Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау   / ЖООөлар және ҒЗИ басшыларына (10-3/1032 2010 ж. 06.09) 
ЖООөлар және ҒЗИ басшыларына (10-3/1032 2010 ж. 06.09)

10-3/1032

2010 ж. 06.09


ЖОО-лар және ҒЗИ басшыларына

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) 2010 жылдың соңына дейін жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы диссертациялық кеңестерінің қызметі келешекте тоқтатылатынына байланысты, ізденушілердің дисертацияларын қорғауға қабылдау және қорғауы барысында жемқорлық құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының басшыларын, диссертациялық кеңестер төрағаларымен ғылыми хатшыларын жемқорлық құқықбұзушылық жіберілсе және ұқсас құқықбұзушылық жасауға себеп ететін жағдайлар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді.

Қорғауға “Ғылыми дәрежелер беру туралы ережелерінің” және “Диссертациялық кеңес туралы ереженің” нормативтік талаптарын толық орындаған ізденушілер жіберілетінін естеріңізге саламыз. Диссертацияның қорғау мерзімін белгілеу кезінде ізденушілердің диссертациясын қорғауға қабылдау туралы арыздарының түсу кезегі сақталуы керек.

Қорғауға байланысты шығындарды ізденушілердің өз есебінен өндіруге жол берілмейді, сондықтан диссертациялық кеңес тарапынан диссертанттарға жемқорлық құқықбұзушылық анықталған жағдайда Комитет осы диссертациялық кеңестің қызметін өкілеттік мерзімінен бұрын тоқтату құқығын өз есебінде қалдырады.

Комитет жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының басшыларын осы нұсқаулық хатты диссертациялық кеңестердің төрағаларына, ғылыми хатшыларына және барлық мүшелеріне хабарлауын сұрайды.

Төраға                                                                           Н.Қалабаев

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-22-14 Факс: +7 7172 74-23-78