Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау   / Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ 
Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

         Қазақстан Республикасы
          Білім және ғылым Министрінің
          2007 жылғы  7 қыркүйектегі
          N409 бұйрығымен
           БЕКІТІЛГЕН

Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін  
аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ



1. Жалпы ережелер

 

1. Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі ізденушісінің дербес ғылыми-зерттеу жұмысына деген қабілетін анықтау және оның ғылыми-біліктілік деңгейін бағалау мақсатында және ғылыми кадрларды аттестаттауға қойылатын талаптарға сәйкес ізденуші аралық аттестаттаудан өтуі тиіс. Ғылыми дәрежелер ізденушілерін аралық аттестаттау кандидаттық емтихандар нысанында жүзеге асырылады.
2. Кандидаттық емтихандарға “маман” біліктілігі немесе “магистр” академиялық дәрежесінің берілуімен расталған жоғары кәсіптік білімі бар азаматтар жіберіледі.
Кандидаттық емтихандар ғылым тарихы мен философиясы (салалар бойынша), қазақ тілі, шет тілі және арнаулы пән (мамандық) бойынша белгіленген.
Орындалған кандидаттық диссертациясы бейініне сәйкес келмейтін жоғары кәсіптік білімі бар ізденуші тиісті ғылым саласының немесе кіші саласының (мамандықтар тобы) негізгі мазмұнын қамтитын жалпы курс бойынша (мысалы, химияның жалпы курсы, физиканың жалпы курсы және т.б.) қосымша кандидаттық емтихан тапсырады.
Ғылым саласы бойынша (мамандықтар тобын ескере отырып) ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар ғылым докторы ғылыми дәрежесін ізденуші орындаған диссертациясы бағытына сәйкес келмейтін болса, диссертациясының мамандығы бойынша кандидаттық емтихан тапсыруы тиіс, ал осы ретте жоғары кәсіптік білімі бар ізденуші орындаған докторлық диссертациясы бағытына сәйкес келмейтін болса тиісті ғылым саласының (салаішілік) жалпы курсы бойынша да кандидаттық емтихан тапсырады.
3. Ғылым тарихы мен философиясы (салалар бойынша), қазақ тілі, шет тілі бойынша кандидаттық емтихандарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құрған аймақтық орталықтар қабылдайды.

 

2. Кандидаттық емтихандарды өткізу кезінде белгіленетін негізгі талаптар

 

4. Қазақ тілі бойынша кандидаттық емтиханды диссертациялық жұмысын орыс тілінде орындаушы Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін азаматтығы жоқ тұлғалар тапсырады. Диссертациялық жұмысын қазақ тілінде орындаушы ізденушілер бұл емтиханды тапсырудан босатылады.
5. Шет тілі ретінде ізденушілер ағылшын, француз, неміс және араб тілдерінен емтихан тапсыра алады. Егер диссертациялық жұмысты орындау үшін басқа шет тілін білу қажет болса, онда диссертация орындалған ұйымның басшысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) талап етілетін тіл бойынша кандидаттық емтихан қабылдауға рұқсат ету жөнінде негізделген өтініш бере алады.
6. Шет ел азаматтары ішінен ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін ізденушілер ғылым тарихы мен философиясы, шет тілі және арнаулы пән бойынша кандидаттық емтихандарды тапсырады да,  қазақ тілі бойынша кандидаттық емтиханды тапсырудан босатылады.
7. Жалпы курс және арнаулы пән бойынша кандидаттық емтихандар тек диссертация қорғалатын жерде қабылданады. Егер диссертация екі мамандық тоғысында орындалған болса, онда ізденуші әр мамандық бойынша жеке-жеке кандидаттық емтихан тапсырады.
8. Жалпы ғылыми пәндер, жалпы курс бойынша кандидаттық емтихандардың бағдарламаларын және арнаулы пән бойынша кандидаттық емтихандардың типтік бағдарламаларын Комитет бекітеді.



3. Емтихан комиссиясының құрамын қалыптастыру

 

9. Жалпы пәндер бойынша кандидаттық емтихандарды әр пән бойынша аймақтық орталықтарда үйымдастырылған базалық жоғары оқу орындарының басшылары бекіткен және Комитетпен келісілген комиссиялар қабылдайды. Емтихан комиссиясы жыл сайын құрамы комиссия төрағасы мен 4 мүшеден тұратын жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогтік қызметкерлерден құрылады және күнтізбелік жыл бойында қызмет атқарады.
«Ғылым тарихы мен философиясы» пәні бойынша комиссияның құрамына біреуін комиссия төрағасы тағайындайтын кемінде 2 философия ғылымдарының докторы және тиісті мамандық саласы бойынша ғылым кандидаттары мен ғылым докторы кіруі тиіс.
Қазақ тілі бойынша емтихан қабылдау жөніндегі комиссияның құрамына ғылыми дәрежесі бар қазақ тілі кафедраларының оқытушылары және тиісті ғылым саласының қазақ тілін еркін меңгерген ғылым докторы кіруі керек. Комиссия төрағасы 10.02.02 – Қазақ тілі  немесе 10.02.06 – Түркі тілдері (автореферат бойынша) мамандығы бойынша филология ғылымдарының докторы болуы тиіс.
Шет тілі бойынша емтихан қабылдау жөніндегі комиссияға шет тілдері кафедраларының оқытушылары, сондай-ақ диссертацияның бейіні бойынша кафедралардың ғылыми дәрежелері бар және сол тілді еркін меңгерген оқытушылары енгізіледі. Комиссия төрағасы ғылыми дәрежесі бар, тиісті тіл бойынша жоғары білікті маман болуы тиіс.
10. Жалпы курс бойынша емтихан қабылдайтын емтихан комиссиясын диссертациялық кеңес жұмыс істейтін ұйымның басшысы құрады, оның құрамына диссертациялық кеңестің 3 мүшесі - тиісті сала бойынша ғылым докторы, сондай-ақ диссертация бейіні бойынша кафедралардың  ғылыми дәрежелері бар 2 мүшесі кіреді.
Арнаулы пән бойынша емтиханды қабылдайтын емтихан комиссиясы диссертациялық кеңес қызмет атқаратын ұйымның басшысы құрады, оның құрамына диссертациялық кеңестің 5 мүшесі – ғылым докторлары кіреді, оның ішінде кем дегенде 3-еуі  диссертациялық кеңес төрағасының  ұсынысын ескере отырып, осы мамандыққа автореферат бойынша өкілеттік етуі тиіс.
Диссертациялық кеңесте ұсынылмаған мамандық бойынша бір жолғы диссертация қорғау жоспарланған жағдайда, арнайы пән бойынша емтихан қабылдайтын комиссияны диссертациялық кеңес қызмет атқаратын ұйым басшысы қалыптастырады, оның құрамына 5 ғылым докторлары кіреді, оның ішінде кем дегенде 2-еуі осы мамандыққа автореферат бойынша өкілеттік етуі тиіс.



4. Аралық аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру

 

11. Жалпы ғылыми пәндер (ғылым тарихы мен философиясы, қазақ және шет тілдері) бойынша кандидаттық емтихандар сессияларында жылына екі рет (мамыр-маусым, қазан-қараша) қабылданады, ал мамандық пен жалпы курс бойынша - емтихан тапсырылатын орын бойынша ізденушімен келісіле отырып ұйым белгілеген мерзімде қабылданады.
Арнаулы пән бойынша емтихан жалпы ғылыми пәндер және жалпы курс бойынша кандидаттық емтихандар тапсырылып болғаннан кейін өткізіледі.
Ізденуші бір күнде тек бір ғана емтихан тапсыра алады.
Ұйым емтихандардың өтетін уақытынан бір ай бұрын Комитетке хабарлама жібереді (1, 2 қосымша), онда емтихан қабылданатын күні, уақыты мен орны, емтихан комиссиясының құрамы (тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, арнаулы пән бойынша емтихан қабылдағанда мамандық шифры), ізденушілер тізімі мен олардың мамандығы көрсетілуі керек.



5. Емтихандарды өткізу нысаны

 

12. Ғылым тарихы мен философиясы (салалар бойынша)  бойынша емтихан құрама болып табылады. Пәннің ортақ бөлігі бір дұрыс жауап таңдалатын (жабық типтегі тестілер) тест тапсырмаларын қолдана отырып, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы технологияларын пайдалану арқылы тексеріледі, ал кең көлемдегі жауапты талап ететін арнаулы бөлігін жазбаша емтихан түрінде емтихан комиссиясы өткізеді.
Арнаулы бөліктің тапсырмаларын Комитет бекіткен Ғылым тарихы мен философиясы (салалар бойынша) бойынша кандидаттық емтиханның типтік бағдарламасы негізінде аймақтық орталық әзірлейді.
Шет тілі бойынша емтихан құрама кесте бойынша өткізіледі. Ізденушінің шет тілін меңгеру дәрежесі Шет тілдері бойынша стандартталған тестілеу технологиясы бойынша тестілеу нысанында  тексеріледі. Емтиханның екінші бөлігін зерттеу саласындағы тілді білуін бағалау үшін емтихан комиссиясы жүргізеді.
Сонымен қатар шет тілі бойынша кандидаттық емтихан халықаралық білім беру ұйымдарында (ACCELS, Британдық Кеңес, Гете Институт, Француздық альянс) TOFEL, IELTS, DAF, DELF, DALF нысанындағы стандартталған технология бойынша ең жоғарғы шекті деңгейден кемінде 60% нәтижесімен емтихан тапсыру туралы сертификат немесе басқа да құжат болған жағдайда есептеледі.
Жалпы курс бойынша емтихан Комитет бекіткен екі бөлімнен тұратын типтік бағдарлама (3 сұрақ) бойынша  және емтихан өткізілетін ұйымның диссертациялық кеңесі бекіткен қосымша бағдарлама (2 сұрақ) бойынша жүргізіледі.
Арнайы пән бойынша емтихан екі бөлімнен тұратын бағдарлама бойынша өткізіледі – Комитет бекіткен мамандық бойынша типтік бағдарлама (3 сұрақ) және емтихан қабылданатын ұйымдағы диссертациялық кеңес бекіткен қосымша бағдарлама (3 сұрақ). Қосымша бағдарламада ізденушінің  зерттеу тақырыбына байланысты бөлімдердің қамтылуы, ғылымның соңғы жетістіктері және зерттеудің жаңа әдістері мен әдістемелері ескерілуі қажет. Емтихан бағдарламасының бұл бөлімі бойынша ізденуші ғылымның зерттеліп отырған бағытының қазіргі жағдайы, үрдісі мен даму болашағы туралы білімін көрсетуі тиіс.
Арнаулы пән, жалпы курс, қазақ тілі бойынша емтихандар  емтихан комиссиясының қарастыруымен жазбаша немесе тест нысанында жүргізіледі.
Емтихан барысында ізденуші базалық ұйымның мөртаңбасы қойылған парақты пайдаланады, ол емтихан қабылданғаннан кейін белгіленген тәртіп бойынша сақталады.    
13. Ізденушінің білім деңгейі “өте жақсы”, “жақсы”, “қанағаттанарлық”, “қанағаттанарлықсыз” деп бағаланады. Егер арнаулы пән бойынша кандидаттық емтихан тапсыру кезінде ізденуші типтік бағдарлама сұрақтарының біреуінен қанағаттанарлықсыз баға алатын болса, онда емтиханды қабылдау тоқтатылады. “Өте жақсы”, “жақсы” және “қанағаттанарлық” деген бағалар типтік бағдарламаның барлық сұрақтарына дұрыс жауап берілген жағдайда қосымша бағдарламаның сұрақтарына берілген жауаптарды ескере отырып қойылады.
Ғылым тарихы мен философиясы және шет тілі бойынша емтихан тапсырған кезінде ізденуші емтиханның бірінші – тестілер пайдаланылатын бөлігінен қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, ол емтиханның екінші бөлігіне жіберілмейді.
14. Ізденуші дәлелді себеппен емтиханға келмей қалған жағдайда, ұйым, аймақтық орталық басшысы оны ағымдағы сессия барысында емтихан тапсыруға жібере алады.
Ізденуші емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, осы пән бойынша бір сессия барысында қайталап емтихан тапсыруға рұқсат етілмейді.
Емтихан комиссиясының  шешіміне ізденуші бес күн ішінде ұйым басшысына шағымдана алады.



6. Аралық аттестаттау нәтижелерін рәсімдеу

 

15. Әр ізденушіге емтихан комиссиясы мәжілісінің хаттамасы толтырылады, оған емтихан билетінің сұрақтары, оның ішінде қосымша қойылған сұрақтар, қойылған бағалар енгізіледі. Хаттамаға ғылыми дәрежесі және мамандық шифры көрсетіле отырып комиссия төрағасы мен мүшелерінің қолдары қойылып, ұйым басшысы бекітеді және ол кандидаттық емтихан тапсырылған жерде он жыл бойы сақталады.
16. Соңғы емтиханды тапсырғаннан кейін арнаулы пән бойынша емтихан тапсырылған ұйым ізденушіге жекелеген кандидаттық емтихандарды тапсырғандығы туралы  куәліктерінің немесе емтихан комиссиялары мәжілістерінің хаттамалары негізінде қоса берлген нысаны бойынша кандидаттық емтихандарды тапсырғандығы туралы біртұтас куәлік береді        (3, 4 қосымша).
Халықаралық білім беру ұйымдарында (ACCELS, Британдық Кеңес, Гете Институт, Француздық альянс) TOFEL, IELTS, DAF, DELF, DALF нысанындағы стандартталған технологиялар бойынша  емтихан тапсырғандығы туралы сертификат немесе басқа да құжат болған жағдайда, оның нотариалды расталған көшірмесі кандидаттық емтиханды тапсырғандығы туралы куәлікке қоса беріледі.
Кандидаттық емтихандардың бағалары он жыл бойы күшінде болады.

        Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін  
         аралық аттестаттаудан өткізу
         жөніндегі нұсқаулыққа
         1-қосымша


Кандидаттық емтихан өткізу туралы
хабарлама


    ____________________________________жанындағы аймақтық орталық
        (ЖОО-ның атауы)
көктемгі (күзгі) сессияда жалпы ғылыми пәндер бойынша кандидаттық емтихандардың өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қосымша ____ бетте.

Ректор
(Аймақтық орталықтың басшысы)
__________________________


Ескерту: хабарлама фирмалық бланкіде Аймақтық орталық басшысының немесе орталық қызмет ететін базалық ұйым басшысының қолымен рәсімделеді.




Емтихан комиссиясының құрамы:

1. Тегі, аты, әкесінің аты (төраға) – ғылыми дәрежесі, мамандығының шифры, ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны;
2. Тегі, аты, әкесінің аты – ғылыми дәрежесі, мамандығының шифры, ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны;

Ізденушілер тізімі


Пән

Емтихан өткізетін күні, уақыты және орны (ғимарат, аудитория)




Емтихан тапсыратын ізденушілердің Т.А.Ж. (толық)
және олардың мамандықтары





Аймақтық орталықтың хатшысы –
аспирантура меңгерішісі                    ____________________
          Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін  
            аралық аттестаттаудан өткізу
            жөніндегі нұсқаулыққа
            2 қосымша


Кандидаттық емтихан өткізу туралы
хабарлама

________________________    __________________________арнайы пәні (ұйымның атауы)                                (шифры және атауы)(жалпы курс) бойынша кандидаттық емтихан өткізілетіні туралы хабарлайды.Емтихан комиссиясының құрамы:1. Тегі, аты, әкесінің аты (төраға) – ғылыми дәрежесі, мамандығының шифры, ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны, диссертациялық кеңестегі мүшелігі;2. Тегі, аты, әкесінің аты – ғылыми дәрежесі, мамандығының шифры (автореферат бойынша), ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны, диссертациялық кеңестегі мүшелігі;3. Тегі, аты, әкесінің аты – ғылыми дәрежесі, мамандығының шифры (автореферат бойынша), ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны, диссертациялық кеңестегі мүшелігі;4. Тегі, аты, әкесінің аты – ғылыми дәрежесі, мамандығының шифры (автореферат бойынша), ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны, диссертациялық кеңестегі мүшелігі;5. Тегі, аты, әкесінің аты – ғылыми дәрежесі, мамандығының шифры (автореферат бойынша), ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны, диссертациялық кеңестегі мүшелігі.Ізденушілер туралы мәлімет№Пән(Шифры және атауы)Емтихан өткізетін күні, уақыты және орны (ғимарат, аудитория) №Емтихан тапсыратын ізденушілердің Т.А.Ж. (толық)Мамандық123(әр мамандық үшін жеке толтырылады)Директор (ректор)                    ________________________Ескерту: хабарлама фирмалық бланкіде рәсімделеді     Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін        аралық аттестаттаудан өткізу      жөніндегі нұсқаулыққа                                           3-қосымша Орталық басқару органының атауыҰйымның атауы (Аймақтық орталық)Заңды тұлғаның мекен-жайы №  ___ куәлік      _________________________________________________________ (аты-жөні)мынадай пәндерден  ____________________________________________кандидаттық емтихандар тапсырғаны және төмендегі бағаларды алғаны туралы берілді: №Пәннің атауыБағасы және емтихан тапсырған күніАты-жөні, емтихан комиссиясы төрағасының және мүшелерінің ғылыми дәрежесі, атағы мен лауазымы Ұйымның атауы1Пән(шифры және атауы)(кандидаттық емтихан өткізу туралы бұйрықтың № және күні, Комитетке жіберілген хабарламаның № және күні )   Емтихан тапсырылған орынның мұрағатында сақталған хаттамалардың тұпнұсқалары негізінде берілді. Базалық ұйымның басшысыАспирантура меңгерушісі                                 Мерзімі «           »     Мөр      Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін        аралық аттестаттаудан өткізу      жөніндегі нұсқаулыққа                                         4 қосымша Орталық басқару органының атауы Ұйымның атауы (ЖОО, ҒЗИ)Заңды тұлғаның мекен-жайы №  ___ куәлік      _________________________________________________________ (аты-жөні)мынадай пәндерден  ________________________________________________ кандидаттық емтихандар тапсырғаны және төмендегі бағаларды алғаны туралы берілді: №Пәннің атауыБағасы және емтихан тапсырған күніАты-жөні, емтихан комиссиясы төрағасының және мүшелерінің ғылыми дәрежесі, атағы мен лауазымы Ұйымның атауы1Пән(шифры және атауы)(кандидаттық емтихан өткізу туралы бұйрықтың № және күні, Комитетке жіберілген хабарламаның № және күні )Бағасы    Аймақтық орталықтың куәлігі мен емтихан тапсырылған орынның мұрағатында сақталған хаттамалардың тұпнұсқалары негізінде берілді. Ұйымның басшысыАспирантура меңгерушісі                                 Мерзімі «           »     Мөр

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-22-14 Факс: +7 7172 74-23-78