес (үлгiсi және түрi) бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының сақталуы; 2) бiлiм беру ұйымдарының тиiстi деңгейдегi мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарын орындауы; 3) бiлiм беру ұйымдарының өз қызметiнде бiлiм беру саласындағы заңнамасының талаптарын орындауы анықталады.

  • 2.    Дайындық жұмыстары

6. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттаудың алдында Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы (бұдан әрi - Министрлiк) жүргiзетiн дайындық жұмыстары атқарылады. Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау аттестаттауды өткiзудің кестесiне (бұдан әрi - Кесте) сәйкес жүргiзiледi. Келесi оқу жылына арналған кестенi Министрлiк бекiтедi және бiлiм беру ұйымдарына аттестаттау өткiзуден үш ай бұрын кешiктiрмей хабарланады. Бекітілген кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда бiлiм беру ұйымдары осы тармақтың екiншi абзацында белгiленген мерзiм iшiнде хабардар болуы тиiс. 7. Дайындық жұмыстары мынадай сатылардан тұрады: 1) келесi оқу жылына арналған кестеге енгiзу мақсатында бiлiм беру ұйымдарының өтінімдерін қарастыру; 2) кестеге енгізілген бiлiм беру ұйымдарының өзiн-өзi аттестаттау қорытындысы бойынша есебiн зерделеу (бұдан әрi - Есеп) және сол бойынша қорытынды дайындау. Бiлiм беру ұйымының Есебiнде күмәнді және толық емес мәлiметтер ұсынылып ол Министрлiктегі ақпараттар не алдындағы тексерістің қорытындысы туралы анықтамалармен расталса онда Министрлік терiс қорытынды береді, Есеп кемшiлiктердi жою үшiн бiлiм беру ұйымдарына қайтарылады. Аттестаттау мерзiмi кейiнге шегерiледi немесе бiлiм беру ұйымы ағымдағы оқу жылына арналған Кестеден алынып тасталады; 3) Аттестаттау комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) құрамын құру бiлiм беру ұйымдары және қарамағына аттестатталатын бiлiм беру ұйымдары енетiн мен мемлекеттiк органдардың және бiлiм беру ұйымдарының ресми ұсынысы бойынша құрылған «Сарапшылар  жөнiндегi деректер банкiсiндегi» кандидатуралардан, сондай-ақ ЖОО ұсыныстары арқылы өткізіледі. Комиссия құрамына мiндеттi түрде Министрлiктiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттары ұлттық орталығының (бұдан әрi -БТМСҰО) өкiлi енгiзiледi. Комиссияның құрамына кандидатураларды іріктеу бiлiм беру ұйымдарының бейiнi, даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша жүзеге асырылады. Комиссияның төрағасы болып Министрлiктiң өкiлi тағайындалады.

  • 3.    Аттестаттауды өткiзу

Комиссия өз қызметiнде бiлiм беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы  нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады (осы Бағдарламаның 1﷓қосымшасы). Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау мынадай тәртiпте жүзеге асырылады: Комиссия  төрағасы: 1) сарапшыларды бiлiм беру ұйымдарының өзiн-өзi аттестаттау туралы материалдарымен және олар жөнiндегi Министрлiктiң қорытындысымен таныстырады; 2) сарапшылардың арасында бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң бағыттарын кешендi тексеру жөнiндегi нақты тапсырмаларды бөледi; 3) сарапшыларды осы Бағдарламамен және ұсынымдармен, бiлiм саласындағы қажеттi нормативтiк құқықтық актiлермен, басқа да құжаттармен қамтамасыз етедi; 4) бiлiм беру ұйымдарымен кешендi тестiлеудiң рәсiмдерiн келiседi; 5) Комиссияның жұмысын жалпы жоспарлауды және басшылық жасауды жүзеге асырады; 6) мемлекеттік аттестаттау өткізу жөніндегі бiлiм беру ұйымдарының ғылыми кеңесiнiң кеңейтiлген отырысында аттестаттау комиссиясы жұмысының жоспар-кестесiн және мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындыларын ұжымға жеткiзедi; 10. Комиссия мүшелерi: 1) мемлекеттiк  аттестаттауды өткiзу мәселелерi жөнiндегi бiлiм беру ұйымдары Ғылыми кеңесiнiң кеңейтілген отырысының жұмысына қатысады; 2) бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық, әлеуметтiк базаларының (оқу ғимараттарын, зертханаларын, аудиторияларын, сыныптарын, спорттық құрылыстарын, полигондарын және т.б.), әлеуметтiк қамтамасыз ету объектiлерiнің (медициналық пункт, асхана, жатақхана), кiтапханаларының, медиатекалардың, компьютерлiк сыныптардың кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiктiлiк қойылатын талаптарға және қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестiгiн қарауды және тексерудi жүзеге асырады; 3) бөлiнген тапсырмаға сәйкес бiлiм беру ұйымдары қызметінің бағыттары бойынша тексеру мен талдау  жүргiзедi; 4) лекцияларға және  практикалық сабақтарға қатысуды студенттермен және профессор-оқытушылар құрамымен әңгiме өткiзудi жүзеге асырады; 5) бiтiрушi курстағы бiлiм алушыларды тестiлеуден өткiзедi және тестiлеудің жүргiзiлуiне  бақылау жасайды; 6) бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары, оқытушылар мен қызметкерлері арасныда ішінара сауалнама жүргiзедi; 7) тестiлеудiң нәтижелерiн талдауды, бiлiм алушылар мен оқытушыларға арналған сауалнаманы пысықтауды және сауалнаманың нәтижелерiн талдауды жүзеге асырады.

