Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау   / 2009 жылдың 9 айдаң бойынша жоғары оқу орындарын және ғылыми ұйымдарды мемлекеттік аттестаттау және аккредиттеу бойынша ақпарат 
2009 жылдың 9 айдаң бойынша жоғары оқу орындарын және ғылыми ұйымдарды мемлекеттік аттестаттау және аккредиттеу бойынша ақпарат

а) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау

ҚЗ Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 211 бұйрығымен мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы бұйрық ҚР Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 маусымда № 5692 болып тіркелді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің бастамасы бойынша 2009 жылы 15-16 маусымда Астана қаласында рейтингтер жөніндегі халықаралық сараптама тобының 4-ші Конференциясы өткізілді (IREG-4).

Конференцияға әр елден 60-тан аса сарапшылар, еліміздің жоғару оқу орындарының басшылары қатысты. Халықаралық дәрежедегі ғаламдық рейтингінің, жоғары білім оқу орындарын ұлттық ранжирлеу мәселелері қарастырылды.

Конференция қорытындары жоғары оқу орындарының қызметіне сыртқы баға беруді одан әрі дамыту үшін ықпал ететін болады.

Мемлекеттік аттестаттау бойынша комиссияларды құрастыру үшін Сарапшылардың дерек қорын жаңарту жұмысы жүргізілді.

Бақылау комитетінің бұйрығымен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарламалар мен әдістемелік ұсынымдары бекітілген. Осы құжаттар Комитет сайтында орналасқан.

2009 жылғы 30 мамырдағы министрдің тапсырмасын орындау үшін ҚР БҒМ 2009 жылғы 8 маусымдағы № 279 бұйрығымен ҚР БҒМ Жауапты хатшысы Ф.Ш. Қуанғановтың жетекшілігімен жоғары оқу орындары мен мамандықтар желісін оңтайландыру үшін жұмыс тобы құрылды.

Басқару институты құрылтайшысының хатына сәйкес оңтайландыру қорытындылары бойынша білім беру құқығына берілген бас лицензиясы қайтарылды.

9 жоғары оқу орындары басшыларының хаттарына сәйкес 22 мамандықтар бойынша лицензиялары қайтарылды және 2009 жылдан бастап 3 жоғары оқу орындарының 15 мамандық бойынша студенттерді қабылдауы тоқтатылды.

2009 жылғы қаңтар айынан бастап қазіргі кезге дейін 14 жоғары оқу орнында, 1 колледжде, 2 мектепте және 1 орталықта мемлекеттік аттестаттау жүргізілді; 25 жоғары оқу орнында мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктерді жоюды анықтау үшін комиссиялар құрылды.

2009 жылғы қаңтар айынан бастап қазіргі кезге дейін жоғары оқу орындары 330 мамандықтар бойынша аттестатталды, 98 мамандықтар бойынша аттестатталмады, 54 мамандықтар бойынша лицензиялар қайтарылды, 77 мамандықтар бойынша лицензияның қолданысы тоқтатылды, лицензияның қолданысы 75 мамандықтар бойынша жандандырылды.

б) Ғылыми ұйымдарды аттестаттау және мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеу

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Комитет мемлекеттік ғылыми ұйымдарды аттестаттау және мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді.

Аттестаттау комиссияның ұсынысы бойынша 27 ғылыми ұйым 2 филиалымен аттестатталды, 2 ғылыми ұйым тексерілді.

Аккредиттеу комиссияның ұсынысы бойынша 83 ғылыми ұйымдар аккредиттелді. Осыған қарай 3 ғылыми ұйымның қызметтері орналасқан жерінде барып тексерілді және 12 ғылыми ұйымдар аккредиттелмеді. Атының өзгеруіне байланысты 2 ғылыми ұйымның аккредиттеу куәлігі қайта рәсімделді.

Кәзіргі кезде Қазақстан Республикасында 268 аккредиттелінген ғылыми ұйымдар және 123 аттестатталған ғылыми ұйымдар және олардың 33 филиалы жұмыс істейді.

в) білім беру ұйымдарын аккредиттеу

Халықаралық аккредиттеуден өту шеңберінде 5 ұлттық жоғары оқу орындары: аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақ ұлттық агарарлық университеті бакалавриат және магистратура бойынша білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өткізуге дайындауда.

Осы мақсатта олар ASIIN и ACQUIN (Германия), ABET (АҚШ) аккредиттеу агентстволарымен қарым-қатынас жасауда.Соңғы екі жылда осы мақсатқа бюджеттен 60 млн.теңгеден аса қаржы бөлінді.

Жоғарыда көрсетілген жоғары оқу орындары мынадай жұмыс атқарды:

- аль-Фараби атындағы ҚазҰУ шетел аккредиттеу агенттігінен білім беру бағдарламалары бойынша сауалға оң жауап алды;

- ұлттық жоғары оқу орындары агенттіктерге алдын ала сараптама үшін өзіндік жинақ есептерін жіберді;

- жоғары оқу орындарының қызметкерлері халықаралық аккредиттеу ресімі бойынша семинарларға қатысты;

- жоғары оқу орындары өз қаражат есебінен қосымша білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу үшін өтініш берді.

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz