Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау   / Ғылыми атақтар беру ережелері 
Ғылыми атақтар беру ережелері

Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым Министрінің  2003 жылғы 10 қаңтардағы, N15 бұйрығымен бекітілген
ҚР БҒМ 2004 жылғы 9 маусымдағы N 534, 2005 жылғы 2 наурыздағы N127 бұйрықтарына сәйкес өзгертулер енгізілген

                                      Ғылыми атақтар беру ережелері

                                 1. Жалпы қағидалар
1. Осы Ережелер терең кәсіби білімді, ғылыми және ғылыми-педагогтік қызметте жетістіктерге қол жеткізген тұлғаларға профессор және доцент ғылыми атақтарын беру тәртібін белгілейді.
2. Профессор және доцент ғылыми атақтарын жоғары оқу орындарының, кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау ұйымдарының, ғылыми, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік ұйымдардың қызметкерлеріне сол ұйымдардың ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестерінің ұсынысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім жєне ѓылым саласындаѓы ќадаѓалау жєне аттестаттау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Төралқасының және Алқасының шешімдері негізінде Комитет береді.
Профессор және доцент ғылыми атақтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2002 жылғы 15 қазандағы N752 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлеріне ғылыми атақтар беру жөніндегі мамандықтар номенклатурасына сәйкес беріледі.
3. Осы Ережелерде көзделмеген ерекше жағдайларды ескеруді қажет ететін мәселелерді, оларды Комитет Төралқасының қарауын ескере отырып, өз құзыретінің шегінде Комитет шешеді.
Осы Ережелермен реттелмеген даулар, оның ішінде ғылыми атақтардан айыру (қалпына келтіру) мәселелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында қарастырылған тәртіппен шешіледі.
Ғылыми атақтар беру жөніндегі түпкілікті шешімді мемлекет атынан Комитет қабылдайды.

2. Ғылыми атақ ізденушілерге қойылатын талаптар
4. Профессор ғылыми атағы доцент немесе аға ғылыми қызметкер атағы бар, жоғары оқу орнының немесе кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау ұйымының профессоры, кафедра меңгерушісі қызметін кем дегенде бір оқу жылы бойы нәтижелі атқарып жүрген:
1)  ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы 10 жылдан кем емес;
2) докторлық диссертация қорғағаннан кейін сұралып отырған мамандық бойынша кем дегенде бес ғылыми еңбегі, оның ішінде кем дегенде үшеуінің тізбесін Комитет бекіткен басылымдарда жарияланған;
3) белгіленген тәртіппен ұсынылған және соңғы үш жылда жарияланған, көлемі он баспа табақтан кем емес, оның ішінде кем дегенде бес баспа табағы ізденушінің жеке үлесін құрайтын, білім беру үрдісінде кем дегенде бір оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқу құралдары бар немесе Комитет ғылыми дәреже берген екі шәкірт дайындаған ғылым докторларына беріледі.
5. Профессор ғылыми атағы доцент немесе аға ғылыми қызметкер атағы бар, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік ұйымдарда және жоғары оқу орындарының ғылыми бөлімшелерінде бас, жетекші ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттеу бөлімінің (секторының, лабораториясының) меңгерушісі (бастығы), ғалым хатшы, директордың орынбасары, директор қызметтерін кем дегенде бір жыл бойы нәтижелі атқарып жүрген:
1) ғылыми жұмыс стажы 10 жылдан кем емес;
2) докторлық диссертация қорғағаннан кейін сұралып отырған мамандық бойынша кем дегенде он ғылыми еңбегі, оның ішінде Комитет бекіткен тізбедегі басылымдарда бес жєне кем дегенде ‰ш жеке жарияланымдары жарияланған;
3) Комитет ғылыми дәреже берген үш шәкірт дайындаған ғылым докторларына беріледі.
6. Профессор ғылыми атағы, айырықша жағдай ретінде, Қазақстан Республикасы (КСРО) Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, кафедра меңгерушісі қызметін кем дегенде бір оқу жылы бойы нәтижелі атқарып жүрген, белгіленген  тәртіппен ұсынылған және диссертация қорғағаннан кейін жарияланған көлемі кем дегенде он баспа табақ,  білім беру үрдісінде кем дегенде бір оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқу құралдары бар ғылым докторларына берілуі мүмкін.
7. Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарындағы, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйелеріндегі және Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігіндегі офицерлердің атқарып жүрген қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, айрықша жағдай ретінде, жоғарыда көрсетілген ведомстволық бағыныштағы жоғары оқу орындарының профилі бойынша арнаулы кафедра (кафедралар Комитеттіњ арнаулы тізбесімен анықталады) бастығы, сондай-ақ жоғары оқу орнының бастығы, оның ғылыми немесе оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін кем дегенде бір оқу жылы бойы нәтижелі атқарып жүргендер;
1) ғылыми-педагогтік жұмыс стажы 7 жылдан кем емес;
2) белгіленген тәртіппен ұсынылған және соңғы үш жылда жеке өзі жазып жариялаған, білім беру үрдісінде кем дегенде бір оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқулығы бар немесе Комитет ғылыми дәреже берген шәкірт дайындаған;
3) доцент ғылыми атағы берілгеннен кейін әзірлеген, білім беру үрдісінде кем дегенде бір оқу жылы бойы қолданылып жүрген оперативтік-тактикалық (арнайы тактикалық) тапсырмалары бар ғылым кандидаты-доценттерге профессор ғылыми атағы берілуі мүмкін.
8. Профессор ғылыми атағы өнер және сәулет саласының Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңымен белгіленген Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие, профессор, кафедра меңгерушісі қызметін кем дегенде бір оқу жылы бойы нәтижелі атқарып жүрген, жоғары оқу орындарында өз мамандығы бойынша оқытушылық етуші;
1) шығармашылық-педагогтік жұмыс стажы 10 жылдан кем емес;
2) шығармашылық еңбектері бар;
3) доцент ғылыми атағын профессор ғылыми атағына ұсынылудан 5 жыл бұрын алған;
4) доцент ғылыми атағы берілгеннен кейін жеке өзі жалпы көлемі үш баспа табақтан кем емес немесе басқа авторлармен бірге, оның ішінде ізденушінің жеке үлесі үш баспа табақтан кем емес, жазып жариялаған және белгіленген тәртіппен ұсынылған, білім беру үрдісінде кем дегенде бір оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқу құралы бар;
5) халықаралық конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, байқаулардың, үш лауреатын (дипломантын) дайындаған қызметкерлеріне берілуі мүмкін.
9. Педагогика профессоры ғылыми атағы профессор, кафедра меңгерушісі қызметін кем дегенде бір оқу жылы бойы нәтижелі атқарып жүрген:
1) «Еңбегі сіңген жаттықтырушы» атағы бар;
2) жаттықтырушылық-педагогтік жұмыс стажы 10 жылдан кем емес;
3) доцент ғылыми атағын профессор ғылыми атағына ұсынылудан 5 жыл бұрын алған;
4) доцент ғылыми атағы берілгеннен кейін жеке өзі жалпы көлемі үш баспа табақтан кем емес, немесе басқа авторлармен бірге, оның ішінде ізденушінің жеке үлесі үш баспа табақтан кем емес, жазып жариялаған және белгіленген тәртіппен ұсынылған, білім беру үрдісінде кем дегенде бір оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқу құралы бар;
5) Азияның, Еуропаның екі чемпионын, әлем және Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін дайындаған дене тәрбиесі және спорт маманы ғылым кандидаттарына берілуі мүмкін.
10. Доцент ғылыми атағы жоғары оқу орнының, кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау  ұйымының доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі қызметін кем дегенде бір оқу жылы бойы нәтижелі атқарып жүрген:
1) ғылыми-педагогтік жұмыс стажы 5 жылдан кем емес;
2) диссертация қорғағаннан кейін сұралып отырған мамандық бойынша кем дегенде үш ғылыми еңбегі (тезисі емес) жарияланған (депоненттелмеген);
3) белгіленген тәртіппен ұсынылған және соңғы 3 жылда жеке өзі жазған, көлемі екі баспа табақтан кем емес, білім беру үрдісінде кем дегенде бір оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқу құралы жарияланған немесе Комитет ғылыми дәреже берген бір шәкірт дайындаған ғылым докторлары мен кандидаттарына беріледі.
11. Доцент ғылыми атағы ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік ұйымдарда және жоғары оқу орындарының ғылыми бөлімшелерінде бас, жетекші, аға ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттеу бөлімінің (секторының, лабораториясының) меңгерушісі (бастығы), ғалым хатшы, директордың орынбасары, директор қызметтерін кем дегенде бір жыл бойы нәтижелі атқарып жүрген:
1) ғылыми жұмыс стажы 5 жылдан кем мес;
2) жоғары оқу орнындаѓы немесе кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау ұйымдарындаѓы педагогикалық ж±мыс стажы бір жылдан кем емес немесе оның жетекшілігімен алты бітіруші жұмыс қорғалған, немесе Комитет ѓылыми дєреже берген  бір оќушы дайындаған;
3) диссертация қорғағаннан кейін сұралып отырған мамандық бойынша кем дегенде алты ғылыми жұмысы жарияланған, оныњ ішінде кем дегенде ‰шеуі тізбесін Комитет бекіткен басылымдарда жєне кем дегенде µзініњ екі жеке жарияланымы.
12. Сонымен қатар доцент ғылыми атағы;
өнер және сәулет саласының Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңымен белгіленген Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметін кем дегенде бір оқу жылы бойы нәтижелі атқарып жүрген:
1) шығармашылық-педагогтік жұмыс стажы 5 жылдан кем емес;
2) шығармашылық еңбектері бар;
3) халықаралық және республикалық конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, байқаулардың, сыйлықтардың екі лауреатын (дипломантын) дайындаған;
4) белгіленген тәртіппен ұсынылған және жеке өзі жазған, көлемі екі баспа табақтан кем емес, білім беру үрдісінде кем дегенде бір оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқу құралы жарияланған қызметкерлеріне;
доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметін кем дегенде бір оқу жылы бойы нәтижелі атқарып жүрген:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы еңбегі үшін берілген құрметті атағы немесе «Еңбегі сіңген жаттықтырушы» атағы бар;
2) жаттықтырушылық-педагогтік жұмыс стажы 5 жылдан кем емес;
3) белгіленген тәртіппен ұсынылған және соңғы үш жылда жеке өзі жазып жариялаған, көлемі екі баспа табақтан кем емес, білім беру үрдісінде кем дегенде бір оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқу құралы бар;
4) әлемдік универсиадалардың, Азия, Еуропа, әлем чемпионаттарының, Азия және Олимпиада ойындарының кем дегенде екі дүркін жүлдегерін дайындаған дене тәрбиесі және спорт мамандарына берілуі мүмкін.
13. Ғылыми атақтар белгіленген тиісті талаптар сақталған жағдайда осы Ережелердің 4,6,8,9,10,12-тармақтарында аталған қызметтерді қоса атқарып (жылдық жүктемесі 240 сағаттан кем емес) жүрген тұлғаларға берілуі мүмкін.

                           3. Ғылыми атақтарды беру рәсімі
14. Ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңес алдында ғылыми атақ беру туралы өтініш кафедраның, бөлімнің және т.б. пікірін ескере отырып ізденушінің өз тарапынан қозғалуы мүмкін.
15. Ғылыми атақ беру жөніндегі аттестациялық істердің ресімделу тәртібін Комитет белгілейді.
Тізбесін Комитет белгілейтін ғылыми атақ беру жөніндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсырылады.
Ғылыми атақ ізденушілердің Комитетке жіберілетін аттестациялық істерін ресімдеуге байланысты шығындарды төлеу ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестер жұмыс істейтін, Комитетке тиісті ұсыныстарды әзірлеген ұйымдарға жүктеледі. Ізденушілер тарапынан бұл шығындардың орнын толтыруға рұқсат етілмейді.
16. Ғылыми атақ беру жөніндегі аттестациялық істердің қаралу мерзімі аттестациялық істің Комитетте тіркелген күнінен бастап профессор үшін – 4 ай, доцент үшін – 3 ай.
Аттестациялық істерді ұзағырақ уақыт сараптаудан өткізуді талап ететін ерекше жағдайларда бұл мерзімді ұзарту мәселесін нақты әр іс бойынша Комитет шешеді.
Ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңес ғылыми атақ беру жөніндегі жаңа өтінішті осы атақты беруден бас тарту туралы Комитет шешімі шыққаннан кейін кем дегенде бір жылдан соң бере алады. Қайталап өтініш беру үшін міндетті түрде ізденушінің жаңадан жарияланған ғылыми еңбектері, оқулықтары, оқу құралдары және (немесе) жаңа дайындаған шәкірттері болуы керек.

                          4. Аттестаттарды ресімдеу және беру
17. Профессорлар мен доценттерге белгіленген мемлекеттік үлгідегі аттестаттар беріледі.
Профессор немесе доцент ғылыми атағын беру туралы шешім оны Комитет қабылдаған күннен күшіне енеді.
Профессор немесе доцент аттестатын жоғалтқандарға жаңа реттік нөмірмен телқұжат берілуі мүмкін.
Аттестаттарды және олардың телқұжаттарын ресімдеу мен беру тәртібін Комитет белгілейді.

              5. Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды қайта аттестаттау
18. Қазақстан Республикасында тек Комитет берген профессор және доцент аттестаттары танылады.
Басқа елдердің мемлекеттік аттестаттау органдары берген ғылыми атақтары бар Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды қайта аттестаттау олар жұмыс істейтін ұйымның немесе өздерінің жеке өтінішімен бірге Комитет белгілеген тізбе бойынша құжаттарын ұсынған жағдайда жүргізіледі.
19. Мемлекеттік емес ұйымдар ғылыми атақ берген тұлғаларға қайта аттестаттау жасалмайды.

                    6. Апелляцияларды қарау
20. Ғылыми атақтарды беру, сондай-ақ жоғары білікті кадрларды қайта аттестаттау мәселелері туралы Комитет Төралқасының шешіміне шешім шыққан күннен кейін екі ай мерзімде Комитетке апелляция беруге болады.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін апелляция Комитет қарауына қабылданбайды. Апелляцияны Комитеттің апелляциялық комиссиясы қарайды. Апелляцияларды қарау рәсімі Комитет бекітетін, Комитеттіњ апелляциялық комиссиясы туралы Ережемен белгіленеді.
Комитеттіњ апелляция жөніндегі түпкілікті шешімі шағымданушыға (шағымданушыларға) хабарланады.

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-22-14 Факс: +7 7172 74-23-78