  • 4.    Кешендi  тестiлеудi ұйымдастыру және өткiзу

11. Кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау кезiнде Комиссия күндiзгi, қажет болған жағдайда кешкi, қашықтықтан, сырттай оқыту нысандарының (егер сырттай, қашықтықтан немесе кешкi нысанда бiлiм алушылар саны, әрбiр оқыту нысаны бойынша жалпы контингент құрамынан 50%-дан көп болғанда, не аттестатталатын мамандық бойынша күндiзгi оқыту нысаны бойынша бiтiрушi курс жоқ болса) бiлiм алушы бітіруші курс студенттерін кешенді тестілеуден (бұдан әрi - Тестiлеу) өткiзедi. 12. Аттестатталатын бiлiм беру ұйымдарын тестiлеуден өткiзу үшiн: 1) аттестаттау басталғанға дейiн 2 ай мерзiмнен кешiктiрмей БТМСҰО-ға ағымдағы оқу  жылындағы  мамандықтар кесiмiнде, тiлдер бөлімдері және оқыту нысандары бойынша студенттер контингентi туралы нақты мәлiметтер ұсынады; 2) аудиторлық қорын даярлауды және әр аудиториядағы отыратын орындарды  нөмiрлеудi өткізеді; 3) Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық, оның iшiнде арнайы оптикалық маркерлiк сканермен қамтамасыз етудi жүзеге асырады. 13. Министрлiк: 1) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау кезiнде тестiлеу жүргiзудiң технологиясын; 2) тестiлеу өткiзудiң бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн; 3) тест тапсырмалары мен сұрақ кiтапшаларын; 4) арнайы жауап парақтарын; 5) тестiлеу рәсiмдерiне қатысушыларға арналған нұсқаулық материалдарын; 6) аттестаттау барысындағы тестiлеу өткiзу кезiнде аудиториялардағы кезекшiлерге арналған нұсқаулықты; 7) емтихан ведомстарын бекiтедi. 14. Тестiлеу: 1) бiлiм беру ұйымдарының және студенттердiң еркiн кiруiне мүмкiндiк беру мақсатында мiндеттi түрде Министрлiк пен БТМСҰО-ның бiлiм сайттарында орналастырылған, тест тапсырмаларының ашық және жабық үлгiдегi күрделiлiгi 3 сатылы (күрделі емес, орташа күрделі және күрделі) бiрыңғай деректер базасы; 2) емтихан кезiнде әр студентке берiлетiн, күрделілігі 3 дәрежелi (40% - күрделі емес, 40% - орташа күрделi, 20% - күрделі) тест жинағы болып келетiн сұрақ кiтапшалар; 3) студент туралы деректер және жауаптарын ұсынуға арналған, кiру және шығу құжаты болып табылатын, арнайы маркерлiк сканердiң көмегiмен есептеуге ыңғайластырылған жауап парақтарының негiзiнде өткiзiледi. 15. Күрделілігі 3-дәрежелi ашық және жабық үлгiдегi тест тапсырмаларын БТМСҰО жыл сайын жаңартып отырады және олар арнайы сертификатталғаннан кейiн Министрлiк бекiтедi. Тестiлеу материалының сапасы үшiн жауапкершiлiк БТМСҰО-ның бiрiншi басшысына жүктеледі. 16. Тестiлеу өткiзу кезiнде кәсiптiк жалпы және арнайы пәндер циклдарынан туындайтын, стандартталған тест тiзбесiн Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк жоғары бiлiм беру мамандықтары және даярлау бағыттары МК ҚР 08-2001 жiктеуiшi бойынша мамандықтардың оқу-әдiстемелiк бiрлестiктерi (ОӘБ) анықтайды. 17. Тестілеу өткiзуге арналған пәндердiң саны 3-тен 4-ке дейiн; тест тапсырмаларының жалпы  саны  75-тен 120-ға дейiн; пәннiң бейiнiне байланысты бiр тестік тапсырманы тестiлеуге 1 - 1,5  минут есебiмен уақыт бөлінедi. 18. Ведомствоға қарасты әлеуетті және басқа да құрылымдық жоғары оқу орындарын аттестаттау кезiнде бiлiм, білік және дағды сапасын бақылаудың жалпы саны 4 пәннен, тестiлеу өткiзуге арналған пәндердің саны 2 пәннен кем болмайды. Ведомствоға қарасты әлеуетті және басқа құрылымдық жоғары оқу орындарының ерекшелiгiне негiзделген пәндер бойынша бiлiм, білік пен дағды сапасын бағалау және бақылау өткiзу мақсатында берiлген пәндер бойынша емтихан бағдаламалары, қойылатын талаптар мен бағалау өлшемдері тиiстi ОӘБ-де әзiрленедi және Министрлiкке ұсынылады. 19. Тестiлеудiң нәтижелерi мамандық бойынша ведомость және «Бiтiрушi курс студенттерiн тестiлеудiң нәтижелерi» жиынтық құжаты түрiнде берiледi. 20. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауға 10 күн қалғанға дейiн БТМСҰО Министрлiкке мамандықтар және мамандар даярлаудың әр курсы бойынша тест тапсырмаларынын 8-10 нұсқасын ұсынады. 21. Комиссия төрағасы аттестатталатын бiлiм беру ұйымының басшысымен бiрлесе отырып, аттестаттау басталғанға дейін 5 күн қалғанда бiлiм алушыларды  тестiлеу кестесiн  келiседi. 22. Студенттердi тестiлеудi тiкелей комиссия мүшелерi жүзеге асырады. Төраға және комиссия мүшелерi аудиториялардағы тәртiптi қамтамасыз етедi. 23. Комиссия төрағасы тестiлеу күнi: 1) аттестатталатын бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерi арасынан аудиториялар бойынша бөлiнген кезекшiлердiң тiзiмiн және Комиссия мүшелерiн аудиторияларға бекiтедi. Тестiлеу материалдарына кiргiзiлген пәндер бойынша сабақ беретiн оқытушыларды кезекшi етiп тағайындауға болмайды; 2) тестiлеу рәсімдерiн бақылайды; 3) тәртiп бұзушылық анықталған кезде жедел шешiм қабылдайды. 24. Студенттер тiзiмiне сәйкес тестiлеуге қатысқандар мен келмегендердiң нақты саны анықталады. Тестiлеу студенттердiң жалпы санының 95%-ы қатысқан кезде ғана жүргiзiледi; керiсiнше жағдайда тестiлеу аттестаттаудың келесi күніне қалдырылады. Тестілеуге студенттердiң жалпы санының 5%-нан көбi себепсiз қайта келмесе, келмеген студенттерге емтихан ведомосіне «0» балл қойылады. 25. Тестiлеуге келген студенттерде өздерiмен бiрге студенттiк билеттерi немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттары болуы керек. 26. Тест материалдарының пакетi Комиссия төрағасының қатысуымен тест өтетiн күнi ашылады. Тест тапсырмалары бар пакеттi ашу кезінде бiлiм беру ұйымдары өкiлiнiң қатысуға құқығы бар. Әр студент тест материалдарының толық жинағын (жауап парағы және сұрақ кiтапшасы) алады. 27. Кешендi тестiлеу кезiнде тест материалдарының дұрыстығы мен сапасы жөнiнде студенттерден сұрақ кiтапшасының бiрiншi бетiнде мiндеттi түрде көрсетiлген шағым түссе, кейбiр тест материалдарына ішінара сараптама жүргiзу мақсатында Комиссия БТМСҰО-дан оның уәкiлi арқылы хаттамалап, сұрақ кітапшасын және дұрыс жауаптар кодын сұратады. Комиссияның 1-2 мүшесi және аттестатталатын жоғары оқу орнының тиiстi маманы жеке алынған пән бойынша тексеру жөнiндегi сарапшылар комиссиясының құрамына енедi. Тест материалдарын сараптаудың нәтижелерi бойынша комиссия мүшелерi және төрағаның қолдары қойылып бекiтiлген акт жасалады. Егер талдаудың нәтижелерi бойынша мамандықтар пәндері бойынша тест материалдарының 20%-ы дұрыс құралмаса немесе жауап нұсқаларының мазмұны қате болса, белгiленген талаптарға  сәйкес болмаса, тестiлеу материалдары акті бойынша пысықтауға және дербес сараптау үшiн уәкiлеттi органға қайтарылады. Тест материалдарының белгiленген талаптарға сәйкес болмауы расталған жағдайда тестiлеудiң нәтижелерiн Комиссия жарамсыз деп таниды. Комиссия бiлiм беру ұйымдарын аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырымында, тест материалдарын белгiленген тәртiпке сәйкес келтiргеннен кейiн, аттестатталатын бiлiм беру ұйымдарында, БТМСҰО-ның есебінен мамандықтарды бiтiрушi курс студенттерiнен қайталап тестілеу өткiзу жөнiнде шешiм қабылдау туралы тиiстi хаттаманың қосымшаларымен бірге Министрлікке ұсынымдар жасайды. Мамандықтарды бiтiрушi курс студенттерiне қайталап тестілеу өткiзу және тест материалдарын белгiленген талаптарға сәйкес келтiргені туралы Министрлiк шешiм қабылданғаннан кейiн, Министрліктің қайталап тест өткiзу жөнiнде комиссия құру туралы бұйрығы шығарылады. Комиссияға кемiнде 3 адам енгiзiледi, мiндеттi түрде Министрлiктiң және БТМСҰО-ның өкiлдерi енуi тиiс. 28. Кезекшiлер жауап парағының болуын және оны толтырудың дұрыстығын тексерiп, тестілеу аяқталғаннан кейiн тест материалдарын қабылдайды. Материалдар Комиссия мүшелерiнiң қатысуымен қабылданады. Студент жауап парағын тапсыруға мiндеттi. Пайдаланылған сұрақ кiтапшалары пысықтау мен талдаудан кейiн бiлiм сапасын басқару жөнiндегi келесі жоғары оқу орны iшiлiк жұмыстары үшiн бiлiм беру ұйымының басшысына берiледi. 29. Жауап парақтарын есептеу маркерлiк сканердiң көмегiмен атқарылады. Жауап парақтарын сәйкестендiру автоматты түрде жүргiзiледi. Сканерлеу процесі аяқталғаннан кейiн, арнайы кешендi бағдарламамен бiлiм алушының тестiлеу нәтижелерiн өңдеу рәсiмi жүзеге асырылады. Тест нәтижелерiн сканерлеу және өңдеу кезiнде БТМСҰО-дан келген комиссия мүшесiнен басқа, мiндеттi түрде Комиссияның төрағасы (немесе  төрағаның орынбасары) және аттестатталушы  бiлiм беру ұйымының өкiлi қатысуы тиiс. 30. Мамандықтар бойынша бiтiрушi курс студенттерiн тестiлеу нәтижелерiнiң ведомстары және «Бiтiрушi курс студенттерiн тестiлеудiң нәтижелерi» біріктірілген құжаттары (бұдан әрi - Тестiлеудiң нәтижелерi) 3 данада (бiрiншiсi - Комиссия үшiн, екiншiсi - БТМСҰО, үшiншiсi - аттестатталатын жоғары оқу орны үшiн) берiледi. Тестiлеудiң нәтижелерi туралы ведомстардың бiр данасы Министрлiкке берiледi. Бiтiрушi курс студенттерiн тестiлеудiң қорытынды ведомстарында әр мамандық бойынша, оқыту тiлiне және нысанына қарамастан оң бағалардың жалпы пайызы көрсетiлуi керек. Барлық ведомостарға Комиссияның төрағасы мен БТМСҰО-дан келген комиссия мүшесi қол қояды. 31. Тестiлеудiң және бiлiмдi бақылаудың басқа да нысандарының нәтижелерi емтихан ведомстары түрiнде бiлiм беру ұйымдарының басшысына берiледi. 32. Кейін бiлiм беру сапасын мониторингiлеу және Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының рейтингiсiн, даярлау бағыттары мен мамандықтарды анықтау үшiн студенттердi тестiлеудiң нәтижелерi туралы ақпарат Министрлiктiң локалдық есептеу жүйесiнiң деректер базасына енгiзiледi. 33. Аттестатталатын жоғары оқу орнының студенттерiне БТМСҰО қызметкерлерiнің қатысуымен алдын ала сынақ түрiндегi тестiлеу өткiзуге рұқсат етiлмейдi. 34. «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырымдаманы» (бұдан әрi - Тұжырымдама) мемлекеттiк аттестаттау және мамандықтар бойынша бiлiм беру қызметiнiң лицензиядағы талаптарын сақтауды тексеру нәтижелерi туралы анықтамалардың негiзiнде Комиссияның төрағасы 2 дана етiп әзiрлейдi. Жоғары оқу орынын аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырымдаманың бiр данасы мiндеттi түрде Министрлiкке берiледi. Анықтамаларды жауапты  комиссия  мүшелерi дайындайды және қол қояды, оған осы Бағдарламада қарастырылған барлық бөлiмдерді енгiзеді. 35. Тұжырымдамаға Комиссия төрағасы және барлық комиссия мүшелерi қолдарын қояды және танысып қол қою үшiн ол бiлiм беру ұйымының бiрiншi басшысына ұсынылады. Тұжырымдаманың бiр данасы бiлiм беру ұйымының бірінші басшысына берiледi. 36. Тұжырымдаманың негізгі мәтiнiнiң көлемi, әдетте, қосымшаларды есептемегенде 70 беттен аспайды. Тұжырымдамаға кесте түрiнде мынадай қосымшалар қоса беріледі: Ж-1. ЖОО қызметiнiң негiзгi  көрсеткiштерi; Ж-2. ЖОО оқу және ғылыми  бөлiмшелерiнiң  құрылымы; Ж-3. ЖОО ректоратының  құрамы туралы мәлiмет; Ж-4.1-4.3. Оқыту нысандары бойынша студенттер контингентi туралы мәлiметтер; Ж-5. ЖОО ПОҚ-тың сандық және сапалық құрамы; Ж-6. ЖОО-ның мамандықтар (даярлау бағыты) бойынша қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi; Ж-7. Бiтiрушi курс студенттерiн тестiлеудiң нәтижелерi; Ж-7.1. Аттестаттаудың алдындағы жылы 2 (3) курс студенттерін аралық мемлекеттік бақылаудың нәтижелері; Ж-8. Бiлiм беру процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын үй-жайлар және ғимараттар туралы мәлiмет; Ж-9. Бiлiм беру процесiнiң арнайы мамандандырылған және зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етiлуi туралы мәлiметтер. Нотариалды бекiтiлген құрылтайшылық құжаттарының көшiрмесi, лицензия және лицензиялық карталар; бiлiм алушыларды тестiлеудiң нәтижелерi және Тұжырымдамада мәлiметi келтiрiлген басқа да материалдардың көшiрмелерi қоса берiледi.

  • 5.    «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырымдаманың» құрылымы мен мазмұны

5.1    Бiлiм беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы

Бөлiмде «Лицензиялау туралы ереженiң» 23-тармағында белгiленген және бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiндегi қойылатын бiлiктiлiк талаптарына білім беру ұйымдарының сәйкестiгi туралы нақты мәлiметтер берiледi: 1) кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудi жүзеге асыратын бағдарламалардың саны жөнiнде; 2) қолданбалы және iргелi ғылыми зерттеу жүргiзу жөнiнде; 3) оқыту тiлдерi және нысандары, мамандықтардың кесiмiндегі студенттер контингентi жөнiнде; 4) жалпы санына шаққандағы штаттағы оқытушылардың үлесi, оның ішінде әрбір даярлау бейіні бойынша; 5) штаттағы оқытушылардың санына шаққандағы ғылыми атағы және ғылыми дәрежесi бар оқытушылардың үлесi жөнiнде, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша; 6) толық оқыту циклiне келтiрiлген студенттер контингентіне қатысты оқу, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттер қорының болуы жөнiнде; 7) электрондық және магниттiк тасымалдағыштардағы оқу-әдiстемелiк әдебиеттермен қамтамасыз етiлуi жөнiнде; 8) оқыту құны және бiлiм алушылар мен студенттер контингентiнен анықталатын бiлiм алу үшiн жағдайды қамтамасыз ететiн шаруашылықты жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы жекеменшiк материалдық-қаржылық активтерiнiң болуы; 9) бiр жыл оқуға арналған ең аз жоспарлы шығыс жөнiнде; 10) күндiзгi оқу нысанындағы бiр студентке тиесiлi қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелерге және мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарында қарастырылған, оқу жоспарларын және бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету мүмкiндiгiне сәйкес, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы жекеменшiк жалпы алаң, мамандандырылған зертханалар, кабинеттер мен шеберханалар жөнiнде; 11) бiлiм беру ұйымдарының практика базасы болып анықталған ұйымдармен шарттарының болуы жөнiнде (клиникалық база, шығармашылық студиялар, мамандандырылған спорт залдары мен алаңдары және т.б.); 12) бiлiм алушыларды тамақтандыру және оларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы. Бiлiм беру ұйымдарының аталған Ережеде белгiленген бiлiктiлiк талаптарын  сақтауы (сақтамауы) туралы алдын ала қорытынды жасалады. Тұжырымдама Қосымшасының Ж-1, Ж-3 кестелерiнде келтiрiлген көрсеткiштердiң тiзбесiне сәйкес бiлiм беру ұйымының  қызметiне сипаттама берiледi. Бөлiмге бiлiм беру ұйымдарының тарихы және құрылу уақыты туралы; лицензияға (қосымшаның көшiрмесiмен) сәйкес мамандықтар және даярлау бағыттарын жүзеге асыру, оның iшiнде қазақ тiлiнде оқитындар туралы; кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау жөнiнде мамандандырылған кеңестердiң болуы (болмауы) туралы ақпараттар енгiзiледi. Құрылымдық бөлiмшелер туралы (филиалдардың, бiлiктiлiгiн арттыру институттары мен факультеттерiнің, лицейлердің, колледждердің, салалық, проблемалық зертханалардың болуы және т.б.); қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi жоспарлау туралы және ЖОО құрылымдарды басқарудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiрудегi ЖОО-ның қызметi жөнiнде мәлiметтер ұсынылады. Мемлекеттiк тiлде мамандар даярлау, Қазақстан Республикасындағы дене тәрбиесi және спорт, Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде ЖОО-да қабылданған шараларға талдау жүргiзiледi. Бiлiм беру ұйымдары Комиссияға тексеру үшiн мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiнде мынадай құжаттарды (бұдан әрi-Құжаттар) ұсынады: Құрылтайшылық құжаттары, бiлiм беру ұйымдарының iшкi тәртiбiн регламенттейтін құжаттар, басқару құжаттары, оның iшiнде: 1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу/қайта тiркеу туралы куәлiк (бiлiм беру ұйымдарының толық атауы, құрылған жылы, заңды мекен-жайы, электрондық адресi, телефоны, факсi); 2) статистикалық карта; 3) құрылтайшылық шарты, бiлiм беру ұйымдарының жарғысы; 4) бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берілген лицензия (лицензияның нөмiрi,  берiлген күні) және оның қосымшалары; 5) оқу процесi үшiн алып отырған үй-жайдың жекеменшiк құқығын немесе заңды тұлғаның жылжымайтын мүлiктi жедел/сенiмдi басқаруын, арендаға/жалға алуын растайтын құжаттары; ғимараттың техникалық паспорты және схема-жоспары; 6) бiлiм беру процесi үшiн үй-жайды пайдалануға берiлген мемлекеттiк өртке қарсы және санитарлық эпидемиологиялық қызметтердiң қорытындылары мен анықтамалары; 7) медициналық қызмет көрсету және тамақтандырумен қамтамасыз етудi растайтын құжаттар; 8) оқу, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттермен, оның iшiнде электрондық және магниттiк тасымалдағыштардағы оқу-әдiстемелiк әдебиеттермен, кiтапхана қорының қамтамасыз етiлуiн растайтын құжаттар; 9) бiлiм беру ұйымдарының құрылымы және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелер; 10) бiлiм беру ұйымдарын дамытудың келешекке арналған жоспарлары; 11) соңғы үш жылдағы сабақ кестелерi; 12) iстер номенклатурасы; 13) оқытушылар мен қызметкерлердiң штаттық кестесi мен лауазымдық нұсқаулықтары; 14) оқу процесiн ұйымдастыру жөнiндегi iшкi нормативтiк және басқару құжаттары, ережелер, регламенттер; 15) Ғылыми кеңестiң, ректораттың, оқу-әдiстемелiк бiрлестiктiң, ғылыми-әдiстемелiк кеңестiң, кураторлар кеңесiнiң, студенттер кеңесiнiң және басқа да құрылымдық бөлiмшелерінің жұмыс жоспарлары мен отырыстарының хаттамалары, басқа да жоспарлаушы құжаттамалары; 16) соңғы үш жылдағы оқыту нысандары бойынша мамандықтар кесiмiнде студенттер контингентi туралы (бюджет, грант, несие және ақылы негiзде, мемлекеттiк тiлде оқитын студенттердiң үлесi жөнiнде) мәлiметтер; 17) соңғы 3 жылдағы қабылдау жөнiндегi құжаттар, қабылдау комиссиясының есептерi және отырыстарының хаттамалары, талапкерлердiң бiлiмiн бақылаудың нысандары бойынша мәлiметтер, студенттердiң жеке iстерi, қабылдау туралы бұйрықтар, кәсiптiк бағдар беру жұмыстары туралы мәлiметтер; 18) қатаң есептегi құжаттарды беру және есепке алу туралы мәлiметтер (жоғары бiлiмі туралы дипломдардың бланктерiн беру және есепке алу кiтабы, академиялық анықтамалар бланктерiнің шығысы мен кiрiсiн есепке алу кiтабы); 19) соңғы 3 жылдағы статистикалық есептердiң нысандары (3-НК нысаны); 20) магистрлiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағыттары бойынша бiлiм алушылардың қызметiн ұйымдастыру туралы мәлiметтер (олар бар болса); 21) басқа да құжаттар.

5.2. Кадрлар әлеуетiн талдау

Бөлiмде соңғы 3 жылғы мынадай мәлiметтер келтiрiледi және талданады: 1) жалпы жоғары оқу орны бойынша және мамандықтардың оқу жоспарының жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылуы және жұмыс жағдайлары көрсетiлген жеке еңбек шарттары мен келiсiм-шарттар жасасқан профессорлық-оқытушылар (бұдан әрi - ПОҚ) құрамы қызметкерлерiнің саны; 2) толық және одан жоғары педагогикалық ставкада (650-700 сағат) жұмыс iстейтiн ПОҚ-тың саны; жалпы жоғары оқу орны бойынша мамандықтардың оқу жоспарының пәндер блогы бойынша 0,5-0,25 және одан төмен ставкада жұмыс iстейтiн ПОҚ; 3) құрметтi атағы, ғылыми дәрежесi мен атағы бар штаттағы ПОҚ-тың орташа жасы және пайыздық қатынастағы үлесi; 4) орындайтын оқу жүктемесінің көлемі көрсетілген ғылым кандидаттары мен докторларының саны; олардың ПОҚ-тың жалпы санына, штаттық ПОҚ-тың жалпы санына қатысты пайыздық үлесi; жалпы жоғары оқу орны бойынша және мамандықтардың оқу жоспарындағы жеке пәндердiң блогы бойынша шығармашылық жоғары оқу орындары үшiн құрметтi атағы бар ПОҚ-тың саны бойынша; 5) соңғы 3 жылғы докторлық және кандидаттық диссертация қорғаған және бiлiктiлiгiн арттырудан өткен ПОҚ-тың саны; 6) мемлекеттiк тiлде сабақ жүргiзетiн оқытушылардың саны; 7) базалық бiлiмдерi жоқ оқытушылардың саны; 8) лекциялық курстарда дәрiс оқуға жiберiлген ғылыми атағы және дәрежесi жоқ ПОҚ﷓тың болуы. Профессорлық-оқытушы кадрларды iрiктеу және орналастыру, оларды даярлау және қайта даярлау, әкiмшiлiк басқару қызметкерлерiн және құрылымдық бөлiмшелердiң басшыларын, қосалқы қызметкерлердi iрiктеу және орналастыру жүйесiнiң ұтымдылығына және тиiмдiлiгiне талдау жасалады. Соңғы үш жылда жұмыстан кеткендердiң саны және себебi, алған қызметтiк марапаттаулары мен ескертпелерi, моральдық және материалдық ынталандыру iс-шаралары, кадрлардың тұрақтамауы мен ауыстырылуы жөнiндегі мәлiметтердi талдау. Ұйымдастыру, бақылау және орындауды тексеруді жетілдіру, еңбек және орындаушылық тәртіпті, салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қолдау жөнінде жоғары оқу орнының қызметiне сипаттама берiледi. Талдаудың негiзiнде ПОҚ-тың сандық және сапалық параметрлерiнiң лицензиялау ережелерi белгілеген бiлiктiлiк және жалпы бiлiм беру процесiнiң талаптарына сәйкестiгi туралы кесiмдi қорытынды шығарылады. Комиссия мынадай материалдарды: 1) штаттық кестені; 2) ғылыми дәрежесi және ғылыми (құрметтi) атағы, мамандандырылуы, жасы, стажы, өткiзетiн пәнi, орындайтын жүктемесi көрсетiлген ПОҚ-тың тiзiмi (жалпы бiлiм беру ұйымы бойынша, құрылымдық бөлiмшелер, факультеттер, кафедралар бойынша); 3) оқытушылардың және қосалқы қызметкерлердiң жеке iстерi (кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парағы, жеке параққа қосымша, арызы, жеке еңбек шарты (келiсiм-шарты), бiлiмi туралы, ғылыми дәрежесi және/немесе ғылыми (құрметтi) атағын беру туралы дипломның расталған көшiрмелерi, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмесi, бос орынға орналасу үшiн конкурс бойынша өткендiгi туралы ғылыми кеңес отырыстарының хаттамасынан көшiрме, өмiрбаяны, аттестаттау парағы, бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан (тағылымдамадан, семинардан) өткендiгi туралы сертификаттың (куәлiктiң) көшiрмесi, еңбек кiтапшасы немесе нотариалды бекiтiлген еңбек кiтапшасының көшiрмесi, қажет болған жағдайда басқа да құжаттардың көшiрмелерi, құжаттардың тiзбесi); 4) ағымдағы қызметi, ПОҚ, жеке құрам бойынша бұйрықтар; 5) ғылыми кеңес және ректорат мәжiлiстерiнiң жұмыс жоспарлары мен хаттамалары; 6) тарификациялық ведомстары (ПОҚ-тың педагогикалық жүктемесiнiң орындалуын анықтау мақсатында, еңбек табысы ведомостарымен оқытушылардың жеке жоспарлары, сабақ кестелерi, педагогикалық жүктемелер сағаттарының кафедралық есептеуi, оқу жүктемесiн орындау журналдары салыстырып қарастырады).

5.3. Әкiмшiлiк басқару қызметкерлерiнiң жұмысы

(бұдан әрi - ӘБҚ)
Бөлiмде мынадай мәлiметтер келтiрiледi:
1) ӘБҚ-тың жалпы санының штаттық кестеге сәйкестiгi;
2) соңғы 3 жылда кандидаттық және докторлық диссертация қорғаған, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы бар ӘБҚ қызметкерлерiнiң саны;
3) өндiрiстiк стажы, бiлiм беру саласындағы және басшылық жұмыстағы стажы; орташа жасы;
4) базалық бiлiмiнiң болуы (кәсіптік жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім);
5) ӘБҚ даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
6) қызметтiк мiндеттерiн орындауы туралы ӘБҚ-тың есеп беру нысандары және жиiлiгi.
Соңғы 3 жылдағы алған қызметтiк марапаттау және ескертпелерi бойынша, ӘБҚ ауыстырылуы бойынша, ӘБҚ қызметкерлерiнiң саны және жұмыстан кетуiнiң себептерi жөніндегі мәлiметтердi талдау.
Мамандарды даярлаудың сапасын басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ӘБҚ қызметiне сипаттама берiледi. ӘБҚ бойынша мәлiметтердi талдаудың негiзiнде ӘБҚ қызметкерлері арасындағы қызметтiк мiндеттердi бөлудiң тиiмдiлiгi мен ұтымдылығы туралы қорытынды жасалады.
Комиссияға зерделеу үшін соңғы 3 жылдағы мынадай материалдар ұсынылады:
1) штаттық кесте;
2) ӘБҚ-нің жеке iсi;
3) ӘБҚ қызметкерлерін тағайындау және ауыстыру туралы бұйрықтар;
4) ӘБҚ қызметкелерінің лауазымдық нұсқаулықтары;
5) бiлiм беру ұйымдарының барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмыс жоспарлары және есептерi;
6) ғылыми кеңестiң және ректорат отырыстарының хаттамалары;
7) ӘБҚ-ны даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөніндегі есептер мен жоспарлар;
8) ӘБҚ-тың қосалқы кадрлармен жұмысы туралы мәлiметтер.

5.4. Қаржы-экономикалық тұрақтылығы

Бөлiмде соңғы 3 жылғы мынадай көрсеткiштер келтiрiледi:
1) бiлiм беру ұйымдарының қаржылық жағдайы, пайдалылығы, қаржылық тұрақтылығы;
2) соңғы 3 жылғы өзгеру динамикасы көрсетілген орташа еңбек ақының көлемi;
3) мамандандырылған зертханалар мен кабинеттердi жабдықтау үшiн кiтап қорын толықтыруға арналған, компьютерлiк техниканы, техникалық оқу құралдарын (ТОҚ), оқу жабдықтары мен мүккәмалдарды, жиһаздар, көрнекi құралдар, басқа да  жабдықтарды сатып алуға бөлiнген қаражаттың жыл сайынғы көлемi;
4) ПОҚ-ты және студенттердi материалдық ынталандыру үшiн бөлiнген қаражаттың көлемi, сыйлықақы қорын құру және толықтыру;
5) ЖОО грантын құру және әлеуметтiк қолдауды қажет ететiн оқытушылар, қызметкерлер және студенттер үшiн бөлiнген қаражаттың көлемi;
6) ПОҚ-тың бiлiктiлiгiн арттыру, ПОҚ-тың және студенттердiң тағылымдамасын, шетелдiк iссапарларды ұйымдастыру үшiн бөлiнген қаражаттың көлемi;
7) ПОҚ пен қызметкерлердi сауықтыру және бос уақыттарын ұйымдастыру үшiн бөлiнген қаражаттың көлемi;
8) мамандықтар бойынша студенттердiң, магистранттардың және аспиранттардың оқуының құны;
9) бiр маманды даярлауға кететiн шығыстар.

5.5. Оқу - әдiстемелiк жұмыс

Бөлiмде үш жылға талдау жүргiзiледi, ұсыныстар мен қорытындылар жасалады:
1) оқу-әдiстемелiк құжаттамалардың болуы: мамандықтар бойынша мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттары, мамандықтардың типтiк және жұмыстық оқу жоспарлары, пәндердiң типтiк және жұмыстық оқу бағдарламалары;
2) мамандықтардың типтiк және жұмыстық оқу жоспарларының, типтiк және жұмыстық оқу бағдарламалары мазмұнының, оқу-тәрбие процесiн әдiстемелiк қамтамасыз етудiң, студенттердiң оқу жүктемесiнiң ең жоғарғы көлемiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарына және мамандар даярлаудың қазiргi талаптарына сәйкестiгi;
3) ПОҚ-тың оқу жүктемесiнiң жоспарлануы, сабақ кестесiнiң жасалуы және оның талаптарға сәйкестiгi, кестенiң тұрақтылығы және оның орындалуы;
4) жұмыстық оқу бағдарламаларының, студенттердiң оқу нысандары бойынша әдiстемелiк әзiрлемелер мен ұсынымдардың әзiрлену сапасы;
5) ЖОО мамандарды даярлау сапасына аралық мемлекеттiк бақылау барысында көрсетiлген студенттер бiлiмiнiң деңгейi мен сапасы;
6) әдiстемелiк  семинарлар, бюро,  секцияларды ұйымдастыру;
7) жоспарлаудың деңгейi, сапасы мен уақтылығы және оқу жүктемелерінің орындалуы, оқу сабақтарын өткiзу; оқу жүктемесiнiң бөлiнуi және орындалған жұмыстардың оқытушы бiлiктiлiгiне сәйкестiгi;
8) оқытудың қазiргi педагогикалық технологиялары мен жаңа әдiстерiн, студенттердiң танымдық қызметiн жандандыру құралдарын енгiзу;
9) студенттердiң өзiндiк жұмыстарының сапасы мен ұйымдастырылуы және студенттердiң жеке дайындықтарының күшейтiлуi;
10) оқу процесiн және оқу-әдiстемелiк жұмыстарды мемлекеттiк тiлде және басқа да ұлттар тiлiнде ұйымдастыру;
11) бiлiм беру ұйымдары оқытушыларының соңғы 3 жылдағы баспадан шығарған оқулықтарының, оқу-әдiстемелiк құралдары мен әзiрлемелерiнiң саны, оның iшiнде мемлекеттiк тiлде;
12) бiлiм алушылардың бiлiмдерiн аралық, ағымдық және қорытынды бақылауды ұйымдастырудың сапасы; бақылаудың тестiк нысаны;
13) студенттер үлгірiмiнiң курстық, оқыту нысандары мен тiлдерi бойынша сессия нәтижелерi;
14) 2 (3) курс студенттерін аралық мемлекеттік бақылаудың нәтижелері;
15) диплом жұмыстарының (жобаларының) орындалу сапасы, олардың тақырыптарының маңыздылығы; диплом жұмыстарын (жобаларын) қорғаудың және мемлекеттiк емтихандарды тапсырудың қорытындылары; диплом жұмыстарына (жобаларына) берiлген пiкiрлердiң және рецензиялардың сапасын талдау;
16) Мемлекеттiк аттестаттау комиссиялары (бұдан әрi - МАК) жұмысының және МАК төрағалары есептерiнiң сапасы;
17) оқу-өндiрiстiк және диплом алдындағы практикаларды өткiзу және ұйымдастыру деңгейi мен сапасы, олардың мамандар даярлаудың мақсаты мен мiндеттерiне сәйкестiгi; практика базасы ретiнде анықталған базалармен шарттарының болуы; студенттер есептерiнiң практика бағдарламаларына сәйкестiгi;
18) өндiрiстен қол үзбей мамандар даярлау жөнiндегi оқу және оқу-әдiстемелiк жұмыстардың жай-күйi мен ұйымдастырылуы, оның iшiнде қысқартылған оқыту нысаны бойынша;
19) мамандықтар бойынша бiтiрушiлердi талап ету деңгейi.
Бөлiмде сарапшылардың қатысқан дәрiс пен практикалық сабақтарының талдауы келтiрiледi.
Комиссияға мынадай материалдар ұсынылады:
1) мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттары, ағымдағы оқу жылына ғылыми кеңес бекiткен типтiк және жұмыстық оқу жоспарлары, типтiк және жұмыс оқу бағдарламалары;
2) оқу процесiнiң кестесi мен сабақ кестесi (оқыту нысандары бойынша);
3) оқытушылар басып шығарған әдiстемелiк ұсынымдар, әзiрлемелер, оқу-әдістемелік және оқу құралдары, оның iшiнде мемлекеттiк тiлде; әдiстемелiк секциялардың жоспарлары, оны жүзеге асырудың нысандары;
4) барлық құрылымдық бөлiмшелердiң жұмыс жоспарлары, жылдық есептерi, отырыстарының хаттамалары, сағаттардың кафедралдық есебi, оқытушылардың жеке жоспарлары, күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлары; оқу сабақтарының журналы, теориялық және өндiрiстiк оқытуға бөлiнген сағаттарды есепке алу журналы, зертханалық сабақтардың журналы, ПОҚ-тың сабақтарын алмастыру журналдары, өзара сабаққа қатысу және кафедра iшiлiк бақылау журналдары, қосымша сабақтар мен консультациялар журналдары;
5) студенттердiң бiлiмiн рейтингiлiк (болмаса басқа нысандары) бағалау журналы, Қазақстан Республикасының ЖОО-дағы мамандарды даярлау сапасына аралық мемлекеттiк бақылау қорытындылары туралы актiлердiң көшiрмелерi, сынақ, емтихан, емтихан сессиясының жинақ ведомстары, емтихан ведомстарын/жолдамаларын тiркеу журналы, емтихан билеттерi/тестiлерi; бақылау нәтижелерi бойынша факультеттердiң, кафедралардың есептерi;
6) практикалардың бағдарламалары, мамандықтарға сәйкес практика базаларымен шарттар және оларға студенттердi бекiту туралы бұйрықтар; студенттердiң күнделiктерi, есептерi, қорытынды конференциялар мен практиканы аяқтау жөнiндегi аттестаттаулардың хаттамалары;
7) студенттердiң оқу карталары, емтихан сессияларының жинақ ведомстары, сынақ кiтапшалары (iшiнара), академиялық анықтамалардың  көшiрмелерi;
8) бекiтiлген курстық және диплом жұмыстарының тақырыптары, курстық және диплом жұмыстарының мазмұны, оларға рецензияның болуы;
9) диплом жұмыстары (жобалары) бойынша ғылыми жетекшiлердiң бекiтiлген тiзiмi;
10) соңғы үш жылдағы МАК-тың төрағаларын бекiту туралы бұйрықтар және олардың МАК жұмыстарының нәтижелерi туралы есептерi; диплом жобаларын (жұмыстарын) қорғаудың және мемлекеттiк емтихандар тапсырудың ведомстары (хаттамалары), мамандарды даярлаудың сапасы туралы МАК, кәсiпорындар, ұйымдар төрағаларының пiкiрлерi;
11) студенттердiң белгiленген талапқа сәйкес ресiмделген жеке iстерi (арыз, жалпы орта бiлiмi туралы аттестаттың түпнұсқасы (бiлiмi туралы мемлекеттiк үлгiдегi басқа да құжаттары); сертификат, қабылдануы туралы бұйрықтың көшiрмесi, фотосуреттер, 086 нысандағы медициналық анықтама);
12) студенттер контингентi бойынша: студенттердi қабылдау туралы, оларды ауыстыру, қайта қабылдау, шығару, академиялық демалыс беру туралы бұйрықтар; бұйрықтардың оқу орнының статистикалық есебiне сәйкестiгi;
13) соңғы үш жылдағы алфавиттiк кiтап, дипломдарды және оған қосымшаларды беру кiтабы (бiлiм беру ұйымын бiтiруiне байланысты оқуға қабылдаған және оқудан шығарған бұйрықтарды салыстыру үшiн);
14) соңғы үш жылғы оқыту нысандары бойынша бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру кiтабы; мамандар даярлаудың сапасы туралы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың пiкiрлерi.

5.6. Тәрбие жұмысы

Бөлiмде мынадай мәлiметтер келтiрiледi:
1) құқықтық тәрбие, бiлiм беру ұйымдарындағы тәрбие процесiнiң құқықтық әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз етiлуi;
2) ғылыми кеңесте, ректоратта, деканаттарда және кафедра отырыстарында тәрбие жұмысы мәселелерiнiң қаралуы, оның нәтижелiлiгi; мазмұны, тәрбие жұмыстарының нысандары мен әдiстерi;
3) студенттiк жастар ұйымдары, студенттiк өзiн-өзi басқару жұмыстарының болуы және тиiмдiлiгi;
4) Кураторлар кеңесi жұмыстарының болуы және тиiмдiлiгi;
5) әр түрлi қызмет салаларындағы студент тұлғасының өзiн-өзi iске асыруы үшiн жағдай (оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстар; қызығушылығы бойынша үйiрмелер және қоғам жұмыстары, спорттық секциялар, көркем өнерпаздар үйiрмелерi, пiкiрсайыс клубтары, басқа да салалар);
6) студенттердiң республикалық және жергiлiктi жастар ұйымдарының қызметтерiне қатысуы; олимпиадаларға, жобаларға, конкурстарға, акцияларға, спорттық жарыстарға және т.б. қатысу және ұйымдастыру;
7) ЖҚТБ-ның және нашақорлықтың алдын алу жөнiндегi бiлiм беру ұйымдарының, кураторлар кеңесiнiң және студенттiк өзiн-өзi басқарудың қызметi: спорттық-сауықтыру (жарысу) және шығармашылық iс-шараларды, студенттiк акцияларды, пiкiрсайыстарды, медициналық қызметкерлердiң қатысуымен дөңгелек үстелдердi, тренингтердi, кинокөрсетулердi, наркодиспансердiң қызметкерлерiмен және нашақорлыққа тәуелдiлiктен емделгендермен кездесулердi жоспарлау және өткiзу;
8) бiлiм беру ұйымдарының пәндiк-кеңiстiк орталығын ресiмдеу (мемлекеттiк  рәмiздер, тақырыптық стендiлер,  ұрандар).
Комиссияға мынадай материалдар ұсынылады:
1) Кураторлар кеңесi туралы, академиялық топтардың кураторы туралы ережелер;
2) бiлiм беру ұйымдары және оның бөлiмшелерi бойынша тәрбие жұмыстары жөнiндегi жоспарлар мен есептер; құрылымдық бөлiмшелер отырыстарының хаттамалары, құқық бұзушылықтың, ЖҚТБ-ның, нашақорлықтың, дiни экстремизмнiң алдын алу жөнiндегi iс-шаралар тiзбесi;
3) Кураторлар кеңесiнiң, студенттер кеңесiнiң/жастар iсi жөнiндегi комитеттiң, қоғамдардың, үйiрмелердiң жұмыс жоспарлары;
4) өткiзiлген iс-шаралардың бағдарламалары, материалдары, олардың кәсiби бағдары.

