Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау   / Ғылыми ұйымдарды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі 
Ғылыми ұйымдарды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2003 жылғы 28 қараша N782
бұйрығымен бекітілген 

Файлды аударып алу (130Kb)

Ғылыми ұйымдарды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу

тәртібі

1.  Жалпы ережелер
2. Ғылыми ұйымдарды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізудің осы тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 маусымдағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N460 қаулысымен бекітілген Ғылыми ұйымдарды аттесттаудан өткізу туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N732 бұйрығымен бекітілген Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы нұсқылыққа сәйкес әзірленеді.
3.Тәртіп ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу кезінде (бұдан -әрі-аттестаттау) бірыңғай әдістемелік-көзқарасты қамтамасыз етуге және аттестаттау кезінде қажетті құжаттар тізбесін айқындауға арналған.
4.Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және жұмыс істейтін халықаралық және шетелдік ғылыми ұйымдарды және олардың филиалдарын, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен өзгелер белгіленбесе, Қазақстан Республикасының  ғылыми ұйымдарына арналған мөлшерде және тәртіппен аттесттауға жатады.

2. Дайындық жұмысы
5. Аттестаттауды өткізуде Ғылым департаменті арқылы Білім және ғылым минисрлігі (бұдан әрі-Министрлік) жүргізетін дайындық жұмыстары алдын ала жүргізіледі.
6. Аттестаттауды өткізу үшін Ғылыми ұйымдарды аттестаттау жөніндегі комиссия туралы ереже, олардың құрамдары және ғылыми-техникалық қызметінің 6 баңыты төраға Министрліктің бұйрығымен бекітіледі:
1) қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар;
2) физика-математика және техника ғылымдар;
3) медицина-биологиялық ғылымдар;
4) жер туралы ғылымдар;
5) ауылшаруашылығы ғылымдары;
6) химия-технологиялық ғылымдар;
Комиссия төрағалары болып Ғылым департаментінің өкілдері тағайындалады.
7. Ғылым департаменті:
-  алдағы жылғы аттестаттауды өткізу кестесіне оларды енгізу мақсатында ғылыми ұйымдардың тапсырыстарын қарайды;
-  аттестаттау өткізу үшін бекітілген кесте бойынша 1-4 қосымшаларға сәйкес қүжаттарды он күндік мерзімімде ұсынуы туралы тиісті ғылыми ұйымдарды хабардар етеді;
-  ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығын енгізеді;
-  ғылыми ұйымдарды аттестаттау жөніндегі тиісті комиссияларың төрағалары мен мүшелерін отырыстардың өтетін орны мен уақыты туралы хабардар етеді.

3.    Аттестаттауды өткізу
2. Аттестаттау мынадай төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады:
Комиссиялар төрағалары:
a. тиісті Комиссиялар мүшелерін келіп түскен өтініпен (1-қосымша) және аттестатталатын ғылыми ұйымдардан  оған қоса берілген материалдармен таныстырады, оларды ғылыми ұйымдарды аттестаттау жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттар пакетімен және осы Тәртіппен қамтамасыз етеді;
b. қосымшаларға сәйкес келіп түскен құжаттарға тексеру өткізу бойынша  Комиссия мүшелерінің міндеттерін белгілейді;
-  ғылыми, ғылыми-техникалық және қаржы-шаруашылық  қызметінің нәтижелері (2-қосымша);
-  материалдық – техникалық және әлеуметтік қамтамасыз ету (3-қосымша);
-  әкімшілік-басқару қызметшілер қызметі;
-  ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау және ғылыми кадрлар даярлау, кадр әулеті жөніндегі жұмыстың жай күйі (4-қосымша);
3. Комиссия мүшелері:
a. ғылыми ұйымдар қызметінің көрсеткіштерін тексеру бойынша жұмыстарын міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады;
b. жүргізілетін жұмыстар туралы қортынды дайындайды.

4.    Аттестаттау жөніндегі құжаттарды тексерудің құрылымы мен мазмұны
4.1. Ғылыми ұйымының жалпы сипаттамасы
Ғылыми ұйым туралы жалпы мәліметтеге мынадай бөлімдер бойынша талдау жасалады:
1) құрылтайшы құжаттары, оның ішінде:
-  заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы куәлігі (ғылыми ұйымының толық атауы, құрылған жылы, заңды және электронды мекен-жайы, телефон, факс);
-  статистикалық картасы;
-  ғылыми ұйымының жарғысы;
2) пайдаланатын үй-жайдың меншік құқығын дәлелдейтін құжаттарды немесе ғимараттарың жоспар-сызбасы мен техникалық  төлқұжаты, заңды тұлғаның жылжымайтын мүлкін жалға сенімді / жедел басқаруға алғаны жөніндегі келісім-шарты;
3) үй-жайының жай-күйі (әкімшілік және зертханалық);
4) ғылыми-техникалық қызмет бағыттары бойынша құрылымдық бөлімшелерінің саны;
5) олардың жалпы санынан ғылыми мамандардың штаттық пайызы, оның ішінде ғылыми бөлімшелері бойынша;
6) ғылыми қызметкерлердің штаттық санынан ғылыми атақ және дәрежесімен ғылыми мамандардың пайызы, оның ішінде ғылыми бөлімшелері бойынша;
7) жұмыс жоспарлары мен мәжілістер хаттамалары Ғылыми кеңестер қызметінің нәтижелері;
8) пайдаланудағы үй-жайдың мемлекеттік өртке қарсы және санитарлы-әпидимиологиялық қызметтерінің анықтамалары мен қорытындылары;
9) соңғы үш жылғы статистикалық есебінің нысандары;
10) өзге де құжаттар.
4.2. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелері
Бөлімде соңғы үш жылғы мынадай мәліметтер мыналар бойынша және талдау келтірілген:
1) орындалатын ҒЗЖ-ның ғылыми-техникалық және пластикалық мәні, жаңалық деңгейі;
2) жүргізілетін ғылыми зерттеулердің жарғылық мақсаттар мен мңндеттерге, ал алынған нәтижелерінің ғылыми бағдармалар мен жобалардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестегі;
3) жүргізілетін ғылыми зерттеу тақырыптарының мемлекеттік тіркелуі және жүргізілген ҒЗЖ-ы туралы есебі;
4) алынған нәтижелердің негіздемелігі мен дұрыстық дәрежесі;
5) әртүрлі бағдармалар мен жобалар (бюджетте, шаруашылық келісім-шартта, грантта және басқалар) бойынша қосарланушылық мүмкіндігі бар ғылыми тақырыптарды тексеру;
6) ҒЗЖ тақырыптарының бағыттары бойынша патенттік-лицензиялық ізденістерін жүргізу;
7) Штаттық қызметкерлер мен қоса орындаушыларының ҒЗЖ-ны орындау көлемі;
8) Санаткерлік меншік мәселенің жай-күйі, алынған ғылыми нәтижелердің сақтау құжаттарының барлығы;
9) Ғылым және білім беруді ықпалдастыру мәселелері (жоғары оқу орындарының кафедрларымен басқа да құрылымдық бөлімшелері филиалдардың, жоғары оқу орындарында лекция оқитын ғылыми қызметкерлердің барлығы);
10) Ғылыми нәтижелерді енгізу, жылдар бойынша өсу динамикасы;
11) Ғылыми зерттеудің мәнін, деңгейін дәлелдейтін өзге де құжаттар.
