Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
ҚАУЛЫСЫ

 

Астана қаласы  N 1270 24 желтоқсан 2007 ж.

 

 

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау
ережесін бекіту туралы



«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған  Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он  күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының        
Премьер-Министрі                                                              К. Мәсімов


Файылды аударып алу (60 Kb)

Бiлiм беру ұйымдарын аттестаттаудан өткiзу туралы Нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің                                                                                                            
2008 жылғы «5» наурыздағы
№ 109 бұйрығымен бекітілген



Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды
ұйымдастыру және өткізу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

 

1. Жалпы  ережелер

 

1. Осы Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастрыу және өткізу туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-і бабының 42- тармағына,  Қазақстан   Республикасы Үкіметінің  «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына сәйкес  әзірленді. 

Білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыруы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы «23» тамыз  N619 бұйрығымен бекітілген
Кәсіптік орта, кәсіптік жоғары  және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар.
Файлды аударып алу (85Kb)

Бағдарлама және ұдiстемелiк ұсынымдар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы «17» қыркүйектегі N 624 бұйрығымен бекітілді.
Кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда лицензия талаптарын сақтауды тексеру және мемлекеттiк аттестаттау өткізуді ұйымдастыру жөнiндегi бағдарлама және әдiстемелiк ұсынымдар.
Файлды аударып алу (412Kb)

Мемлекеттiк аттестаттау және тексеруді өткізу бағдарламалары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2004 жылғы 3 тамыз  N664 бұйрығымен бекітілген
 
Кәсіптік  бастауыш бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттiк аттестаттау өткізу және лицензия талаптарын сақталуын тексеру бағдарламасы
Файлды аударып алу (264Kb)
 
Жалпы бастауыш, жалпы негізгі және жалпы орта бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру  қызметінде  лицензия талаптарының сақталуын тексерудің және мемлекеттiк аттестаттау өткізудің бағдарламасы
Файлды аударып алу (230Kb)

Кәсiптiк орта бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау өткізуді ұйымдастыру және лицензия талаптарын сақтауды тексеру жөнiндегi бағдарлама
Файлды аударып алу (289Kb)

Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ереже

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 460 қаулысымен бекітілген
Фаылды аударып алу (33Kb)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 732 бұйрығымен бекітілген
Файлды аударып алу (48,5Kb)

Ғылыми ұйымдарды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 28 қараша № 782 бұйрығымен бекітілген
Файлды аударып алу (130Kb)
 Толығырақ...

Ғылыми ұйымдардың қызметін бағалау әдістемесі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 14 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген
Файлды аударып алу (113Kb)