5.7. Ғылыми-зерттеу жұмысы

Бөлiмде мынадай мәлiметтер мен көрсеткiштер келтiрiледi:
1) ғылыми зерттеу институттарының (бұдан әрi - ҒЗИ), шағын кәсiпорындардың, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердің және ЖОО-дағы басқа да ғылыми және ғылыми-өндiрiстiк орталықтардың саны;
2) орындалатын ғылыми бағдарламалар мен жобалардың  саны, оның iшiнде бiлiм беру ұйымы жетекшi болып есептелетiн ғылыми бағдарламалар мен жобалар;
3) ғылыми зерттеу жұмыстары (бұдан әрi - ҒЗЖ) жөнiндегi жоспарлау мен есептiлiк;
4) министрлiктер және басқа да мемлекеттiк органдар, халықаралық қорлар мен ұйымдар қаржыландыратын өзектi бағыттар жөніндегі ҒЗЖ-ның  саны;
5) өндiрiске енгiзiлген ҒЗЖ-ның нәтижелерi;
6) қызметкерлердiң ғылыми конкурстарға, конференцияларға, көрмелерге қатысуы;
7) өнертабыстардың, патенттердiң, монографиялардың, ғылыми жарияланымдардың саны;
8) жүргiзiлудегi ҒЗЖ-ның деңгейi;
9) Студенттердiң ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысатын білім алушылардың (бұдан әрi - СҒЗЖ)  саны, олардың қызметiнiң нәтижелiлiгi;
10) бiр оқытушыға шаққандағы ҒЗЖ-ны қаржыландыру көлемi;
11) ҒЗЖ нәтижелерiнiң оқу процесiнде қолданылуы.
Комиссияға  ұсынылатын материалдар:
1) перспективалық, жылдық жоспарлар;
2) жалпы бiлiм беру ұйымдары және оның құрылымдық бөлiмшелерi бойынша ҒЗЖ, СҒЗЖ  есептерi;
3) бiлiм беру ұйымы жетекшi болып табылатын ғылыми бағдарламалардың жобалары;
4) ҒЗЖ-ны орындауға арналған шарттары;
5) конференциялардың, конкурстардың, көрмелердiң бағдарламалары мен жоспарлары, олар бойынша  материалдар;
6) монографиялар, ғылыми жарияланымдардың жинақтары;
7) өнертабыстарды, патенттердi растайтын құжаттардың болуы;
8) аспирантура бөлiмiнiң, диссертация қорғау жөнiндегi мамандандырылған кеңестердiң жұмыс жоспарлары, қорғалған диссертациялардың саны (бар болса);
9) ҒЗЖ, СҒЗЖ орындау бойынша шығыстар сметасы;
10) ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын орындауға арналған келiсiм-шарттар.

5.8 Оқу процесiн ақпараттық-әдiстемелiк және кiтапханалық  қамтамасыз ету

Бөлiмде мынадай ақпараттар келтiрiледi:
1) компьютерлiк техниканы қолданудың сапасы, тиiмдiлiгi және саны, ИНТЕРНЕТ жүйесiне  енуi;
2) компьютерлiк  базаны және бағдарламалық қамтамасыз етуге, кiтапхана қорын  жаңалауға жыл сайын бөлiнетiн қаражаттың көлемi, ақпараттық деректер базасының болуы;
3) даярлаудың әр бейiнi (мамандығы) бойынша негiзгi оқу әдебиеттері қорының ескiру дәрежесiн есептегендегi сапасы;
4) қосымша әдебиеттер қорының сапасы (ресми, библиографиялық-анықтамалық және мерзiмдiк басылымдар);
5) мамандықтар (даярлау бағыттары) бойынша келтiрiлген контингенттiң бiр студентiне есептегендегi оқу, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттер қорының көлемi, оның  iшiнде қазақ (басқа тiлдердегi) тiлiндегi;
6) кiтапхананың негiзгi кiтап қоры, қорлардың құрылымы (оқу және оқу-әдiстемелiк әдебиеттер, ғылыми, көркем және мерзiмдiк басылымдардың пайыздық қатынасы), келтiрiлген контингенттiң бiр студентке есептегендегi кiтап басылымы бiрлiгiнiң саны;
7) мамандықтардың оқу жоспарларындағы пәндерiнiң электрондық және магниттiк тасымалдағыштардағы оқу, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиетпен қамтамасыз етiлуi; видеотека, фонотека, медиатекалардың болуы;
8) кiтапханалық каталогтардың сапасы, электронды библиографиялық-анықтамалық каталогтың болуы;
9) оқу залындағы орынның жеткiлiктi болуы;
10) отандық және шет елдiк бiлiм беру ұйымдарымен, кiтапханаларымен жедел ақпарат алмасу және алу мүмкiндiгi;
11) кiтапхана қызметкерлерiнiң штаттық қамтамасыз етiлуi, лауазымына базалық бiлiмдерiнiң сәйкестiгi, олардың бiлiктiлiгiн арттыруы, мемлекеттiк тiлдi бiлуi;
12) ақпараттық қамтамасыз етуге арналған жаңа WEB технологиясы, қашықтықтан оқыту жүйесi;
13) редакциялық баспа орталығының, типографияның, көбейткiш және көшiргiш техникалардың болуы.
Комиссияға мынадай материалдар ұсынылады:
1) кiтапханалардың жұмыс жоспарлары;
2) локалдық жүйеге бiрiктiрiлген және ИНТЕРНЕТКЕ қосылған компьютерлiк техниканың саны мен сапасы туралы, жаңа WEB технологияларын пайдалану туралы ақпараттар;
3) кiтапхананың инвентарлық кiтаптары;
4) кiтаппен қамтамасыз етудiң картотекасы және жабдықтаудың тақырыптық-типологиялық жоспары (мақалалар мен журналдардың жүйелi  алфавиттiк картотекасы, электрондық каталогтар);
5) кiтапхана туралы жалпы мәлiметтер: оқу залының жалпы ауданы, жарықталынуы, оқу залындағы орындықтардың саны, оқу залындағы компьютерлердiң саны;
6) оқырмандарға қызмет көрсетудің сапасы туралы мәлiметтер; кiтап берудi, оқырмандардың санын есепке алу; оның iшiнде бөгделер;
7) кiтап қорын толтыруға арналған жыл сайынғы шығыс сметалары;
8) кiтапхананың штаты, қызметкерлердiң базалық бiлiмдерi, олардың бiлiктiлiгiн арттыру жоспары;
9) кiтапхананың тақырыптық көрмелер, оқырмандар конференцияларын, кiтаптарға шолу, дөңгелек үстелдер, оқырмандар пiкiрталасын, семинарлар өткiзуi және жоспарлауы туралы мәлiметтер.

5.9. Шығармашылық және спорттық қызметi

(өнер және спорттық бiлiм беру ұйымдары үшiн)

Бөлiмде мынадай ақпарат келтiрiледi:
1) еңбек сiңiрген және халық әртiстерi, өнер қайраткерлерi, спорт шеберлiгiне кандидаттар, спорт шеберлерi, жеңiмпаздар (республикалық, халықаралық жарыстардың), әр түрлi ойындардың чемпиондары, оның iшiнде ПОҚ штаттағы қызметкерлер;
2) әр түрлi конкурстар, байқаулар, өнер фестивальдарының жеңiмпаздары және спорттық жарыстарға, турнирлерге қатысушы лауреат, дипломант, жүлдегер, (олимпиадалық, халықаралық, бүкiлодақтық, республикалық, облыстық, аудандық) атағын алған штаттағы оқытушылар мен студенттердiң саны;
3) спорттық жарыстар, қатысушылар, атқарушылар (орындаушылар, авторлар, режиссерлер, қоюшылар, сценаристер, операторлар және т.б. ретiнде), ұжымдық және жеке орындаушылар туралы мәлiметтер;
4) оқу-өндiрiстiк практика базасының болуы;
5) авторлық шеберханалардың және бiлiм беру ұйымдарының студенттік шеберханаларының (театрлық, кино-, фото-, көркем кино және видео-монтаждық, тоқыма, студенттiк театры, жарнама, кино- және дыбыс жазу студиялары), спорттық, жаттығу залдарының (ареналар, рингтер, корттар), бассейндердiң болуы.
6) авторлық қорлардың, мұражайлардың (деректемелер, суреттер, костюмдар және басқа авторлық, эксклюзивтiк жұмыстар), спорттық экипировкалардың болуы және жай-күйi;
7) шеберлер сыныптары, оның iшiнде жылжымалылары.
Комиссияға ұсынылатын материалдар:
1) жоспарлық және есептiк құжаттар;
2) перспективалық және ағымдық жоспарлары, есептер, бағдарламалар,  буклеттер,  жарнамалар, проспектiлер, экспонаттар;
3) практика базаларымен шарттар (театрлар, студиялар, стадиондар, мәдениет, спорт сарайлары, мұражайлар, көрмелер, шығармашылық одақтар, жазушылар үйi, киноактерлер);
4) ПОҚ-тың, қызметкерлердiң және студенттердiң шығармашылық қызметтерi, шығармашылық және спорттық жетістіктері туралы ақпараттары бар басылымдар.

5.10. Материалдық-техникалық және әлеуметтiк базалар

Бөлiмде мынадай көрсеткiштер келтiрiледi:
1) шаруашылық жүргiзу және жедел басқару құқығы меншiгiндегi пайдалы оқу алаңының бiлiм беру ұйымдарының қызметтерiне қойылатын қолданыстағы санитарлық нормаларына, өрт қауiпсiздiгi талаптарына, бiлiктiлiк талаптарына және жүзеге асырылатын мамандықтардың мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкестiгiнiң деңгейi;
2) жалпы ауданы, оның iшiнде күндiзгi контингенттiң бiр студентiне есептегендегi оқу алаңы (сабақтардың ауысымдылығын ескергенде);
3) оқу-зертханалық кабинеттерiнiң, оқу-өндiрiстiк шеберханаларының және басқа да мамандандырылған үй-жайлардың қазiргi жабдықтармен және құралдармен жабдықталуының деңгейi, олардың пәндер бойынша оқу процесiне қойылатын талаптарға сәйкестiгi;
4) студенттердiң спорттық құрылыстармен, емдеу-профилактикалық мекемелермен, жатақханамен, асханамен қамтамасыз етiлуi;
5) медициналық кызмет көрсетуге және студенттердiң бос уақыттарына бөлiнетiн қаржылық қаражаттың көлемi;
6) редакциялық-баспахана орталығының болуы және қуаты.
Комиссияға қарау үшiн мынадай материалдар ұсынылады:
1) жылжымайтын мүлiк құқығын растайтын құжаттар: сатып алу-сату, жедел басқару, пайдалану шарттары, ғимараттың жоспар-схемасы;
2) ғимаратты және құрылысты пайдалануға санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң, мемлекеттiк өртке қарсы күрес және төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің анықтамасы/қорытындысы;
3) негiзгi қорлардың баланстық құны (бас кiтап, журнал-ордер, негiзгi қаражат бойынша айналым);
4) спорт залының, медициналық қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру пункттерiнiң, жатақханалардың (орналастыру және төсек орынның саны) жабдықталуы;
5) ағымдық қызметi, студенттер контингентi туралы бұйрықтар.

