Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау   / Аймақтық орталық туралы Ереже 
Аймақтық орталық туралы Ереже

Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы  6 қыркүйектегі N5714 бұйрығымен өзгерістер және толықтырулар енгізілген.
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы  22 желтоқсандағы N778 бұйрығымен өзгерістер және толықтырулар енгізілген.

            Кандидаттық емтихандар мен аспирантураға қабылдау
          емтихандарын өткізу жөніндегі Аймақтық орталық туралы
                                     Е Р Е Ж Е

                               I. Жалпы ережелер
1. Кандидаттық емтихандар мен аспирантураға қабылдау емтихандарын өткізу жөніндегі Аймақтық орталық (бұдан әрі - Орталық) аймақтын жетекші жоғары оқу орнының (бұдан әрі – базалық жоғары оқу орыны) жанынан құрылады.
2. Орталықтар тізбелерін  базалық жоғары оқу орыны мен кандидаттық емтихандар, сондай–ақ аспирантураға қабылдау емдихандарын (бұдан әрі - емдихандар)  өткізетін пәндерін көрсетіп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Миистрі бекітеді.
3. Алынып тасталған.
                       II. Негізгі міндеттері мен өкілеттіктері
4. Орталық аймақ (республика) ізденушілері үшін ғылым тарихы мен философия (салалар бойынша), қазақ тілі және шет тілдері бойынша кандидаттық емтихандар мен жалпы білім беретін пәндер бойынша аспирантураға қабылдау емтихандарын ұйымдастырады және өткізеді.
5. Алынып тасталған.
6. Орталық негізгі міндеттері:
-    жалпы курс бойынша кандидаттық емтихандардың бағдарламаларын әзірлеу;
-    ізденушілер мен аспирантураға түсушілерге қойылатын талаптың бірдейлігін сақтауды қамтамасыз ету;
-    емтихандарды, оның ішінде жабық және ашық тестілеу түрінде ұйымдастыру және өткізу.
7. Орталық ізденушілер мен аспирантураға түсушілердің кандидаттық емтихандарды тапсырғандығы туралы куәліктерді ресімдейді және береді.
8. Орталық емтихандардың өткізілу сапасына жауап береді, жоғары дәреже талап қоюды ұамтамасыз етеді.
9. Орталық өздері жұмыс істейтін ұйымдардың басшыларына есеп береді, сол ұйымдардың мөрі мен бланкілерін пайдаланады. Орталық жұмысы мерзім сайын жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінде тыңдалады.
Базалық жоғары оқу орнының басшылары Орталық ағымдағы қызметіне, қажетті жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге жауап береді.
10. Емтихандарды өткізу үшін қажет бөлме, компьютерлік техника, қағаз бөлуге, тестерді дайындауға және т. б. Байланысты шығындарды төлеу Орталық құрылған базалық жо,ары оқу орындарына жүктеледі.
Пәндік емтихан комиссияларларының төрағалары мен мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу базалық жоғары оқу орындарына жүктеледі. Жоғары оқу орнының штаттағы қызметкерлері мен қосалқы қызмет атқарушылары үшін бұл жұмыс олардың педагогтік жүктемелеріне қосылуы мүмкін.
Кандидаттық емтихандарды өткізуге байланысты шығындарды ізденушілерді жіберген ұйымдар немесе өз беттерінше емтихан тапсырушы ізденушілер төлейді. Бұл ретте қаржы базалық жоғары оқу орындарының есеп шотына түседі.
11. Орталық күнтізбелік жыл соңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – ҚР БҒМ) және ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) емтихандардың нәтіжелерін талдап, бір жылғы жұмысы туралы есеп беред.
12. Ізденушілер мен аспирантараға түсушілер тиісті пәндер бойынша емтихандарды көз–келген орталық тапсыруға құқылы.
Сырттан келген ізденушілерді тұрғын жаймен қамтамасыз ету мәселесін  базалық жоғары оқу орныңын басшылығы шешеді.

                   III. Жұмысты ұымдастыру
13. Орталық құрылған базалық жоғары оқу орыны Ңұсқаулыққа сәйкес тиісті мамандықтың осы жоғары оқу орыны мен аймақтағы жоғары біліті ғалымдарынан пәндік комиссиялар құрады және оларды Комитет келісіміне ұсынады.
14. Пәндік комиссияның төрағасы мен мүшелері жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінде бекітіледі. Пәндік комиссия мүшелерінің саны қажет жағдайда оларды ауыстыруға мүмкіндік беруі тиіс.
15. Алынып тасталған.
16. Тестерді әзірлеу, оларды шығару және көбейту үшін Орталық Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясына, Мемлекеттік білім стандарттары және тестілеу ұлттық орталығына, оның аймақтардағы бөлімшелеріне Комитет бекіткен кандидаттық емтихандар бағдарламасын тапсырады.
17. Тестілеу процесін базалық жоғары оқу орнында өткізуге немесе тестілеуду өткізудің арнаулы бекеттерінде (Мемлекеттік білім стандарттары және тестілеу ұлттық орталығының аймақтардағы бөлімшелерінде) диалогтық тәртіппен (компьютерлерде), ақпараттық технологиялардың тиісті инфрақұрылымымен дистанциялық – интерактивтік тәртіппен, болмаса бланкілік тестілеу жолымен жүзеге асыруға болады.
18. Орталық өздерінің басшылары бекіткен күнтізбелік жоспарларына сәйкес жұмыс істейді.
Орталық басшысы базалық жоғары оқу орыны ректорының бұйрығымен тағайындалады және Комитетпен келісіледі.
Орталық басшысы әдетте базалық жоғары оқу орнының жетекші ғалымы, хатшысы  – аспирантура меңгерушісі (ғылыми және ғылыми–педагогтік кадрларды даярлау басқармасының, бөліммінің бастығы) болады.
Орталық қызметіне жалпы басшылық ғылыми жұмыс жөніндегі проректорға жүктеледі.
19. Орталық хатшысы жұмыс жоспарын құрады, емтихандардың кестесін түзеді, іс қағаздарын жүргізеді және оған жауап береді.
20. Жоғары оқу орындары  мен ғылыми ұйымдар емтихандар басталғанға дейін үш айдан кешікпей тиісті орталықтар кандидаттық емтихандарды тапсыру үшін жіберілетін аспиранттар мен ізденушілер туралы хабарлайды.

                     IV. Орталықтар қызметінбақылау
21. Орталықтар құрамына бақылау міндетімен ҚР БҒМ мен Комитет өкілдері енгізілуі мүмкін.
22. Орталықтар жұмысын емтихандарды қабылау мәселелері бойынша ҚР БҒМ мен Комитет бақылайды.
Нұсқаулықтың, осы Ереженің талаптары бұзылған жағдайда ҚР БҒМ мен Комитет тиісти емтихандардың нәтижелерін жоққа шығаруға құқылы, орталықтар емтихан қабылау құқынан айыра алады. 

                           Ғылым тарихы мен философия (салалар бойынша),
                 қазақ және шет тілдері бойынша кандидаттық емтихандарды және
                    жалпы білім беретін пәндер бойынша аспирантураға қабылдау
                          емтихандарын өткізу жөніндегі аймақтық орталықтар
                                                     Т І З І М І

  1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қаласы)  
  2. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (Алматы қаласы)
  3. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (Қарағанды қаласы)
  4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қаласы)
  5. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті (Ақтөбе қаласы)
  6. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қаласы)
  7. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қаласы)
  8. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті (Семей қаласы)
  9. М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент қаласы)
  10. Қазақ ұлттық аграрлық университеті (Алматы қаласы)
  11. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті (Алматы қаласы)
  12. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы қаласы)
  13. С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті (Астана қаласы)
  14. Қазақ мемлекеттік медицина академиясы (Астана қаласы)

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-22-14 Факс: +7 7172 74-23-78