Бастауыш >> Ресми құжаттарды апостильдеу бойынша қызмет көрсету стандарты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы «31» наурыздағы

336 қаулысымен

бекітілді

 

«Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызмет осы стандартқа 1 және 3-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Әкімшілік және талдамалық жұмыстар басқармасында (бұдан әрі – комитет) және облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары, сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталықтар) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет:

«Қазақстан Республикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 11 Заңының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-баптары;

«Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысының 1 және 2-тармақтары;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы Бiрыңғай қағиданы бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Комитеттің ресми сайтында (www.educontrol.kz) орналастырылған.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес апостиль қойылған құжатты не қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) комитетке жүгінген жағдайда - құжаттарды қарау олар түскен сәттен бастап бес жұмыс күніішінде жүзеге асырылады, құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты бір сағаттан аспайды, апостиль қойылған құжаттарды беру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты бір сағаттан аспайды;

2) орталыққа жүгінген жағдайда - құжаттарды қарау олар түскен сәттен бастап екі жұмыс күніішінде жүзеге асырылады, құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды, апостиль қойылған құжаттарды беру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген 0,5 айлық есептің көрсеткішті құрайтын мемлекеттік баж алынады. Төлеу тәсілі (қолма-қол және қолма-қол емес) төлем жүргізілетін банктің қалауына қарай белгіленеді.

9. Комитетте мемлекеттік қызмет 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейінгі жұмыс күндері көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау 9 00-ден 11 00-ге дейін жүзеге асырылады, апостиль қойылған құжаттарды беру 16 00-ден 18 00-ге дейін жүргізіледі. Орталыққа өтініш берген кезде күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз жүзеге асырылады, филиалдар мен өкілдіктер үшін бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 20-00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді, демалыс күні – жексенбі. Алдын ала жазылу және қызметті жедел ресімдеу жүргізілмейді.

10. Құжаттарды қабылдау «Министрліктер үйі» ғимаратында, 11-кіреберіс, 839-кабинетте жүзеге асырылады. Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғимаратында А014 кабинетке апаратын пандус көзделген (11 және 12-кіреберістер аралығында). Тұтынушылардың тұрғылықты жері бойынша орталық ғимараттарының күту залдарында креслолар, орындықтар, үстелдер, толтырылған бланктердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан. Орталық ғимараттарында дене дамуының мүмкіндіктері шектеулі тұтынушылардың мемлекеттік қызметке кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жарақталған тұтқалар, пандустар мен сүйеніштер көзделген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11. Аталған қызметті алу - ресми құжаттарға апостиль қойғызу үшін тұтынушы білім бөліміне немесе орталыққа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);

2) білімі туралы құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

3) мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (түпнұсқа);

4) білім беру ұйымының растама-анықтамасы (түпнұсқа);

5) егер тұтынушы өзі келе алмаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат (түпнұсқа).

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған тұтынушылардың құжаттары «Апостиль қойылған құжаттарды тіркеу кітабында» тіркеледі.

Апостиль Қазақстан Республикасының білім және ғылым органдарынан, білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттардың түпнұсқасына ғана қойылады.

12. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты комитеттің ресми сайтынан (www.educontrol.kz) алуға болады. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш толтыру талап етіледі.

13. Тұтынушылардың құжаттары комитеттің әкімшілік және талдамалық жұмыстар басқармасының сарапшысына (Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, 839-кабинет, байл. тел. 87172742430, 87172742429) немесе тұрғылықты жері бойынша орталықтың инспекторына тапсырылады.

Тұтынушы орталыққа жүгінген жағдайда: орталық инспекторы құжаттардың осы стандарттың 11-тармағына сәйкес толықтығын тексеруді, тізілім жасауды, құжаттарды жинауды және комитетке жіберуді жүзеге асырады. Орталық бөлімге арнайы байланыс арқылы күніне екі рет жіберуді жүзеге асырады.

Бөлім орталықтан келген құжаттарды алғаннан кейін олардың осы «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады да, тұтынушыға апостиль қойылған құжаттарды беру үшін орталыққа қайта жолдайды. Орындалған (дайын) құжаттар қолхатта көрсетілген мерзім өткенге дейін бөлімнен орталыққа түсуі тиіс.

15. Тұтынушыға қажетті құжаттардың тапсырылғаны туралы қолхат беріледі.

16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі:

1) комитетке жүгінген жағдайда - тұтынушының өзі келгенде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызметтері арқылы;

2) орталыққа жүгінген жағдайда - күн сайын қолхатта көрсетілген мерзім ішінде «терезелер» арқылы көрсетіледі.

17. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетінің толық ұсынылмауы негіз болып табылады.

Комитет құжаттар пакетін алған соң бір жұмыс күні ішінде қайтару/бас тарту себептерін жазбаша түрде негіздей отырып оларды орталыққа қайтарады.

Орталық құжаттар пакетін алған соң бір жұмыс күні ішінде тұтынушыға комитеттің қайтару/бас тарту себептері туралы хабарлайды және жазбаша негіздеме береді.

Егер тұтынушы белгіленген мерзімде құжаттарды алуға келмеген жағдайда орталық бір ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан соң оларды комитетке жібереді.

3. Жұмыс қағидаттары

18. Комитет пен орталық қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік борышты атқару кезіндегі заңдылық;

3) сыпайылық;

4) толық ақпарат беру;

5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығын сақтау.

4. Жұмыс нәтижелері

19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және комитет пен орталыққа шағымдарды дайындауға көмек көрсету үшін осы стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес аталған жұмысқа жауапты адамдар анықталады.

Шағымдар ауызша және/немесе жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда (нақты тармағын көрсету қажет) электронды түрде не жұмыс күндері комитет пен орталықтың кеңселері арқылы қолма-қол қабылданады.

22. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына көңілі толмаған жағдайда шағым комитет төрағасының атына немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкіміне, қызмет орталық арқылы көрсетілгенде орталық директорының атына осы стандарттың 1, 2-қосымшасына сәйкес беріледі.

23. Шағым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің кеңсесі арқылы (843 кабинет, байл.тел.8 7172 742377, жұмыс кестесі: 9.00-18.30, түскі уақыт 13.00-14.30, демалыс күндері – сенбі, жексенбі) немесе тұтынушының тұрғылықты жері бойынша орналасқан орталықтың кеңселері арқылы (күн сайын сағат 9.00-20.00 дейін түскі үзіліссіз) қабылданады және заңнамада белгіленген мерзімде қаралады.

Тұтынушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағым берген кезде (ресми аппеляция және басқа жағдайлар үшін) тұтынушының өтініші қажет.

25. Қабылданған шағым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің немесе тұтынушының тұрғылықты жері бойынша орналасқан орталықтардың шағымдар мен өтініштерді есепке алу журналдарында тіркеледі және заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.

Комитет төрағасының және орталық басшысының байланыс телефондары осы стандарттың 1, 3-қосымшаларына сәйкес ресми ақпарат көздерінде және бөлімдер мен орталықтардың үй-жайларында орналастырылған ақпараттық стенділерде көрсетілген.

26. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты 010000, Астана қ., «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс, 839-кабинет мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінен, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларынан, аудандар мен қалалардың облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінен және осы стандарттың 1, 3-қосымшаларына сәйкес орталықтардан, сондай-ақ комитеттің сайтынан (www.educontrol.kz) ала алады.

 

 

«Қазақстан Республикасының білім,

ғылым органдарынан және оқу

орындарынан шығатын ресми

құжаттарға апостиль қою»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша


Қазақстан Республикасының білім және ғылым органдарынан, оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі басшылар мен жауапты орындаушылардың байланыс деректері

Р/с

Лауазымы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефондары

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс, 919-кабинет

8 (7172) 74-23-49

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Әкімшілік және талдамалық жұмыстар басқармасының бастығы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс. 839-кабинет

8 (7172) 74-24-29

3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Әкімшілік және талдамалық жұмыстар басқармасының сарапшысы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс, 839-кабинет

8 (7172) 74-24-30

 

 

«Қазақстан Республикасының білім,

ғылым органдарынан және оқу

орындарынан шығатын ресми

құжаттарға апостиль қою»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасының білім,

ғылым органдарынан және оқу

орындарынан шығатын білім туралы

құжаттарға апостиль қою» үлгісі

 

APOSTILLE

( Convention de la Hayе du 5 octobre 1961 )

1. Ел: Қазақстан Республикасы

Рауs, Country

Осыресми құжатқа,

Le present acte public, This public document

2. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректоры қол қойды

a ete signe par, has been signed by

3.Лауазымды тұлға ретінде

agissant en qualite de, acting in the capacity of

  1. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мөрімен/ мөртаңбасыменбекітілді

est revetu du sceau/timbre de, bears the seal/stamp of

Куәландырылды, Atteste,

Certified

5. Астана_қаласында 6. 2011ж. « »_________күні

a, аt le, the

7. КімменҚазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы М.Бектемесовпен

8. sous № _________________

9. Мөр/мөртаңба 10. Қолы ________________

Sceau/timbre, Seal/stamp Signature

 

 

«Қазақстан Республикасының білім,

ғылым органдарынан және оқу

орындарынан шығатын ресми

құжаттарға апостиль қою»

мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

3-қосымша

 



 

р/н

Орталықтың аталуы

Орталықтың

орналасқан мекен-жайы

Операциялықзалдың телефон нөмірі

Басшының телефоны

нөмірі

1

2

3

4

5

1

Ақмола облысының ХҚКО

Кокшетау қ.,

Әуезов көшесі, 189 үй «а»

8 (7162)40-10-76

8 (7162) 40-10-63

қабылдау

2

Ақтөбе облысының ХҚКО

Ақтөбе қ.