5.11. Халықаралық ынтымақтастық

Бөлiмде мынадай мәлiметтер келтiрiледi:
1) шетелдiк бiлiм беру ұйымдарымен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық туралы келiсiмдер мен шарттардың болуы;
2) шетелдiк iссапарлар, ПОҚ пен студенттер алмасуы және тағылымдамасы, халықаралық ғылыми симпозиумдарға, конференцияларға, семинарларға, көрмелерге қатысуы;
3) халықаралық ғылыми және мәдени ынтымақтастық.
Комиссияға ұсынылатын материалдар:
1) халықаралық ынтымақтастықтың болашаққа жоспарлануы;
2) алыс және жақын шетелдердiң ғылыми мекемелерi және бiлiм беру ұйымдарымен ынтымақтастық, студенттер мен оқытушылардың тағылымдамасы және алмасуы, бiлiктiлiгiн көтеру туралы келiсiмдер мен шарттар;
3) халықаралық ғылыми конференциялардың және т.б. жоспарлары, бағдарламалары мен жинақтары;
4) халықаралық бiлiм және ғылым гранттары.

5.12. Бiлiм беру  сапасын басқару

Бөлiмде мынадай мәлiметтер келтiрiледi:
1) студенттер бiлiмдерiнiң және оқу пәнiнiң берiлу сапасын көтеруге бағытталған жан-жақты iс-шаралар жүйесi; бiлiм берудiң сапасын бағалау бөлiмiнiң болуы, ЖОО iшiлiк (кафедраiшiлiк) бiлiм беру сапасын бақылау туралы ереженiң болуы;
2) бiлiм беру ұйымдары бойынша студенттердi және ПОҚ-ты жыл сайынғы сауалнамалаудың нәтижелерi;
3) ЖОО мамандарды даярлау сапасына аралық мемлекеттiк бақылау тестiлеуiнiң қорытындылары; қорытындылардың талдауы;
4) студенттер бiлiмдерiнiң сапасына iшкi бақылауды (ЖОО iшiлiк, кафедраiшiлiк) ұйымдастыру, оның нәтижелiлiгi және тиiмдiлiгi;
5) ашық сабақтарға қатысу, бақылай қатысу және өз ара қатысу; оларды талдаудың жүйесi;
6) студенттердiң бiлiмдерiне бақылауды өткiзудiң нысандары мен түрлерi;
7) студенттердiң бiлiмдерiн ағымдық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру.
Комиссия мына материалдарды зерттейдi:
1) бiлiм сапасына iшкi бақылау нысандарын жүзеге асыру жөнiнде жоспарлау, есеп беру және әдiстемелiк құжаттар;
2) ЖОО бекiткен сауалнамалардың түрi, бiлiм алушыларды, оқытушыларды, қызметкерлердi, ата-аналарды сауалнамалаудың кейбiр мәлiметтерi бойынша материалдар;
3) бiлiм алушылармен, оқытушылармен және ӘБҚ сұхбаттасудың нәтижелерi туралы ақпарат;
4) сауалнамаға жауап берушiлердiң ұсыныстарын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар тiзбесi;
5) ЖОО iшiлiк (кафедраiшiлiк) бақылау нысандарының, ашық сабақтардың журналдары;
6) ғылыми және оқу-әдiстемелiк кеңестердің, факультеттер мен кафедралар отырыстарының хаттамалары.

5.13. Бiтiрушiлердi жұмысқа  орналастыруға жәрдемдесу

жөнiндегi бiлiм беру ұйымдарының қызметi
Бөлiмде мынадай мәлiметтер келтiрiледi:
1) жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу орталығының болуы, оның жұмыстарының түрi, әдiстерi және тиiмдiлiгi;
2) кәсiпорын басшыларын, облыс және аудан әкiмдерiн шақыруымен мамандардың жәрмеңкесiн, ашық есiк күндерiн ұйымдастыру;
3) кәсiпорындармен, ұйымдармен ынтымақтастықтың түрлерi және нысандары;
4) жұмыс берушiлермен жұмыстың нысаны және түрi;
5) бiтiрушiлермен кездесудi ұйымдастыру;
6) жұмыс берушiлердi iшiнара сауалнамалаудың нәтижелерi бойынша материалдар.
Комиссия мынадай материалдарды зерттейдi және талдайды:
1) жұмысқа орналастыру орталығы (бар болса), немесе оны алмастырушы орган туралы ереже;
2) бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру туралы жоспарлау және есеп беру құжаттамалары; жұмыс берушiлердiң мәлiмдемелерi, сауалдары;
3) кәсiпорындармен және ұйымдармен шарттардың болуы;
4) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу орталығының жұмыс нәтижелерi туралы материалдар, бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру жөнiнде мәлiметтер жиыны.

5.14. Мамандықтарды (даярлау бағыттарын) аттестаттаудың нәтижелерi

Мамандықтар (даярлау бағыттары) бойынша бiлiм беру қызметiн тексеру және мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындылары туралы анықтама «ЖОО мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындысы туралы Аттестаттау комиссиясының қорытындысы» құрылымына сәйкес құрастырылады. Бөлiмнiң құрылымы: 1) нақты мамандықтардың (даярлау бағыттарының) жалпы сипаттамасы; 2) кадрлар әлеуетiн талдау; 3) оқу-әдiстемелiк жұмысы; 4) оқу процесiнiң ақпараттық және кiтапханалық қамтамасыз етiлуi; 5) шығармашылық қызмет (өнер, бiлiм беру ұйымдары үшiн); клиникалық жұмысты талдау (медициналық мамандықтар үшiн); 6) материалдық және әлеуметтiк база; 7) бiлiм алушыларды даярлау сапасын басқару жүйесi; 8) магистранттарды, аспиранттарды және докторанттарды (бар болса) даярлау бағыттары бойынша кафедраның жұмысын талдау; 9) кемшiлiктер мен ескертпелер; 10) қорытындылар мен ұсыныстар. 5.14.1. Жалпы бiлiм беру (әлеуметтiк гуманитарлық пәндер, жаратылыстану-ғылыми пәндер) және дене тәрбиесi кафедраларын аттестаттау мынадай схема бойынша жүргiзiледi (әр пән немесе  блок кесiмiнде): 1) кафедраның (пәннiң) жалпы сипаттамасы; 2) кадрлар әлеуетiн талдау; 3) оқу-әдiстемелiк, тәрбие жұмыстары; 4) оқу процесiнiң ақпараттық және кiтапханалық қамтамасыз етiлуi; 5) материалдық-техникалық база; 6) кемшiлiктер мен ескертпелер; 7) қорытындылар мен ұсыныстар. 5.15. Жоғары оқу  орнынан кейiнгi бiлiм беру  мамандықтарын аттестаттау (бар болса) 5.15.1. Аспирантура, адъюнктура Бөлiмде мынадай мәлiметтер келтiрiледi: 1) аталған бiлiм беру ұйымында әрбiр ғылыми мамандық бойынша толық ставкада жұмыс iстейтiн ғылым докторлары туралы; 2) тиiстi ғылыми мамандықтар даярлау бойынша ғылыми-зерттеу және материалдық-техникалық базалары туралы (аудиторлық қоры, компьютерлiк  сыныптар, мамандандырылған  зертханалар, құралдармен қамтамасыз етiлу, қордың материалдары) және олардың қолданыстағы санитарлық-гигиеналық  (техникалық) нормаларға сәйкестiгi; 3) соңғы үш жылдағы ғылыми еңбектерi және авторефераттары бойынша мамандықтарының шифры көрсетiлген ғылыми жетекшiлер туралы; 4) диссертациялық кеңес және Қазақстан Республикасының Жоғары аттестаттау комитеті (бұдан әрi - ЖАК) бекiткен аспиранттарды және адъюнктарды даярлаудың бағдарламалары туралы; 5) аспиранттардың және адъюнктардың жеке жоспарларын орындауы және жұмыстарын жоспарлаудың тәртiбi туралы; 6) бiлiм алушылар өздерiнiң зерттеулерiнiң нәтижелерiн жариялауға берiлетiн мүмкiндiктерi туралы; 7) кiтапханалық қорға, деректер базасына және компьютерлiк технологияға рұқсаты туралы; 8) соңғы үш жылда кандидаттық диссертация қорғаудың динамикасы туралы (әр жылғы түскендер мен қорғағандардың сандық және пайыздық қатынасы); 9) ЖАК-тан пысықтауға жiберiлген диссертациялар туралы. Комиссияға қарау үшiн мынадай материалдар ұсынылады: 1) аспирантура немесе докторантура ашу жөнiндегi бiлiм беру ұйымдарының өтiнiш-арызы, ЖАК-тың қорытындысы; 2) аспирантура немесе адъюнктура ашу туралы Министрлiктiң бұйрығы, тиiстi лицензиясы; 3) аталған бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстейтiн ғылым докторларының жеке iстерi; 4) ұйымның ғылыми кеңесi бекiткен ғылыми жетекшiлердiң тiзiмi және дербес жетекшiлiк етуге ЖАК-тың рұқсаты; 5) даярланатын ғылыми мамандықтардың тiзбесi және олардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге ғылыми дәреже беру жөнiндегi мамандықтардың номенклатурасына сәйкестiгi; 6) әрбiр ғылыми мамандық бойынша оқу жұмыс жоспары, оқу пәндерi мен практикаларының бағдарламалары, оқу жоспарлары мен бағдарламалары ; 7) ЖАК бекiткен кандидаттық емтихандардың бағдарламалары; 8) аспирантураға және адьюнктураға қабылданғаннан кейiн 3 айдан кешiктiрiлмей ғылыми кеңес бекiткен диссертациялық зерттеулердің тiзбесi; 9) аспиранттардың және адьюнкттардың жеке iстерi; 10) аспиранттардың және адъюнкттардың жеке жоспарлары; оларды жыл сайынғы аттестаттаудың хаттамалары; 11) соңғы үш жылда қорғауға ұсынылған диссертациялық зерттеулердiң тiзбесi. 5.15.2. Докторантура Бөлiмде мынадай мәлiметтер келтiрiледi: 1) ғылыми мектептердiң болуы, олардың танымалдылығы және мойындалу деңгейлерi туралы; 2) аталған бiлiм беру ұйымында әрбiр ғылыми мамандық бойынша ғылым докторлары мен толық ставкада жұмыс iстейтiн докторлар туралы; 3) тиiстi ғылыми мамандар даярлау бойынша ғылыми зерттеу және материалдық техникалық базалары туралы (аудиторлық қоры, компьютерлiк сыныптар, мамандандырылған зертханалар, құралдармен қамтамасыз етiлуi, қордың материалдары) және олардың қолданыстағы санитарлық-гигиеналық (техникалық) нормаларға сәйкестiгi; 4) ғылыми мамандықтардың бейiнi бойынша жұмыс iстейтiн ғылыми семинарлар туралы; 5) зерттеу нәтижелерi бойынша докторанттардың жарияланымына сұраныс және қолда бар мүмкiндiктерi туралы; 6) ғылыми кеңесшi туралы; 7) диссертациялық кеңес және ЖАК бекiткен докторанттар даярлаудың бағдарламалары туралы; 8) докторанттардың жеке жоспарларын орындауы, олардың есеп беру нысаны және жиiлiгi туралы; 9) докторанттардың кiтапханалық қорға, мәлiметтер базасына, ИНТЕРНЕТКЕ және қазiргi компьютерлiк технологияларға рұқсаты туралы; 10) соңғы үш жылда докторлық диссертацияларды қорғау динамикасы (әр жылғы түскендер мен қорғағандардың сандық және пайыздық қатынасы) туралы. Комиссияның қарауына ұсынылатын материалдар: 1) докторантура ашу жөнiндегi бiлiм беру ұйымдарының өтiнiш-арызы, ЖАК-тың қорытындысы; 2) докторантура ашу туралы Министрлiктiң бұйрығы, тиiстi лицензиясы; 3) аталған бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстейтiн ғылым докторларының жеке iстерi; 4) ұйымның ғылыми кеңесi бекiткен ғылыми кеңесшiлердiң тiзiмi; 5) даярланатын ғылыми мамандықтардың тiзбесi және олардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге ғылыми дәреже беру жөнiнде мамандықтардың номенклатурасына сәйкестiгi; 6) оқу-бағдарламалық құжаттамалар: әрбiр ғылыми мамандық бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламалары; 7) кандидаттық диссертациямен салыстырғанда басқа мамандық бойынша диссертацияға жұмыс iстеген докторанттар үшiн ЖАК бекiткен кандидаттық емтихандардың бағдарламалары; 8) докторантураға қабылданғаннан кейiн 3 айдан кешiктiрiлмей ғылыми кеңес бекiткен диссертациялық зерттеулердің тiзбесi; 9) докторанттардың жеке iстерi; 10) докторанттардың жеке жоспарлары және есептерi; оларды жыл сайынғы аттестаттаудың хаттамалары; 11) соңғы үш жылда қорғауға ұсынылған диссертациялық зерттеулердiң тiзбесi. 37. Бiлiм беру ұйымдарын даярлау бағыттары және мамандықтар бойынша аттестаттау және лицензия талаптарын сақтауын тексеру нәтижелерi бойынша комиссияның әр мүшесi ұсынған материалдарды және анықтамаларды Комиссия талқылағаннан кейiн мемлекеттiк аттестаттаудың қорытындысы шығарылады. 38.     Комиссия мемлекеттiк аттестаттау аяқталған күнi аттестаттаудың қорытындысы туралы Ғылыми кеңестің отырысында мәлiмдейдi. Ғылыми кеңесте комиссия қабылдаған шешiм талданбайды және жарыссөзге жол берiлмейдi. 39.     Аттестаттаудың қорытындысы туралы тұжырым мiндеттi түрде типографиялық әдiспен түптеледi және бiлiм беру ұйымдарының мөрiмен бекiтiледi. 40. Аттестаттаудың қорытындысы туралы тұжырым Министрлiкке ұсынылады. 41.     Ұсынылған аттестаттау материалдарының негiзiнде бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау және бiлiм беру қызметiнiң лицензия талаптарына сәйкестiгiн тексеру қорытындысы туралы Министрлiк бұйрығының (бұдан әрi - Бұйрық) жобасы әзiрленедi. 42. Бұйрық бекiтiлгеннен кейiн ол бiлiм беру ұйымдарының назарына жеткiзiледi.

