Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесі

Қазақстан Республикасы ҮкіметініңҚАУЛЫСЫ

 

Астана қаласы                         N216                                 30 наурыз 2006 ж.               ҚР Үкіметінің 1999 ж.  3 қыркүйектегі N1305 қаулысына өзгерістер  енгізу туралы     Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:    1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ережені бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N45, 405-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:    тақырыптағы  «аттестациялау туралы ережені» деген сөздер «аттестаттау ережесін» деген сөздермен ауыстырылсын;    1-тармақтағы «аттестациялау туралы ереже» деген сөздер «аттестаттау ережесі» деген сөздермен ауыстырылсын;    көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.       2. Осы қаулы  алғаш рет ресми  жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.

 

                      ҚР  Премьер-Министрі                                    Д. Ахметов

Файылды аударып алу (60 Kb)

                                                                                                                              

Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесі

1. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау  ережесі (бұдан әрi –  Ереже) «Білiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi. 2. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттay – тиiстi бiлiм беру деңгейiнде олар көрсететiн білiм беру қызметiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарт талаптарына сәйкестiгiн бақылау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм. 3. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың негiзгi қағидаттары объективтiлiк, мiндеттілiк, мерзiмдiлiк  және жариялылық болып табылады.  4. Мемлекеттік аттестаттау бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.2. Мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзу тәртiбi 5. Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы мен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарының талаптарын орындауын бақылау мақсатында мемлекеттiк аттестаттау, тұтастай алғанда, білім беру ұйымы бойынша, бұдан басқа кәсіптік бастауыш,  кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары үшін, сондай-ақ  мамандықтар (кәсіптер)  бөлінісінде де жүзеге асырылады. 6. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан (медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын қоспағанда) кәсіптік жоғары және  жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарын, сондай-ақ кәсіптік орта білімнің білім беру бағдарламаларын және  мамандандырылған білім беру бағдарламаларын іске асыратын ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы ұйымдастырады және өткізеді. Жалпы бастауыш, жалпы негізгі және жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта білімнің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын, арнаулы және мамандандарылған білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды жүргізуді республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы  органы ұйымдастырады.Кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білімнің негізгі және қосымша бағдарламаларын, мамандандарылған және арнаулы білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттауды жүргізуді облыстың жергілікті атқарушы органы ұйымдастырады. Жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білімнің негізгі және  қосымша білім беру бағдарламаларын (арнаулы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын, спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда) іске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды жүргізуді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ұйымдастырады. 7. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау жоспарлы тәртіппен бес жылда бiр рет өткiзіледi. Білім беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары үшін көзделген тәртіппен білім беру ұйымының құрамында өткізіледі. Алғашқы мемлекеттiк аттестаттау жаңадан құрылған: 1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында төрт жылдан кейін; 2) кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында тиiстi деңгейдегi мамандардың бiрiншi бiтiруiнен кейiн бiр жылдан кешiктiрмей; 3) мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарда үш жылдан кейін өткiзiледi. 8. Аралық мемлекеттiк бақылаудан өтпеген бiлiм алушылардың саны Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген шектi саннан асатын бiлiм беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға жатады. 9. Мемлекеттік аттестаттауды өткiзу тәртібі туралы нұсқаулықтарды, мемлекеттік аттестаттаудың бағдарламалары мен көрсеткіштерiн, сондай-ақ білiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезiнде қажеттi құжаттардың тiзбесiн өзiнiң құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы орталық атқарушы органы әзiрлейдi және бекiтедi.  10. Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттауды құрамын өзінің құзыреті шегінде тиісті атқарушы орган бекітетін аттестаттау комиссиясы өткізеді. 11. Аттестаттау  комиссияларының құрамына:  1) білім беру саласындағы тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері;  2) қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдардың, сондай-ақ кәсіптік орта, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізу  кезінде өздерінің құзыретіне қарай мүдделі орталық атқарушы органдардың өкілдері;  3) білім беру ұйымдарының өкілдері және Қазақстан Республикасының жетекші педагог қызметкерлері  кіреді. 12. Аттестаттау  комиссиялары мемлекеттік аттестаттауды бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың,  аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бекiтетiн бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кестесiне қатаң сәйкестікпен әрбір бiлiм беру ұйымы үшін 10 күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.  Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың,  аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары аталған мерзiмдi аттестаттау  комиссияларының дәлелді өтiнiшiнiң негiзiнде, бірақ үш күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. 13. Мемлекеттік аттестаттау кестелерi бiлiм беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау басталардан үш ай бұрын жеткізіледі.  Бекiтiлген мемлекеттік аттестаттау кестелерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда, бiлiм беру ұйымдары ол туралы осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзімде хабардар болулары тиіс. 14. Мемлекеттік аттестаттау  кестелерiне сәйкес мемлекеттік аттестаттауға жататын бiлiм беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органына немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың,  аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына құжаттар ұсынады.  15. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргiзуге арналған шығыстар бюджет қаражаты есебiнен  жүзеге асырылады. 16. Аттестаттау комиссияларының шешiмдерi олар шығарылғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей өз құзыреті шегінде тиісті атқарушы органдардың  бұйрықтарымен бекiтiлуге тиiс.  Аттестаттау комиссиясы мынадай дәлелді шешiмдер қабылдауға құқылы: 1) аттестатталсын; 2) аттестатталмасын. Бiлiм беру ұйымын «аттестатталсын» деген шешiм, егер: 1) бiлiм беру қызметi тиiстi бiлiм беру деңгейiнiң жалпы мiндеттi мемлекеттiк стандарттарының талаптарына және білiм беруқызметін лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына толық сәйкес болса; 2) білім алушылар өздерінің білімдерін тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы нормативтік белгілеген өту деңгейінен жоғары баға алса,  қабылданады. «Аттестатталмасын» деген шешiм бiлiм беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудың көрсетiлген шарттарының ең болмағанда бiреуiн орындамаған жағдайда қабылданады. Аттестаттау комиссияларының шешiмдерi атқарушы органдардың қайта қарауына жатпайды.  17. Кәсіптік орта, кәсiптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының тиiстi бiлiм беру деңгейiнiң жалпы мiндетті мемлекеттік стандарттарын орындамағаны және бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына арналған лицензияда қамтылған талаптарды орындамағаны туралы куәландыратын аттестатталмау фактiсi бiлiм беру ұйымының аттестатталмаған мамандықтары бойынша лицензиясын қайтарып алу үшін және қайтарып алынған лицензиялардың лицензиарға қайтарылу сәтіне дейiн бiлiм беру ұйымы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру үшiн негiздеме  болып табылады.   18. Білім беру ұйымдары аттестаттау комиссияларының шешімдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады. 19. Шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық білім беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттік аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.