Kaz | Rus

Бастауыш
Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау
Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу
Ұлттық бірыңғай тестілеу
Білім беру ұйымдарын лицензиялау
Мемлекеттік аралық бақылау
Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау
Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау
Ресми құжаттарды апостильдеу бойынша қызмет көрсету стандарты
 
Жаңалықтар
Сұрақтар мен жауаптар
Байланысу
Статистика сайта
           
www.akorda.kz"
www.government.kz
www.e.gov.kz


Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау  Білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру жөні 
Білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы «23» тамыз  N619 бұйрығымен бекітілген                                                                                     

        Кәсіптік орта, кәсіптік жоғары  және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар.                                                                                                               

Файлды аударып алу (85Kb)

 

Кәсіптік орта, кәсіптік жоғары  және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар

 

  • 1.  Жалпы ережелер

1. Осы кәсіптік орта, кәсіптік жоғары  және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар (бұдан әрі-Ұсыныстар) 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, «Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестациялау жөніндегі ережені бекіту туралы» (бұдан әрі-Ереже) 1999 жылғы 3 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1305 қаулысына сәйкес әзірленген. 2. Ұсыныстар кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан  кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына тәуелсіз өзін-өзі аттестациялауды бірыңғай тәртіппен және ауқымда өткізуге арналған. 3. Өзін-өзі аттестациялау әділетті талдау жүргізу мақсатында және стратегиялық ресурстарды өздік бағалау және білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің сапасын көтеруге жету мұраттарында өткізіледі. Өзін-өзі аттестациялау өткізгендегі кәсіпкерлік және адекваттық деңгейінің көрінісі білім беру ұйымының даму мүмкіндігін сипаттайды. 4. Өзін-өзі аттестациялаудың міндеттері: 1) оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, қаржы-экономикалық ұйымдастыру-тәрбие (өнер және спорт саласындағы білім беру ұйымдары үшін – шығармашылық) қызметінің; кадрлар құрамының; материалдық-техникалық базасының, кітапхана және ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету жай-күйін талдау және анықтау; 2) сәйкес білім деңгейіндегі мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары және білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі білім беру ұйымының қызметінің тиімділігін талдау және анықтау; 3) білім беру ұйымының қызметін жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі нақты іс-шараларының жоспарын қалыптастыру; 4) білім беру ұйымының қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру, дамыту, стратегиялық жоспарлау үшін нақты негіздерді қамтамасыз ету; 5) білім беру ұйымының одан әрі даму стратегиясын әзірлеу; 6) білім беру ұйымының барлық қызмет бағыттары бойынша орталықтандырылған бірыңғай мәліметтер базасын қалыптастыру; 7) білім беру ұйымын, онда мемлекеттік аттестациялау рәсімін өткізуге даярлау. 5. Білім беру ұйымын, оның филиалдарын және мамандарды түлетуді жүзеге асыратын мамандықтарын өзін-өзі аттестациялау  мемлекеттік аттестациялаудан және аккредитациялаудан өткізудің алдындағы міндетті рәсім болып табылады. 6. Мемлекеттік лицензиясына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру құқығы бар білім беру ұйымы барлық кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім мамандықтарының келісімде өзін-өзі аттестациялауды жүзеге асырады. 7. Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және қызмет етіп жатқан халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары және олардың филиалдары, егер Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарда басқаша белгіленбеген жағдайда, Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында қойылатын тәртіппен және сондай шарттармен өзін-өзі аттестациялау рәсімін өткізуге жатады. 8. Филиалдарды өзін-өзі аттестациялаудан өткізу білім беру ұйымы үшін ұсынылған тәртіпте және ауқымда жүргізіледі. 9. Өзін-өзі аттестациялау: 1) білім беру сапасын қамтамасыз етуде ішкі бақылау жүйесін жетілдіруге; 2) білім беру ұйымының қызмет атқаруының тиімділігін  және мемлекеттік аттестациялау рәсіміне даярлығын арттыруға; 3) білім беру ұйымының жетекшілерінің, оның құрылымдық бөлімшелерінің, білім беру процесіне барлық қатысушылардың өкілдерінің, оның ішінде білім алушылардың білім беру ұйымы қызметін бағалаудың әр кезенінде кең талқылауға жігерлі қатысуы ұжымдағы жариялылық пен өзара сенімнің артуына, психологиялық бірігуіне себепші болады.

 

  • 2.   Өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу

10. Білім беру ұйымын өзін-өзі аттестациялаудан өткізу Ғылыми немесе Педагогикалық кеңестердің шешімі бойынша жүргізіледі, соның негізінде білім беру ұйымының  басшысы өзін-өзі аттестациялаудың комиссиясының құрамы (бұдан әрі-Комиссия) және оны өткізудің мерзімі туралы бұйрық шығарады. Білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары комиссияның төрағасы болып табылады. 11. Білім беру ұйымының қызметінің әр бағыты, мамандықтары және даярлау бағыттары бойынша шағын комиссия құрылады. 12. Комиссия құрамына білім беру ұйымының жетекші мамандары және құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіреді. Комиссия құрамына тәуелсіз сарапшылар, тәжірибе базаларының, білім беруді басқарудың жергілікті органдарының және осы білім беру ұйымын бітірушілерге ынталы органдардың өкілдерін енгізуге болады. Комиссия құрамына келісімі бойынша білім саласындағы орталық атқару органының өкілдерін енгізуге болады. 13. Білім беру ұйымдарының өзін-өзі аттестациялаудан өткізу мерзімі  Министрлік бекітетін кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялаудан өткізу кестесіне сәйкес келеді. Өзін-өзі аттестациялау мемлекеттік аттестацияға дейінгі 2 айдан кешіктірілмей өткізіледі. 14. Білім беру ұйымын өзін-өзі аттестациялаудың қорытындысы бойынша комиссияның есебі (бұдан әрі-Есеп) ЖОО үшін ұсыныстарға қосымшалардың  Ж-1 – Ж-6 кестелерінде немесе колледждер үшін ұсыныстарға қосымшалардың К-1 – К-6 кестелерінде келтірілген 3 жылдағы сандық және сапалық көрсеткіштердің негізінде құрылады және оған мынадай бөлімдер енгізілуі керек: 1) білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы; 2) кадрлардың әлеуеттігін талдау; 3) әкімшілік-басқару қызметкерлерінің қызметін талдау; 4) қаржы-экономикалық қызметі; 5) оқу-әдістемелік жұмыс; 6) тәрбие жұмысы; 7) ғылыми-зерттеу қызметі; 8) оқу процесін кітапханамен және ақпараттық қамтамасыз ету; 9) шығармашылық қызметі (өнер саласындағы білім беру ұйымдары үшін); 10) материалдық-техникалық базасы; 11) әлеуметтік базасы; 12) халықаралық ынтымақтастық; 13) білім беру сапасын басқару жүйесі; 14) кемшіліктер мен ескертпелер, оларды жоюдың жолдары; 15) қорытындылар мен ұсыныстар. 15. Білім беру ұйымдарының жалпы сипаттамасына ЖОО-ы үшін ұсыныстарға  қосымшалардың Ж-1 – Ж-2 кестелерінде немесе колледждер үшін қосымшаның К-1 – К-2 кестелеріндегі келтірілген өлшемдерге сәйкес оның қызметін талдау кіреді. Құрылтайшылардың құжаттарына сілтеме жасалғанда олардың көшірмелері өзін-өзі аттестациялау материалдарына қоса тіркеледі. 16. Кадрлар әлеуеттігін талдау ЖОО-ы үшін ұсыныстарға қосымшасының Ж-5 кестесіндегі немесе колледждер үшін қосымшаның К-4 кестесіндегі көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады. 1) профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны (бұдан әрі-ПОҚ); 2) бір (650-700 сағат) және одан көп ставкада жұмыс істейтін ПОҚ-ның саны; 3) штаттағы ғылыми дәрежесі және атағы немесе санаты бар ПОҚ-ның пайызы және орташа жасы; 4) ғылым докторлары санының ПОҚ-тың жалпы санына шаққандағы пайызы; 5) ғылым кандидаттары санының ПОҚ-тың жалпы санына шаққандағы пайызы; 6) мемлекеттік тілде сабақ жүргізетін ПОҚ-ның саны; 7) базалық білім жоқ ПОҚ-ның саны көрсетілуі керек. Қоытындыда ПОҚ-мын, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілеріне, әкімшілік-басқару қызметкерлерін іріктеу мен орналастыруға, даярлау, қайта даярлау жүйесінің қаншалықты ұтымды және тиімділігіне талдау жасалуы керек және тб. 17. Әкімшілік-басқару қызметкерлерінің қызметін талдауда мыналар: 1) әкімшілік-басқару қызметкерлер (ӘБҚ) санының штаттық кестеге сәйкестігі; 2) ғылыми атағы және дәрежесі бар немесе санатты ӘБҚ-дің саны, орташа жасы; 3) жалпы жұмыс стажы, білім беру жүйесіндегі және басшы жұмыстағы стажы; 4) базалық білімінің болуы; 5) ӘБҚ-дің арнайы ғылыми кеңесте, республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктерде, Министрліктің комиссияларында, мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын және нормативтік-нұсқаулық құжаттарын әзірлеуге қатысуы; 6) ӘБҚ-нің оқу-әдістемелік жүктемені және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауы көрсетілуі керек. Мыналарға: 1) ӘБҚ-нің білім беру ұйымын басқару қызметінің тиімділігіне; 2) қызметкерлер арасындағы функционалдық міндеттемелерді бөлудің ұтымдылғын, еңбек сапасы және тындырымдылық тәртібіне; 3) кадрларды іріктеу мен орналастырудың қолданыстағы жүйесінің жарамдылығына; 4) жетекші буын кадрларын даярлау, қайта даярлау, біліктілігін жетілдіру және кадрлардың қосалқы құраммен жұмысына; 5) білім беру ұйымының ғылыми-педагогикалық кадрларының сапалық және сандық көрсеткіштерінің дамуының мониторингін жүзеге асыруға талдау жасалуы қажет. 18. Білім беру ұйымының қаржы-экономикалық қызметіне талдау жасау кезінде мыналарға: 1) білім беру ұйымының қаржы жағдайы, рентабелдігі, қаржылық тұрақтылығына; 2) ПОҚ-ның және қызметкерлердің соңғы 3 жылдағы динамикасы көрсетілген айлықтарының орташа мөлшеріне; 3) сатып алынған әдебиеттердің тізбесі көрсетілген кітап қорын толықтыруға; компьютерлік техниканы алуға әр жылдағы бөлінген қаражат көлеміне; 4) жоғары оқу орнының грантын және білім алушылар мен мұқтаж қызметкерлерге арналған қаржы қорын құру үшін бөлінген қаражат көлеміне; 5) зертхана жабдықтарын, оқу құралдарын, техникалық және көрнекі оқу құралдарын алуға бөлінген қаржы көлеміне; 6) шарттардың болуы; жекелеген мамандықтар бойынша құны және олардың негіздемесі, төлем ақылы негізде  оқитын білім алушылардың, оқушылар мен студенттерді есептеудің толықтығы жағдайына көңіл аудару керек. 19. Есеп беріліп отырған 3 жылдағы оқу-әдістемелік қызметтің көрсеткіштері ЖОО-ны үшін ұсыныстарға қосымшаларының Ж-1, Ж-2,   Ж-4 кестелерінде немесе колледждер қосымшаларының К-1 – К-2 кестелерінде көрсетіледі. 1) мамандықтардың типтік және жұмыс оқу жоспарларының, типтік және жұмыс оқу бағдарламалары мазмұнының, оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етілуінің  мамандар даярлаудың қазіргі заман талабына сәйкес болуын; 2) жоспарланған жұмыстардың (жұмыс жоспарлары, жылдық есептері, құрылымдық бөлімдері отырыстарының хаттамалары, кафедралық ішкі бақылау кітабы және өзара сабаққа қатысуы, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарлары және тб.) мазмұндылығын, уақтылы орындалуын; 3) оқу-тәрбие процесінің әдістемелік қамтамасыз етілу деңгейін, оның мамндар даярлау сапасына қойылатын қазіргі талаптарға сәйкестігін; білім алушылардың оқу қызметінің түрлері бойынша әдістемелік семинарлардың ұйымдастырылуын, әдістемелік зерттемелер мен ұсыныстардың, жұмыс оқу бағдарламаларының сапасын және тб.; 4) білім алушылардың танымдылық әрекетін белсендіру, олардың дербес және жеке дайындалуын күшейту, оқу процесінің қарқындылығы мен сапасын көтеру құралдарын, кәзіргі педагогикалық технологияларды және оқытудың жаңа әдістерін енгізудің тиімділігін; 5) білім алушылардың білімін ағымдық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру сапасын, оларды оқу циклы аяқталғаннан кейін аттестациялау, бақылаудың тестік нысандарын пайдалануын және тб.; 6) дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғаудың және мемлекеттік емтихандарды тапсырудың қорытындыларын, мемлекеттік аттестациялық комиссия (МАК) төрағасының, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұжымдардың мамандарды даярлау сапасы туралы пікірлерін; 7) оқу-өндірістік және диплом алдындағы практикаларды ұйымдарстыру және өткізудің деңгейін, олардың мамандар даярлаудың міндеттері мен мақсаттарына сәйкестігін; практикадан өту туралы келісім-шарттардың болуын, олардың нәтижелілігін; 8) мамандарды өндірістен қол үзбей даярлау жөніндегі білім беру ұйымының оқу және оқу әдістемелік жұмыстарының жағдайын; 9) мамандықтар бойынша бітірушілерге сұраныс деңгейін (жолдама) тапсырма берушілердің сұранысы, мемлекеттік тапсырыс, келісім бойынша бөлінуі және тб.) жұмысқа орналастыру қызметінің нәтижелілігі; 10) білім беру ұйымының оқытушыларының шығарған оқулықтарының, оқу және әдістемелік құралдарының, оқу-әдістемелік зерттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік тілдегі (жалпы алғанда, бір штаттық оқытушыға есептегенде) санын анықтау қажет. 20. Тәрбие жұмыстары әдістемелерінің және нысандарының мазмұнының сипаттамасы, оның тиімділігі. Комиссия: 1) білім беру ұйымындағы тәрбие базасының ұйымдық-экономикалық, әдістемелік, құқықтық қамтамасыз етілуін тексеру; 2) оқушылар мен студенттердің бәсекеге қабілетті моделі және кәсіптік білім беру функцияларына барабар тәрбие әдістері мен нысандарының мазмұнына талдау жүргізу керек. Мыналарды: 1) білім беру ұйымдарының ғылыми және педагогикалық кеңестерінің жоспарында тәрбие жұмыс проблемаларының қойылу сапасы мен оны іске асырудың тиімділігін; 2) кураторлар кеңесі жұмысының әзірлілігін; 3) жалпы мәдени және спорттық іс-шаралардың тиімділігін; 4) түрлі ортада тұлғаның өзін іске асыру үшін қажетті жағдайлардың жасалуын (кружоктардың, қоғамдық, спорттық секциялардың жұмыстары және тб.); 5) білім алушылар және қызметкерлермен жеке тәрбие жұмыстарының жүзеге асырылуын; 6) тәрбие процесінің әдістемелік және ақпараттық ахуалын; 7) білім алушылардың республикалық және жергілікті жастар ұйымдарының қызметіне қатысу дәрежесін; 8) білім алушылардың олимпиадаларға, жобаларға, конкурстарға, акцияларға, түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысу дәрежесін; 9) білім алушылардың материалдық әл-ахуалдарын жақсартуға бағытталған білім беру ұйымының қызметін (театрларға, мұражайларға, көрмелерге тегін қатысуын, кітапханалар мен оқу залдарына тегін кіруін және тб.) тексеру қажет. 21. Ғылыми зерттеу қызметінің сапасы мен нәтижелілігі ғылыми зерттеу жұмысының объективті көрсеткіштерінің, оның ішінде іргелі және қолданбалы гранттар бойынша қаржыландырылу көлемінің мәліметін талдау арқылы анықталады. Білім беру ұйымының ғылыми бағдарламалар мен жобаларды орындауға қатысу дәрежесі мына көрсеткіштер бойынша: 1) білім беру ұйымы жетекші болып табылатын ғылыми бағдарламалардың саны; 2) министрліктің және басқа да мемлекеттік органдардың, халықаралық бағдарламалардың (жобалардың) үйлестіруімен атқатылатын ҒЗЖ-дың саны; 3) қызметкерлердің конкурстарға, конференцияларға, көрмелерге қатысуы; 4) ПОҚ-ның өнертабыстарының, патентерінің, ғылыми жариялымының, монографияларының болуы; 5) ҒЗЖ-на қатысатын студенттердің саны және нәтижелілігі анықталуы қажет; 6) ғылыми жұмыстарға қатысушы студенттердің саны мен нәтижелілігі; 7) ҒЗЖ-ын қаржыландырудың: жалпы көлемі, мемлекеттік бюджет бойынша, шаруашылық келісімдер бойынша, штаттағы бір оқытушыға есептегендегі қаржыландырудың көлемі; 8) ҒЗЖ-ның нәтижелерін оқу процесіне, ғылыми педагогикалық кадрларды даярлауға пайдалануы бойынша анықталуы қажет. 