 

Кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм
беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткізгенде басшылыққа алуға ұсынылатын нормативтiк құқықтық актілердің тізбесі


1. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  N389-1 Заңы.
3. «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi N151-1 Заңы.
4. «Дене тәрбиесi және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N490-1 Заңы.
5. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N151-1 Заңы.
6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегi N448 Жарлығымен бекiтiлген «Бiлiм» Мемлекеттiк бағдарламасы.
7. Қазақстан Республикасында дене тәрбиесi мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы.
8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 5 қазандағы N 4106 Жарлығымен бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы.
9. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 қыркүйектегi N1338 қаулысымен бекiтiлген «Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк және Кедендiк кеңес туралы шартқа қатысушы-мемлекеттердегi жоғары оқу орындары филиалдарының қызметi және құрылуы туралы» 1999 жылғы 26 ақпандағы келiсiм.
10. «Тәуелсiз Мемлекеттер Достығына қатысушы-мемлекеттердегi бiлiм беру мекемелерiн аттестаттау, аккредитациялау, бiлiм беру қызметiн лицензиялау саласында жұмысты үйлестiру туралы» келiсiм.
11. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N1305 қаулысымен бекiтiлген (өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау туралы ережесi».
12. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2003 жылғы 13 ақпандағы N79 бұйрығымен бекiтiлген «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау туралы» нұсқаулық.
13. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N596 қаулысымен бекiтiлген «Бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережесi».
14. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Бас санитарлық дәрiгерi 2000 жылы 3 қарашада бекiткен N2.01.010.00. «Жоғары оқу орындарын ұстаудың және салудың санитарлық ережесі».
15. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2001 жылғы 11 наурыздағы N151 бұйрығымен бекiтiлген «Жоғары оқу орындарының қызметiн ұйымдастыру ережесi».
16. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2003 жылғы 13 ақпандағы N82 бұйрығы.
17. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 25 тамыздағы N857 бұйрығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарты «Жоғары кәсiптiк бiлiм беру. Негiзгi ережелер».
18. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бұйрықтарымен бекiтiлген «Кәсiптiк жоғары бiлiм беру мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттары».
19. 3.0011-2002 ІР МЖМББС «Жоғары кәсiптiк бiлiм беру. Әлеуметтiк - гуманитарлық және жаратылыстану ғылыми пәндер циклын ҚР МЖМББС бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2002 жылғы 30 қаңтардағы N69 бұйрығы.
20. Толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлген ҚР МЖ 08-2001, «Қазақстан Республикасы кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң мамандықтары және даярлау бағыттары туралы» жiктеуiшi.
21. Министрлiктiң 2001 жылғы 19 ақпандағы N85 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы кәсiптiк жоғары бiлiм беру мамандықтарын даярлау және бағыты жiктеуiшi мен Министрлiктiң 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N139, Министрлiктiң 2001 жылғы 23 сәуiрдегi N280 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк жоғары бiлiм беру мамандықтарының (тiзбесi) жiктеуiшiмен сәйкестiк кестесi.
22. Қазақстан  Республикасы  Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi N714 бұйрығымен бекiтiлген «Жоғары оқу орындарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргiзу туралы ереже».
23. 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N350 және 2003 жылғы 13 ақпандағы N82 бұйрықтарымен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N1152 бұйрығымен бекiтiлген «Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау тәртiбi туралы ереже».
24. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2002 жылғы 23 тамыздағы N619 бұйрығымен бекiтiлген «Кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм берудi iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында өзiн-өзi аттестаттау өткiзудi ұйымдастыру туралы» әдiстемелiк ұсыным.
25. Министрлiктiң  2001 жылғы 1 наурыздағы N123 бұйрығымен бекiтiлген «Кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесiн жоспарлау туралы» әдiстемелiк ұсыным.
26. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1845 қаулысымен бекiтiлген «Кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң көп деңгейлi құрылымы туралы ереже».
27. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің 2000 жылғы 1 қарашадағы N1034 бұйрығымен бекiтiлген «Жоғары базалық бiлiм (бакалавриат) туралы ереже».
28. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N1036 бұйрығымен бекiтiлген «Жоғары арнаулы бiлiм туралы ереже».
29. Қазақстан Респуликасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N1035 бұйрығымен бекiтiлген «Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм (магистратура) туралы ереже».
30. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 6 желтоқсандағы N827 бұйрығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бiлiм беру ұйымдарының кiтапханаларында оқырмандарға кiтапханалық қызмет көрсетудi есептеу туралы» әдiстемелiк құралы.
33. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 17 тамыздағы N827 бұйрығымен бекiтiлген «Кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарының кiтапханалары туралы» үлгi ереже.
34. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 17 тамыздағы N827 бұйрығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бiлiм беру ұйымдарының кiтапханаларындағы кiтапхана қорын есептеу туралы» әдiстемелiк құралы.

Комитет туралы
Басшылар
Бюллетендер
Бұйрықтар
Бекітілген ізденушілер тізімі

Талқылау үшін!

PhD докторларын даярлау жөніндегі НҚҚ жобалары
2005-2008 © Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестатау комитеті
Сайттың материадарын қолдану кезінде www.educontrol.kz сайтына гиперссылкаға міндетті.