Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау   / Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшыларына 
Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшыларына

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті келесi мәлiметтi хабарлайды.

Ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесiн тағайындау бойынша дипломдар мен доцент, профессор атағын беру бойынша аттестаттарды ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының диссертациялық кеңестерi, сонымен қатар жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестерi ұсынатын iзденушiнің жеке қолымен расталатын есептік-тіркеу карточкаларына сәйкес Комитет толтырады.

Ізденушілер тарапынан деректерін дұрыс толтырып, дипломдары мен аттестаттарын қайта беру туралы өтініштер жиі түсуде. Ал, жоғары да аталған құжаттардың телнұсқаларын беру қосымша мемлекеттік қаржыны талап етеді. Осыған байланысты есептік-тіркеу карточкаларын толтырған ізденушілер тарапынан шағым түскен жағдайда, жауапкершілік ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарындағы диссертациялық кеңестердің ғылыми хатшыларына жүктелетінін ескертеміз.

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)