Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау   / 2009 ж.7 қыркүйектегі N 446 ҚР БҒМ бұйрығы 
2009 ж.7 қыркүйектегі N 446 ҚР БҒМ бұйрығы

«Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына 

өзгеріс енгізу туралы

 

Жоғары білікті кадрларды аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тіркелімінде № 2139 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 15, 840-бап) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы ережеде:

10-тармақтың екінші абзацындағы «бір докторлық және екі» деген сөздер «екі докторлық және төрт» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Н.Б. Қалабаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы                             М. Сарыбеков

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-22-14 Факс: +7 7172 74-23-78