22. Оқу процесінің ақпаратты-әдістемелік және кітаптармен қамтамасыз етілуі. Комиссия: 1) білім беру ұйымындағы компьютерлік техниканы пайдалану тиімділігін және санын; 2) INTERNET-те жұмыс істеу үшін терминалдардың қол жетерлігін; 3) INTERNET-пен INTRANET-те жергілікті желіге қосылған компьютерлер санын; 4) әр жыл сайын компьютерлік база және бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңалауға жіберілген қаражаттың көлемін; 5) INTERNET желісінде меншікті сайттың болуын; 6) ақпараттық мәліметтер базасының болуын және тб.; 7) кітапхана қорларын қалыптастыруға қойылатын талаптарға сәйкестігін 8) даярлаудың әр профилі бойынша негізгі оқу әдебиеттер қорыны ескіру дәрежесін есептегендегі сапасын; 9) қосымша әдебиеттер қорының (ресми, анықтамалық-библиографиялық және мерзімдік басылымдар) сапасын; 10) контингентке  есептегендегі кітапхана қорының көлемі және олардың білім беру процесінің мақсаттары мен міндеттеріне (оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер, әдістемелік құралдар) сәйкестігін анықтауы тиіс. Кітапхананың жалпы жағдайы: 1) оқу залындағы отыратынорындарының жеткіліктігі; 2) оқырмандарға қызмет көрсетідің ыңғайлығы; 3) компьютерленген анықтама-библиографиялық каталогтың болуы; 4) қазіргі ақпараттық базаларға қол жеткізу мүмкіндігі; 5) INTERNET-ке шығу, отандық және шетелдік жоғары білім беру ұйымдарынан, кітапханалар және ұйымдардан, жедел ақпарат алу және алмасу мүмкіндігі; 6) әр жыл сайын кітапхана қорын жаңартуға бөлінген қаражат көлемін; әр мамандық бойынша оқу-ақпарат көздерінің,  кітапханадағы әдістемелік құралдар мен зерттемелердің (сипаттамалардың) тізімінің болуы және тб.; 7) кітапхана қызметкерлерінің штатының толықтырылуы, олардың базалық білімдерінің лауазымына сәйкестігі, біліктілігінің көтерілуі талдануы қажет. 23. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасының көрсеткіштері жоғары оқу орындары үшін ұсыныстарға қосымшалардың Ж-1, Ж-6 кестелерінде және колледждер үшін ұсыныстарға қосымшалардың К-1, К-2 кестесінде көрсетіледі. Оның өзгеру беталысын, оқу материалдық базасы мен білім алушылардың болуының әлеуметтік  жағдайының жоғары білім беру ұйымына қойылатын талаптарға; білім беру процесінің міндеті мен мақсатына сәйкестігін айқындау қажет. Комиссия: 1) меншігіндегі және жалға алынған пайдалы оқу ауданының қолданыстағы санитарлық нормаларға және өрт қауіпсіздігі, білім беру қызметін жүргізу құқығының лицензиясының талаптарына сәйкестігін; 2)  оқу-лабораториялық кабинеттердің қазіргі құралдармен (оқытудың аудиовизуалды, оқу жабдықтарымен және тб.) жабдықталу дәрежесін; 3) білім алушылардың спорт құрылыстары, емдеу мекемелері, жатақханалар, асханамен қамтамасыз етілуін; 4) редакциялық баспа-орталығының болуын және қуатын анықтауға тиісті. 24. Халықаралық ынтымақтастық бойынша қызметтің негізгі көрсеткіштері ЖОО-ы үшін ұсыныстарға қосымшаның Ж-1 кестесінде колледждер үшін ұсыныстарға қосымша К-1 кестесінде келтіріледі. 1) шет елдік ЖОО-мен және ғылыми мекемелерімен студенттердің және ПОҚ-ның машықтануы, мамандар даярлау, біліктілікті көтеру, ғылыми педагогикалық кадрларды қайта даярлау бойынша келісімдер мен шарттардың болуы; 2) шет елдік білім беру ұйымдары, халықаралық қорлар мен ассоциациялар, ғылыми орталықтар және басқа да ұйымдармен ғылыми ынтымақтастықтың тиімділігі анықталуы қажет.

 

  • 3. Білім сапасын басқару жүйесі

25. Аттестациядан өткізілетін мамандықтар бойынша білім алушылардың білім сапасын және жалпы оқу-процесін ұйымдастыру деңгейін жан-жақты талдау үшін өзін-өзі аттестациялау комиссиясы: 1) білім алушыларды, ПОҚ-ын және қызметкерлерді, мемлекеттік аттестациялау комиссиясының (МАК) МАК-ның төрағалары мен  мүшелерін, ата-аналарды анкеталауды; 2) білім беру процесіне қатысушылармен және жұмыс берушілермен әңгімелесуді; 3) білім алушылардың біліміне ішкі бақылауды ұйымдастыру жөніндегі ӘБҚ-ның қызметінің тиімділігін талдау; 4) сабақтарға қатысуды және тәжирибе базасымен танысуды; 5) білім алушылардың біліміне (ауызша сауалнама, жазбаша тапсырма, техникалық оқыту құралдарын қолданатын тапсырмалар) бақылау кескіндерін жүргізуді; 6) білім беру сапасын ішкі бақылаудың нысаның жүзеге асыру бойынша құжаттарды талдау және зерделеу; 7) білім алушыларды даярлаудың сапасын басқару жүйесінің тиімділігін талдау. 26. Жоғары курстарда білім алушылар үшін әлеуметтік-гуманитарлық және табиғи-ғылыми пәндердің циклынан; бітіруші курстар үшін жалпы кәсіптік және арнайы пәндер циклынан туындаған білімді бақылаудың тапсырмалары мен сұрақтарының материалдарын оқу ұйымының оқу-әдістемелік басқармасы (оқі бөлімі) әзірлейді. 27. Аттестациядан өтетін жоғары және бітіруші курстарда білім алушылардың қалдық білімін бағалаудың негізгі рәсімі ретінде өзін-өзі аттестациялау комиссиясы оларға тестілеу жүргізеді. Ғылыми және Педагогикалық кеңестердің шешімдері бойынша бағалаудың басқа нысандары мен әдістерін де қолдануға болады. 28. Жоғары және бітіруші курс студенттерін тестілеудің нәтижелері ЖОО-ы үшін ұсыныстарға қосымшаның Ж-6 кестесіне, колледждер үшін ұсынысқа қосымшаның К-7 кестесіне жинақталады. 29. Білім алушылардың білімін бақылауды және білім сапасын басқару жүйесінің тиімділігін талдау (тестілеудің, сұрастырудың, білім алушылардың шеберлігі мен білім кесімін бақылаудың басқа нысандарын, анкеталаудың, құжаттарды зерделеудің, ПОҚ-мы мен қызметкерлердің қызметтерін бақылаудың нысандарын) комиссиямен жүзеге асырылып, соның негізінде ұсыныс әзірленеді.

 

  • 4. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялаудан өткізу

30. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялаудан өткізу жалпы білім беру ұйымдары үшін сияқты, және сондай тәртіппен және көлемде, дәл сол бағыттар бойынша жүргізіледі. 31. Мамандықтар бойынша даярлаудың негізгі көрсеткіштері ЖОО-ы үшін ұсыныстарға қосымшалардың Ж-1, Ж-2 кестелерінде немесе колледждер үшін ұсыныстарға қосымшалардың К-1, К-2 кестелерінде көрсетіледі. 32. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялау жөніндегі материалдар білім беру ұйымын өзін-өзі аттестациялау жөніндегі қорытынды құжатқа енгізіледі.

 

  • 5. Өзін-өзі аттестациялау жөнінде комиссияның жұмыс қорытындысын шығару

33. Комиссия әр мамандық пен әр бөлімшенің өзін-өзі аттестациялау материалдарын қарайды, жалпы білім беру ұйымының қызметін бағалау үшін, олардың нәтижелерін талдайды және жинақтайды.
Бөлімшелер мен мамандықтарды өзін-өзі аттестациялау материалдары бойынша комиссия Есеп дайындайды, онда білім беру ұйымының 3 жылдық қызметі жөнінде талдау келтірілуі керек. Қорытындыда әр кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғару оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім мамандықтары бойынша мамандар даярлаудың деңгейі, маңызы және сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының талаптарына сәйкестігі жөнінде нақты ұсыныстар мен тұжырымдар болуы керек.
34. Өзін-өзі аттестациялаудың қорытындысы білім беру ұйымының Ғылыми немесе Педагогикалық кеңестерінің кеңейтілген мәжілісінде қаралады және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының назарына жеткізіледі.
Өзін-өзі аттестациялаудың қорытындысы туралы есеп білім беру ұйымының web-сайтына орналастырады.
Кемшіліктер мен олқылықтарды жою жөнінде нақты мерзімі мен жауапты орындаушылары көрсетілген іс-шаралар жоспары әзірленеді.
35. Анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін Комиссия өз таңдауы бойынша қайталап тексеру өткізуді жүзеге асырады, және оның нәтижесін Ғылыми немесе Педагогикалық кеңестің қарауына шығарады, ол әр мамандықтың және жалпы білім беру ұйымының мемлекеттік аттестация өткізуге даярлығы жөнінде шешім қабылдайды және Есепті бекітеді.
36. Есепте ЖОО-бағдарламасы немесе колледждер бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша толық мәлімет, олардың кесте түріндегі қосымшалары, сондай-ақ құрылтайшылар құжаттарының және жарғының көшірмелері болуы керек.
Мамандықтар және білім беру ұйымының филиалдарын өзін-өзі аттестациялау жөніндегі материалдар бөлек ұсынылады.
37. Білім беру ұйымдарын өзін-өзі аттестациялаудың материалдары кестеде белгіленген мемлекеттік аттестация өткізу мерзіміне дейінгі бір айдан бұрын кешіктірілмей Министрлікке беріледі.
Оларға:
1) өзін-өзі аттестациялау өткізу туралы Ғылыми немесе Педагогикалық кеңестері мәжілістері хаттамасының көшірмелері;
2) өзін-өзі аттестациялау өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы білім беру ұйымының басшысының бекіткен бұйрығы;
3) өзін-өзі аттестациялау өткізу жөніндегі комиссияның есебін бекіткен ғылыми немесе педагогикалық кеңес мәжілісінің хаттамасы;
4) білім сапасын бақылау үшін қолданылған мәліметтер банкісі;
5) өзін-өзі аттестациялау қорытындысы бойынша есеп кіреді.
38. Білім беру ұйымының өзін-өзі аттестациялау материалдарының негізінде, ол қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда Министрлікте аттестациялау комиссиясының құрамы және мемлекеттік аттестация өткізілетін нақты мерзім туралы шешім қабылданады.
39. Министрлікке ұсынылған өзін-өзі аттестациялау материалдарының растығына және оның объективтілігіне білім беру ұйымының басшысы жауап береді.

Комитет туралы
Басшылар
Бюллетендер
Бұйрықтар
Бекітілген ізденушілер тізімі

Талқылау үшін!

PhD докторларын даярлау жөніндегі НҚҚ жобалары
2005-2008 © Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестатау комитеті
Сайттың материадарын қолдану кезінде www.educontrol.kz сайтына гиперссылкаға міндетті.