4.3. Қаржылық қызметінің нәтижелері
Бөлімде мынадай көрсеткіштерге талдау жасайды:
1) қаржылық жағдайы, рентабелдегі, қаржылық тұрақтылығы;
2) сұратылатын қаржыландыру көлемінің және ҒЗЖ-ны орындау кезіндегі шығыстардың негізділігі;
3) ғылыми зерттеуді жүргізуде бюджеттік қаражаттардың мақсаты жұмсалуы;
4) өзгеріс динамикасын көрсете отырып орта жалақының көлемі;
5) құрылымдық ғылыми  бөлімшелерді жарақтандыруға қажетті компьютерлік техниканы, жабдықтар мен приборларды, мүккәмалды, жиһаздарды және басқаларды толықтыруға бөлінетін жылсайынғы қаражаттардың көлемі;
6) ғылыми қызметкерлерді материалдық жағынан ынталандыруға сыйақы қорларын толықтыру мен құру, бөлінетін қаражаттың көлемі;
7) ғылыми қызметкерлерідің біліктілігін арттыруға, тағылымдамалық және шетелдік іссапарларына бөлінетін қаражаттың көлемі;
8) тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулерге жұмсалған іссапар шығыстарының негізделігі.
4.4. Ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлердің кадрлық әулеті мен аттестаттау нәтижелері
Бөлім бойынша төмендегі соңғы үш жылғы мәліметтерге талдау жасалынады:
1) штаттық қызметкерлердің арасында жоғары білікті мамандардың (ғылым докторлары мен кандидаттары) барлығы және олардың динамикасы;
2) жас шамасы бойынша штаттық жоғары білікті мамандардың (ғылым докторлары мен кандидаттары) жай-күйі;
3) докторлық және кандидаттық диссертация қорғаған және біліктілігін арттыруды өткен ғылыми қызметкерлердің саны;
4) ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау нәтижелері;
5) ғылыми кадрларды орналастыру және іріктеудің қолданыстығы жүйесінің ұтымдылығы мен тиімділігі, оларды даярлау және қайта даярлау, әкімшілік-басқару қызметкерін (бұдан әрі-ӘБҚ) сондай-ақ құрылымдық бөлімшілердің басшыларын, көмекші қызметшілерді іріктеу және орналастыру;
6) соңғы үш жылда ғылыми кадрлардың жұмыстан босатылу себептері мен саны бойынша көбеюі мен тұрақсыздығы, моралдық және материалдық ынталандыру шаралары, алған қызметтік көтермелеу және тәртіптік жазалау бойынша;
7) орындаушылықты ұйымдастыру дұрыс бақылау мен тексеруді моралдық-психилогиялық климаты, еңбек және орындаушылық тәртіпті жетілдіру қолдау;
Мынадай материалдар қаралады:
1) штаттық кесте;
2) тұтастан ғылыми ұйым бойынша және оның құрылымдық бойынша көрсетілген ғылыми дәрежесі мен атақтары, мамандырылғаны, жасы, ғылыми өтілі көрсетілсе отырып ғылыми қызметкерлер тізімі;
3) ғылыми қызметкерлер мен көмекші қызметшідердің жеке іс қағазы (кадр есебі бойынша жеке іс парағы, жеке іс парағына қосымша өтініші, жеке еңбек шарты (келісім-шарты) білім туралы дипломдарының, берілген ғылыми дәрежесі жіне  / немесе ғылыми (құрметті) атақтарының расталған көшірмесі, жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтан үзініді, лауазымды бос қызмет орнына конкурс бойынша өткені туралы ғылыми кеңес  мәжілісінің хаттамасынан үзінді, өмірбаяны, аттестаттау парағы, біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат көшірмесі (куәлігі, жеке куәлігі), еңбек кітапшасы немесе еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі, өзге де  құжатттардың қажетті көшірмелері, құжаттар тізімі);
4) ағымдағы қызмет ғылыми кадрлар мен құрам, бойынша бұйрықтар;
5) ғылыми кеңес мәжілісінің жұмыс жоспарлары мен хаттамалары.
