Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу   / 2008 жылғы білім беру ұйымдарын аккредиттеу нәтижелері 
2008 жылғы білім беру ұйымдарын аккредиттеу нәтижелері


Білім беру ұйымдарын аккредиттеу алғаш рет елімізде 2001 жылы жоғары оқу орындарын мемлекеттік аккредиттеу түрінде енгізілді. Алайда жоғары оқу орындарын мемлекеттік аккредиттеу рәсімі халықаралық талаптарға сәйкес емес еді, ол тек мемлекеттік бақылаудың бір түрі болатын. Сыртқы бағалау тек сандық көрсеткіштер бойынша жүргізілгендіктен белгілі бір деңгейде мемлекеттік аттестаттау рәсімін қайталау болып табылды.

Сондықтан «Білім туралы» Заңда Қазақстанда аккредиттеудің халықаралық моделін енгізу көзделген. Осы мақсатта Үкімет қаулысымен Ұлттық аккредиттеу орталығы құрылды.

«Білім туралы» Заң бойынша аккредиттеу институционалдық және мамандандырылған түрде өткізіледі. Институционалдық аккредиттеу жоғары оқу орнын жалпы аккредиттеу, ал мамандандырылған аккредиттеу жеке білім беру бағдарламалары бойынша өткізіледі.

Білім беру ұйымдарын аккредиттеу мемлекеттік бақылаудың түрі болып саналмайды. Бұл рәсім бесекелестік ортаға берілді.

«Білім беру ұйымдарын аккредиттеу аккредиттеу ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1385 қаулысының негізінде 2008 жылы білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу туралы нұсқаулық жасалып бекітілді (ҚР БҒМ 2008жылғы 5 наурыздағы № 109 бұйрығы).

Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерде Болон процесіне қосылу үшін білім беру ұйымдарын аккредиттеудің халықаралық моделін ескере отырып, мемлекеттік аккредиттеуден қоғамдық-кәсіби аккредиттеуге көшу көзделген.

Осыған байланысты алғаш рет жоғары оқу орындарына белгілі шет елдік агентстволар арқылы халықаралық аккредиттеуден өту құқығы берілді.

Аккредиттеуді бес жыл мерзімге білім беру ұйымдарының ведомствовалық бағыныштылығына меншік түріне қарамастан білім беру ұйымының арыщы негізінде аккредиттеу органы өткізеді.

Ұлттық аккредиттеу орталығымен (ҰАО) бірлесе отырып білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттары мен критерийлері жасалды, жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз етудің халықаралық желісі және шет елдік аккредиттеу агентстволар бойынша ақпараттық банк құрылды, білім сапасын бағалау эксперттерін даярлау үшін халықаралық өкілдердің қатысуымен семинарлар, тренинг-курстар өткізіледі.

2008-2010 жылдары 5 ұлттық жоғары оқу орындары институционалдық аккредиттеуден және олардың 10 оқу бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеуден халықаралық аккредиттеу агентстволары арқылы өткізілу жоспарланып отыр.

Білім сапасын қамтамасыз етудің халықаралық желісінің және шет елдік аккредиттеу агентстволарының жұмысымен танысу үшін Ұлттық аккредиттеу орталығымен бірлесе отырып, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «жоғары білім сапасын қамтамасыз ету және бағалау: ұлттық контекс және халықаралық интеграция» тақырыбында халықаралық семинар ұйымдастырылды. Ресейден, Ұлыбританиядан, Германиядан, Голландиядан, АҚШ-тан, Нидерландыдан 10 шет елдік агентстволардың өкілдері қатысты.

   2008 жылы институционалдық аккредиттеу өткізу үшін республикалық бюджеттен 30 627 мың теңге қаражат бөлінді.

2008 жылы халықаралық аккредиттеуден жекелеген білім бағдарламалары бойынша М. Әуезов атындағы ОҚМУ (7 оқу бағдарламалары: 050506-Химия, 050608-Экология, 050701-Биотехнология, 050720-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 050721-Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 050727-Тамақ өнімдері технологиясы), Қазақ бас архитектура-құрылыс академиясы (1 оқу бағдарламасы 050420-Сәулет) өздерінше халықаралық аккредиттеуден өтті.

Ұлттық аккредиттеу орталығы Қарағанды мемлекеттік медицина университетімен біріге отырып, медициналық жоғары оқу орындарының институционалдық аккредиттеу стандарттары мен критерийлерін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде жасады.

Қазіргі кезде Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы (Ақтөбе қ.), С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті (Алматы қ.), Семей медициналық академиясы, Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы институционалдық аккредиттеуден өту үшін өтініш берді.

Белгілі шет елдік аккредиттеу агентстволарынан аккредиттеуден өту қазақстандық білімнің халықаралық деңгейін арттыруға көмектеседі және Болон процесіне сәйкес Қазақстанның еуропалық білім кеңістігіне кіру процесін жеделдететін болады.

Мәселелер:

Аккредиттеу рәсімі бәсекелестік ортаға берілгендіктен ұйымдастыру бағытында білім беру ұйымдарын аккредиттеудің халықаралық моделін енгізу жоспарын орындауды іске асыруда кейбір шешілмеген мәселелер бар.

Шешу жолдары:

Ұлттық аккредиттеу орталығымен біріге отырып жоғары оқу орындарын аккредиттеу бойынша жұмысты жандандыру және 2009 жылдан бастап халықаралық талаптарға сәйкес аккредиттеу рәсімін бастау керек.

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-22-14 Факс: +7 7172 74-23-78