Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау   / Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы НҰСҚАУЛЫҚ 
Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2003 жылғы 7 қарашадағы N 732
бұйрығымен бекітілген

 Файлды аударып алу (48,5Kb) 

 

Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

 

  • 1. Жалпы ережелер
  1. Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 460 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді. Нұсқаулық ғылыми ұйымдарды аттестаттауды өткізуді (бұдан әрі Аттестаттау) нақтылайды.
  2. Аттестаттау ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің бағыттарын ескере отырып, ғылыми ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері, филиалдары бойынша жүзеге асырылады.
  3. Аттестаттау мемлекеттік және/немесе ресми тілде өткізіледі.
  4. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау кезінде мынадай көрсеткіштер толық талдауға ұшырайды: 1) ғылыми, ғылыми-техникалық және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері; 2) материалдық-техникалық және әлеуметтік қамтамасыз ету; 3) әкімшілік-басқару қызметкерлері қызметінің нәтижелері; 4) ғылыми кадрларды, кадрлар әлеуетін дайындау жөніндегі жұмыс жағдайы және ғылыми, инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау.
  5. Ғылыми ұйымдар бес жылда бір реттен кем емес аттестатталынады. Жаңа құрылынған ғылыми ұйымдарды бірінші аттестаттау құрылған күнінен бір жылдан кейін өткізіледі.
  6. Комиссиялардың ғылыми ұйымдар құжаттарын зерделеу қорытындылары бойынша Уәкілетті мемлекеттік орган оларды аттестаттау (немесе аттестаттаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
  7. Ғылыми ұйымдарды қайта ұйымдастыру кезінде аттестаттау нәтижелері жаңадан құрылған ғылыми ұйымдарға таратылады, егер ол бұрын аттестаттаудан өткен болса және таратылған ғылыми ұйымның құқықты иеленушісі болып табылса.
  • 2. Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу

        8. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау Білім және ғылым министрінің бұйрығымен (бұдан әрі - Министр) бекітілген ағымдағы жылдың 1 наурызына дейінгі күнтізбелік жылға арналған аттестаттауды өткізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

        9. Бекітілген кестеге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мынадай негізде енгізуге болады: 1) аттестаттау мерзімін ауыстырудың қажеттілігі туралы дәлелді қорытындылары келтірілген ғылыми ұйымдардың жазбаша өтініштері; 2) жаңа заңды тұлғалардың құрылуымен бірге ғылыми ұйымдардың қайта ұйымдастырылуы; 3) Білім және ғылым министрлігі тарапынан тиісті шешімдерді қабылдауды талап ететін басқа да объективті жағдайлардың туындауы.

10. Аттестаттаудың бекітілген кестесіне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енген жағдайда ғылыми ұйымдар бұл туралы бір айлық мерзімде хабардар болуы тиіс.

11. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау үшін Министрлік аттестаттау комиссияларын құрады (бұдан әрі - Комиссиялар).

12. Комиссия қатаң түрде бекітілген кестеге сәйкес әрбір ғылыми ұйымдар үшін 15 күннен аспайтын мерзімде аттестаттауды жүргізеді.

13. Комиссияның құрамы ғылыми ұйымдарды аттестаттау басталғанға дейін бір айлық мерзімнен кешікпей Министрдің бұйрығымен бекітіледі.

14. Комиссиялардың құрамы: 1) Уәкілетті мемлекеттік органның; 2) қарамағында ғылыми ұйымдары бар мемлекеттік органдардың және олардың құзыретіндегі мүдделі мемлекеттік органдардың; 3) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы ғылыми ұйымдардың; 4) халықаралық және шетелдік ғылыми ұйымдарды аттестациядан өткізген кезде шетелдік ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.

15. Аттестаттауға жататын ғылыми ұйымдар аттестаттау кестесіне сәйкес аттестаттау басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей 4-тармақта көрсетілген көрсеткіштерді бейнелейтін құжаттарды Министрлікке ұсынады.

16. Комиссия төрағасы жұмыстың бірінші күні Комиссия мүшелерінің алдына ғылыми ұйымдарды аттестаттау рәсімдері жөніндегі міндеттерді қояды және олардың арасындағы ғылыми ұйымдар қызметінің бағыттарын кешенді зерделеу жөніндегі тапсырмаларды бөліп береді.

17. Комиссия өз қызметінде ғылыми ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. Комиссияның мүшелері Комиссияның төрағасын аттестаттау мәселелерін зерделеу барысы туралы хабардар етеді және анықталған кемшіліктер мен тиісті нормативтік құқтық актілердің ережелерін бұзушылықтарды көрсете отырып және оларды жою мен тұжырымдары жөніндегі ұсынымдарымен бірге ғылыми ұйымдардың көрсеткіштерін нақты талдай отырып, анықтамаларды тапсырады.

  • 3. Аттестаттаудың қорытындысын шығару

18. Комиссияның төрағасы барлық бөлімшілердің тексерісінің нәтижелерін қорытындылайды және аттестаттаудың қорытындылары туралы Комиссия қорытындысын дайындайды (бұдан әрі - Қорытынды), ол мынандай бөлімдерді енгізуі тиіс:
1) ғылыми ұйымдардың жалпы мінездемесі;
2) ғылыми, ғылыми-техникалық және қаржылық қызметтердің нәтижелеріне талдау;
3) әкімшілік-басқару персоналының қызметі;
4) материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жай-күйіне талдау;
5) ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлердің кадрлық әлеуетін және аттестаттау нәтижелерін талдау;
6) ғылыми кадрларды дайындау жөніндегі жұмыстың жай-күйін талдау;
7) халықаралық ынтымақтастықтың жай-күйін талдау;
8) тиісті ғылыми бағыттағы ғылыми мамандықтар бойынша аттестаттау ("Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми педагогикалық қызметкерлерге атақ беру жөнінде мамандықтар Номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 15 қазандағы 752 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Жоғары аттестациялық комитетінің жіктеуішіне сәйкес);
9) ескертпелер мен кемшіліктер;
10) шешімдер мен ұсыныстар.
19. Қорытындыға комиссияның төрағасы және барлық мүшелері қол қояды. Комиссия мүшелерінің, пікірлері Комиссия тұжырымымен сәйкес келмейтін болса жазбаша нысанда баяндайды, және оны қорытындыға қоса береді.
Егер Комиссия дауыстары тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
20. Комиссия төрағасы ғылыми ұйымдарды аттестаттау нәтижесі туралы ғылыми ұйымның жетекшісіне хабардар етеді және қорытындының екінші данасы ғылыми ұйымның жетекшісінің қолымен расталынады, оған тапсырылады.
21. Комиссия қорытындысы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік органның қайта қарауына жатпайды.
22. Қорытындыға қоса беріледі:
1) ғылыми ұйымның қызметінің негізгі көрсеткіштері;
2) ғылыми бөлімшелердiң құрылымы;
3) ғылыми ұйымның басшылық құрамы туралы мәлімет;
4) ғылыми әлеуеттің санды және сапалы сипаттамасы;
5) ғылыми ұйым Жарғысының көшірмесі.
23. Комиссияның ғылыми ұйымдардың құжаттарын зерделеу қорытындылары бойынша Министрлік оларды аттестаттау (немесе аттестаттаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды, шешім шығарғаннан кейін 10 күннен аспайтын мерзімде Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
24. Ғылыми ұйымның жекелеген құрылымдық бөлімшелері, филиалдары бойынша ғылыми ұйымдар аттестатталмаған кезде аттестаттау барысында анықталған кемшіліктерді жою үшін 6 айға дейін мерзім беріледі.
25. Көрсетілген мерзімде аттестаттау барысында анықталған кемшіліктерді жоймаған кезде Министрлік ғылыми ұйымдардың құрылтайшылары алдына олардың одан әрі қызметінің орынсыздығы туралы мәселе қояды.

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz