Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау   / Қоғамдық сараптау Кеңестерінің туралы 
Қоғамдық сараптау Кеңестерінің туралы

Алдында хабарланғандай, диссертациялық жұмыстардың алдын-ала сараптауын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетімен қоғамдық сараптау Кеңестері құрылған.

2010 жылғы 23 қарашада осы кеңестер жұмысының бірінші кезеңі аяқталды.

Кеңестердің қараша айында істеген жұмыс нәтижелері бойынша қаралған 205 диссертациялық жұмыстардан (54 докторлық және 151 кандидаттық) 10 диссертация бойынша теріс шешім қабылданды, бұл ғылыми дәрежеде бекітілуге ұсынылған ізденушілердің санынан 9,3 % құрайды. 28 жұмыс бойынша оларды әрі қарай қарау үшін аттестациялық істің кейбір материалдарына сұраныс жасау туралы ұсыныс берілді. 14 диссертациялық жұмыс терең талқылау және сараптау кеңесінің кезекті мәжілісіне ізденушілерді шақыру үшін кейінгіге қалдырылды.

Салыстырсақ, 2008, 2009, 2010 жылдары (қазан айына шаққанда) теріс шешімдер саны бекітілген ізденушілер санынан 1 % ғана құраған. Сонымен, талаптарды нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестендіру нәтижесінде диссертациялық кеңестердің жұмыстарындағы маңызды кемшіліктер анықталуына әкелді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті диссертациялық жұмыстарға талаптарды төмендеткен және қызметтерінде маңызды кемшіліктер анықталған диссертациялық кеңестерге шаралар қолдану мәселесін қарастыруда.

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-22-14 Факс: +7 7172 74-23-78