Тургенев көшесі,

д.109

8(7132)56-40-34

8(7132) 56-57-87

қабылдау

3

Алматы облысының ХҚКО

Талдықорған қ.

Тәуелсіздік көшесі, 67 «б»

8(7282)24-31-10

8(7282)24-41-33

қабылдау

4

Атырау облысының ХҚКО

Атырау қ.

Авангард көшесі,

2-23 «б»

8(7122)28-39-14

8(7122)28-40-14

қабылдау

5

Шығыс-Қазақстан облысының ХҚКО

Өскемен қ.

Белинский көшесі,

37 «а»

8(7232)47-14-96

8(7232)28-94-67

қабылдау

6

Шығыс-Қазақстан облысының № 2 ХҚКО

Семей қ. 408-ші квартал, 21 үй

8(72225)33-57-97

8(72225)33-55-93

қабылдау

7

Жамбыл облысының ХҚКО

Тараз қ.

Қойгелді көшесі, 158 «а»

8(7262)43-84-15

8(7262)43-84-14

қабылдау

8

Батыс-Қазақстан облысының ХҚКО

Орал қ.

Жамбыл көшесі, 81

8(7112)23-67-16

8(7112)23-68-81

қабылдау

9

Қарағанды облысының ХҚКО


Қарағанды қ.

Чкалов көшесі,

7

8(7212)41-63-03

8(7212)41-63-10

қабылдау

10

Қостанай облысының ХҚКО

Қостанай қ.

Таран көшесі, 114

8(7142)53-45-74

8(7142)54-10-20

қабылдау

11

Қызылорда облысының ХҚКО

Қызылорда қ,

Мұратбаева көшесі

8(7242)23-09-15

8(7242)23-08-46

қабылдау

12

Маңғыстау облысының ХҚКО

Ақтау қ. 15 мкр., 67 «б»

8(7292)42-23-14

8(7292)42-23-12

қабылдау

13

Павлодар облысының ХҚКО

Павлодар қ.

Павлов көшесі, 48

8(7182)33-47-54

8(7182)33-47-35

қабылдау

14

Солтүстік-Қазақстан облысының ХҚКО

Петропавл қ.

Әуэзов көшесі,

157

8(7152)33-21-12

8(7152)33-31-03

қабылдау

15

Оңтүстік-Қазақстан облысының ХҚКО

Шымкент қ.

Мәделі қожа көшесі

8(7252)21-48-43

8(7252)30-06-79

қабылдау

16

Алматы қаласының Алмалы ауданының ХҚКО

Алматы қ.

Бөгенбай батыр көшесі 221

8(7272)378-09-10

8(7272)378-09-09

қабылдау

17

Алматы қаласының Бостандық ауданының ХҚКО

Алматы қ.

Ходжанова көшесі, 9

8(7272)249-69-04

8(7272)248-17-77

қабылдау

18

Алматы қаласының Жетісу ауданының ХҚКО

Алматы қ.

Төле би көшесі, 155

8(7272)378-46-72

8(7272)378-47-01

қабылдау

19

Алматы қаласының Медеу ауданының ХҚКО

Алматы қ.

Марков көшесі

44

8(7272)386-90-18

8(7272)239-65-52

қабылдау

20

Алматы қаласының Түрксіб ауданының ХҚКО

Алматы қ.

Зорге көшесі, 9

8(7272)234-09-27

8(7272)234-09-35

қабылдау

21

Астана қаласының Алматы ауданының ХҚКО

Астана қ.

Мирзоян көшесі, 25

8(7172)648404

648466

8(7172)618403

қабылдау

22

Астана қаласының Алматы ауданының № 2 ХҚКО

Астана,

Күйші Дина көшесі, 31

8(7172)40-66-54

8(7172)40-65-62

қабылдау




23

Астана қаласының Сарыарқа ауданының № 1 ХҚКО

Астана қ.

Республика даңғылы,

43

8(7172)32-07-13

32-46-97

8(7172)32-42-79

қабылдау

24

Астана қаласының Сарыарқа ауданының № 2 ХҚКО

Астана қ.

Тлендиев көшесі,

(81), 85

8(7172)37-70-46

8(7172)37-74-34

қабылдау