Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау   / Докторлық диссертациялар қорғауына қойылатын талаптарды түсіндіру туралы 
Докторлық диссертациялар қорғауына қойылатын талаптарды түсіндіру туралы

04.07.2011 ж.

№ 10-3/1030



ЖОО ректорларына,

диссертациялық кеңестер

төрағаларына



ҚР БжҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесіне ұсынылатын докторлық диссертациялар қорғауына қойылатын талаптарды түсіндіру мақсатында төмендегіні хабарлайды.

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 28) тармақшасына сәйкес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі докторантураның тиісті мамандықтары бойынша кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгерген және диссертация қорғаған тұлғаларға беріледі.

Докторантураның тиісті мамандығы бойынша білім беру компонентін толық меңгерген докторанттардың докторлық диссертация қорғауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 және № 127 бұйрықтарымен бекітілген «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже» мен «Ғылыми дәрежелер беру ережесі» (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүргізіледі. Сондай-ақ, докторантардың жарияланымдары Ереженің 7-тармағының не болмаса 2008 жылғы 5.04.034-2008 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Докторантура. Негізгі ережелер» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі - МЖМББС) 8.7-тармағының талаптарына сәйкес ескеріледі.

Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар, білім беру компонентін толық меңгерген және МЖМББС 7.14-тармақшасының талаптарына сәйкес диссертациялық кеңеске ғылыми баяндама ұсынған докторанттарға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі беріледі. Егер осы докторанттар ғылыми баяндаманың орнына диссертацияны ұсынып қорғауы бекітілген тәртіппен өтетін болса, оларға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі беріледі.



Төраға м.а.                                                   М. Бектемесов



К. Сакенова 742398

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)