Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау   / 2009 жылғы 1 тоқсандағы жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарды мемлекеттік аттестаттау және аккредиттеу бойынша ақпарат 
2009 жылғы 1 тоқсандағы жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарды мемлекеттік аттестаттау және аккредиттеу бойынша ақпарат


Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылады және жоспарлы түрде 5 жылда 1 рет өткізіледі. Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының қызметінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартына сәйкестігін анықтау үшін жүргізіледі.

2007 жылы қабылданған «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауға байланысты тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданып бекітілді.

2009 жылдың 1 тоқсанында: 4 ЖОО-да, 1 колледжде және 1 мектепте мемлекеттік аттестаттау өткізілді, мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктердің жоюуын анықтау комиссиялары 11 ЖОО-да құрылды.

Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша көрсетілген мерзімде ЖОО-ы 46 мамандық бойынша аттестатталды, 36 мамандық бойынша аттестатталмады, 7 мамандық бойынша лицензия қайтарылды, 38 мамандық бойынша лицензияның қолданысы тоқтатылды, 43 мамандық бойынша лицензияның қолданысы жандандырылды.

Білім беру ұйымдарын аттестаттау рәсімін жетілдіру мақсатында мемлекеттік аттестаттау жөніндегі ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Құжат келісімге және заң сарапынан өткізілуге жіберілді.

Ақпан айында облыс және Астана, Алматы қ.қ,, білім басқармаларының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізілді. Жұмыс тобының отырысында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау және өздік аттестаттауды өткізу мен ұйымдастыру бағдарламалары мен әдістемелік ұсынымдардың жобалары қарастырылды.

 

Ғылыми ұйымдарды аттестаттау

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Комитет мемлекеттік ғылыми ұйымдарды аттестаттау және мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді.

Аттестаттау комиссияның ұсынысы бойынша 9 ғылыми ұйым 2 филиалымен аттестатталды, 2 ғылыми ұйым тексерілді.

Аккредиттеу комиссиясының отырысында 33 мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарының арыздары аккредиттеу мақсатымен қаралды.

Комиссияның ұсынысы бойынша 26 ғылыми ұйымдар аккредиттелді. Сонымен қатар 1 ғылыми ұйымның қызметі барып тексерілді, 3 ғылыми ұйымдар аккредиттелмеді. Атының өзгеруіне байланысты 1 ғылыми ұйымның аккредиттеу куәлігі қайта рәсімделді.

Кәзіргі кезде Қазақстан Республикасында 241 аккредиттелген ғылыми ұйымдар және 116 аттестатталған ғылыми ұйымдар және олардың 33 филиалы жұмыс істейді.

Жоғары оқу орындарын аккредиттеу

Халықаралық аккредиттеуден өту үшін 5 ұлттық жоғары оқу орнын мен техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына бюджеттік қаржыларды бөлуге Комитеттің 2009 жылғы 18 наурыздағы № 316 бұйрығымен 2009 жылға жұмыс тобы құрылды.

Осы жұмыс тобына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Ұлттық аккредиттеу орталығының кызметкерлері және «Техникалық-кәсіптік білімді дамыту және мамандық беру Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» РМК-ның директоры кірді.

Кәзіргі кезде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредиттеу орталығы медициналық білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттары мен белгілерін келісу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсынды.

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz