Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау   / Диссертациялық кеңестер төрағаларына (10-3/1119 2010 ж. 22.09) 
Диссертациялық кеңестер төрағаларына (10-3/1119 2010 ж. 22.09)

10-3/1119

2010 ж. 22.09

Диссертациялық кеңестер төрағаларына

Диссертациялық кеңестер қызметі 2010 жылдың соңында тоқтатылуына және кеңестердің ауқымды жұмыс атқаруына байланысты ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетіне (бұдан әрі – Комитет) осы жылғы қыркүйек-желтоқсан айларында қосымша қорғаулар өткізу туралы көптеген сұраныстар түсті. Осы мәселені шешу мақсатында ҚР БҒМ бұйрығымен «Диссертациялық кеңес туралы ережеге» өзгеріс енгізілді – бір айда екі докторлық және төрт кандидаттық диссертацияларды қорғауға рұқсат берілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы №14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 446 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тіркелімінде 2010 жылғы 10 қыркүйекте № 6476 тіркелді және «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 22 кыркүйекте шыққан нөмірінде жарияланды.

Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға Н.                                        Қалабаев


  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-22-14 Факс: +7 7172 74-23-78