4.5. Әкімшілік-басқару қызметшісінің қызметі
Бөлім бойынша төмендегі соңғы үш жылғы мәліметтерге талдау жасалынады:
1) жалпы жалпы әкімшілік-басқару қызметшісінің (бұдан әрі-ӘБҚ) штаттық кестеге сәйкестігі;
2) кандидаттық және докторлық диссертация қорғаған, ғылыми дәрежесі мен атағы бар ӘБҚ қыщзметкерлер саны
3) ӘБҚ біліктілігін арттыру және даярлау, қайта даярлауды ұйымдастыру;
4) Функционалдық міндеттерін орындағаны туралы ӘБҚ-ның есеп нысандары мен жиілігі;
5) Ғылыми ұйым басшылырының біліктілігінің оның беиініне сәйкестігі;
6) өндірістік еңбек өтілі, ғылым жүйесіндегі және басшы жұмыстарындағы еңбек өтілі, орта жас шамасы;
7) ғылыми ұйымның басшы жүргізілетін ҒЗЖ-ның материалды-техникалық қамтамасыз етілуін ғылыми-техникалық қызметтің даму динамикасын басшылығын қамтамасыз етуі;
8) ӘБҚ көбеюі, олардың қызметтік мадақтау және тәртіптік жазалау алғаны бойынша ӘБҚ қызметкерлердің жұмыстан  кету саны және себептері бойынша.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің сапасын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ӘБҚ қызметіне мінездеме беріледі.
ӘБҚ қызметкерлері арасындағы функционалдық міндеттерді бөлудің ұтымдылығымен тиімділігі туралы шешім шығарылады.
Соңғы үш жылғы мынадай құжаттар қаралады:
1) штаттық кесте;
2) ӘБҚ қызметкерлерінің жеке іс қағазы;
3) ӘБҚ қызметкерлерінің тағайындалғаны және ауыстырылғаны туралы бұйрықтар;
4) ӘБҚ қызметкерлерінің лауазымдық нұсаулығы;
5) Ғылыми ұйымының барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарлары мен есептері;
6) ӘБҚ біліктілігін арттыруды және даярлау, қайта даярлаудыұйымдастыру;
7) ӘБҚ кадр резерві жұмысы туралы мәліметтер.
4.6. Материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жай-күйі
Бөлім бойынша мынадай көрсеткіштерге талдау жасалады:
1) приборлардың, жабдықтардың жай-күйі мен барлығы, оларды тексеруден (түгендеуден) өткізу;
2) стандарттау және сертификаттау бойынша мәселенің жай-күйі бейінде (ғылым ұйым үшін);
3) бірегей приборлармен жабдықтардың барлығы;
4) ғылыми конкурстар кезінде өтінімделген жабдықтардың барларына сәйкестігі;
5) жүргізілетін ҒЗЖ-лардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілу динамикасы.
4.7. Ғылыми кадрлар даярлау жөніндегі жұмыстың жай-күйі
Бөлім бойынша мынадай көрсеткіштерге талдау жасалады:
1) докторантураның, ғылыми мектептердің барлығы олардың танымдылығы және белгілі болу дәрежесі;
2) ғылыми қызметінің бейіні бойынша қолданыстағы ғылыми семинарлардың барлығы;
3) ЖАК және диссертациялық кеңестер бекіткен докторанттар даярлау бағдарламасының барлығы;
4) докторанттардың жеке жоспарларды орындауы, есеп берулердің нысаны мен жиілігі;
5) соңғы үш жылда қорғалған докторлық диссертациялардың динамикасы (келіп түскен және қорғалаған диссертациялардың жылдар бойынша сандық және пайыздықара қатынысы);
6) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет салалары бойынша докторлық (PhD) бағдарламасы бойынша ғылыми қызметкерлерді оқыту және оларға философия докторы ғылыми дәрежесін беру;
7) аспирантураның (адъюнктураның, ординатураның, магистратураның) барлығы;
8) ЖАК және диссертациялық кеңестер бекіткен жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруде мамандарды даярлау бадарламасы, олардың жұмыстарын жоспарлау жеке жоспарлардың орындалу және тәртібі;
9) соңғы үш жылғы қорғалған кандидаттық диссертациялардың динамикасы (келіп түскен және қорғалған диссертациялардың  жылдар бойынша сандық және пайыздық қатынасы);
10) кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі арнайы диссертациялық кеңестерінің барлығы;
11) ғылыми қызметкерлердің кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғауы, олардың динамикасы;
12) ғылыми қызметкерлердің республикада, жақын және алыс шетелде тағылымдамадан біліктілігін арттыру курстарын өту жөніндегі жұмыс, олардың динамикасы.
4.8. Тиісті ғылыми бағыттардың ғылыми мамндықтары бойынша аттесттаттау
1) «Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлерін ғылыми атақтар беру жөніндегі мамндықтар номенклатурасын бекіту туралы» Қазқстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 15 қазандағы N752 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы аттестациялау комитетінің классификаторына сәйкес аттестаттау қорытындысы бойынша талдау келтіріледі.
4.9. Қорытындылар мен ұсыныстар
Бөлімде аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссияның қорытындылары мен ұысыныстары туралы талдау анықтамасы беріледі.
4.10. Қорытынды ережелер
4. Комиссияның жауапты хатшылар олардың мәжілістерінің хаттамаларын, іс жүргізуді құжаттарды, анықтамалар (актілер) мен шешімдерді дайындайды, қабылданған шешімдердің орындалуын жүзеге асырады.
5. Комиссия мүшелері Комиссия төрағасына аттестаттау мәселелерін зерделеу барысы туралы хабарлайды және тиісті нормативтік құқықтық актілер ережелерінің анықталған кемшіліктері мен бұзушылықтарын, оларды болдырмау және қорытындылары шешімдері жөніндегі ұсынымдары, көрсете отырып, ғылыми ұйымының қызметтері көрсеткіштеріне жан-жақты талдау жасалған анықтаманы оған тапсырады.
6. Комиссия төрағасы ғылыми ұйым қызметінің көрсеткіштеріне жүргізілген талдаудың нәтижелерін қорытындылайды және жоғарыда санамаланған  бөлімдерді қосаиын аттестаттау қорытындысы туралы (бұдан әрі - Тұжырым) Комиссияның тұжырымын дайындайды.
7. Ғылыми ұйымдардың ұсынған материалдары бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда, Комиссияның министрліктің тиісті бұйрығымен ресімделінген аттестатталынатын ғылыми ұйымдардың орналасқан жеріне баруға құқығы бар.
8. Комиссияның қорытынды мәжілісінде Төрағалар және комиссия мүшелері Комиссия тұжырымын талқылайды және қол қояды.
Комиссия мүшелері, пікірлері Комиссия тұжырымымен келіспегенде, оны жазбаша нысанда баяндайды және оны тұжырымға қоса тапсырады.
Комиссия дауыстары тең болған кезде, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
9. Тұжырымға мыналар қоса беріледі:
a. ғылыми ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері;
b. ғылыми бөлімшелердің құрылымы;
c. ғылыми ұйымының басшылық құрамы туралы мәліметтері;
d. ғылыми әлеуеттің сандық және сапалық мінездемесі;
e. ғылыми ұйым жарғысының көшірмесі.
10. Комиссия төрағалары ғылыми ұйымының басшысын ұсынылған құжаттарды тесеру актілермен  таныстарды оларда қол қойарын және Тұжырымның екінші данасын оған тапсырады.
11. Комиссиялар ғылыми ұйымдардың құжаттарын зерделеу қорытындылары бойынша Министрлік оларды аттестаттау (немесе аттесттаудан бас тарту) жөніндегі шешім қабылдайды, ол шешім шығарылғаннан кейін он күннен аспайт

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz