Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау   / 2009 жылдың 1-ші жарты жылдығы бойынша жоғары оқу орындарын және ғылыми ұйымдарды мемлекеттік аттестаттау және аккредиттеу бойынша ақпарат 
2009 жылдың 1-ші жарты жылдығы бойынша жоғары оқу орындарын және ғылыми ұйымдарды мемлекеттік аттестаттау және аккредиттеу бойынша ақпарат

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау

Білім беру ұйымдарын аттестаттау рәсімін әрі қарай жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 211 бұйрығымен Мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Осы бұйрық ҚР Заң министрлігінде 2009 жылғы 8 маусымда № 5692 тіркелді және Заң газетінде 2009 жылғы 24 шілдедегі № 111 жарияланды.

2009 жылғы қаңтар айынан бастап 14 ЖОО-да, 1 колледжде, 2 мектепте, 1 Ұлттық орталықта мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктердің жоюлуын анықтау бойынша 25 ЖОО-да комиссиялар жұмыс істеді.

Бірінші жарты жылдықта мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша ЖОО-ы 327 мамандық бойынша аттестатталды, 104 мамандық бойынша аттестатталмады, 52 мамандық бойынша лицензиялар қайтарылды, 22 мамандық бойынша лицензияның қолданысы тоқтатылды, 88 мамандық бойынша лицензияның қолданысы жандандырылды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ЖОО-на мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша әкімшілік айыппұл салынды.

Ғылыми ұйымдарды аттестаттау

Аттестаттау комиссияның ұсынысы бойынша 16 ғылыми ұйым 2 филиалымен аттестатталды, 2 ғылыми ұйымның қызметі тексерілді.

Аккредиттеу комиссиясы отырысында 70 мемлекеттік емес ғылыми ұйымдардың арыздары аккредиттеу мақсатында қаралды.

Комиссияның ұсынысы бойынша 54 ғылыми ұйымдар аккредиттелді. Сонымен қатар 3 ғылыми ұйым барып тексерілді және 3 ғылыми ұйымдар аккредиттелмеді. Атының өзгеруіне байланысты 1 ғылыми ұйымның аккредиттеу куәлігі қайта рәсімделді.

Кәзіргі кезде Қазақстан Республикасында 268 аккредиттелген ғылыми ұйымдар және 123 аттестатталған ғылыми ұйымдар және олардың 33 филиалы жұмыс істейді.

Жоғары оқу орындарын аккредиттеу

Бес ұлттық ЖОО: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақ ұлттық аграрлық университеті халықаралық аккредиттеуді өткізу аясында бакалавриат және магистратура бойынша білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өтуге дайындықты жүзеге асыруда.

Осы мақсатпен олар ASIIN және ACQUIN (Германия), ABET (АҚШ) аккредиттеу агенттіктерімен жұмыс істеуде. Соңғы 2 жылда осы мақсат үшін бюджеттен 60 млн.теңгеден артық қаржы бөлінді.

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz