Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу   / Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу нұсқаулығы 
Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу нұсқаулығы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 5 наурыздағы
№ 109  бұйрығымен бекітілген

 

Білім беру ұйымдарында аккредиттеуді ұйымдастыру
және өткізу бойынша
НҰСҚАУЛЫҚ

 

 

 

1. Жалпы ережелер

 

 

1. Білім беру ұйымдарында аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу жөнінідегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының  2007 жылғы  27 шілдедегі  Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы  29 желтоқсандағы № 1385 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережелеріне сәйкес дайындалды.
2. Нұсқаулық кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын  аккредиттеуді ұйымдастырудың және өткізудің тәртібін (бұдан әрі – аккредиттеу) белгілейді. 3. Аккредиттеу білім беру ұйымдарының қызметін аккредиттеу органы жасаған стандарттар мен өлшемдердің сәйкестігіне бағалау негізінде жүзеге асырылады. 
4. Аккредиттеуді өткізуді ұйымдастыру аккредиттеу органдарын сертификаттауды жүзеге асыру және аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарының Тізімін жүргізу болып табылады.


2. Білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастырудың және өткізудің тәртібі

5. Білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткізуді аккредиттеу органы осы аккредиттеу органы белгілеген стандарттар мен өлшемдерге сәйкес  білім беру ұйымының қызметін бағалау негізінде жүргізеді.
6. Аккредиттеу мәселелерін алқалы және ашық қарау үшін аккредиттеу органының жанынан Аккредиттеу кеңесі құрылады.Аккредиттеу кеңесінің құрамын және ол туралы ережені аккредиттеу органы бекітеді.
7. Аккредиттеу кеңесінің құрамына білім беру саласындағы уәкілетті органның, аккредиттеу органының, білім беру ұйымдарының,  мемлекеттік емес және студенттік ұйымдардың өкілдері кіреді.
8.  Институционалдық аккредиттеуден өту үшін білім беру ұйымдары аккредиттеу органына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) аккредиттеу органы  бекіткен  нысандағы өтiнiш;
2) мемлекеттік лицензияның көшірмесі және білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымшалар.
Мамандандырылған аккредиттеуден өту кезінде білім беру ұйымы аккредиттеу органына институционалдық аккредиттеуден өткені жөніндегі куәлігінің көшірмесін қоса тапсырады.
Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің біріктіріліп өткізілуі мүмкін.
9. Аккредиттеу мынадай кезеңдерден тұрады:
1) білім беру ұйымының өтініш беруі және аккредиттеу органы мен білім беру ұйымының арасындағы екіжақты келісім-шарттың жасалуы;
2) білім беру ұйымының аккредиттеу органы тағайындаған стандарттар мен өлшемдерге сәйкес келетіні  туралы есебін жасап,  өзін-өзі бағалауын өткізуі;
3) білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы туралы есебін аккредиттеу органына ұсынуы;
4)  білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы туралы есебін аккредиттеу органында  қарау;
5) ұсынылған есеп бойынша аккредиттеу органының білім беру ұйымына ұсынымдар әзірлеуі;
6) аккредиттеу органы  сарапшыларының  білім беру ұйымында болуы және  олардың аккредиттеу органының стандарттары мен критерийлеріне сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша ұсынымдарымен қоса есеп жасауы;
7) Аккредиттеу кеңесінде білім беру ұйымын аккредиттеу үшін материалдар дайындау; 
8) Аккредиттеу кеңесінде білім беру ұйымын аккредиттеу туралы мәселені қарау;
9) Аккредиттеу органының  тиісті шешімдерді қабылдауы;
10)  аккредиттеу органының веб-сайтында толық есепті жариялау.
10. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу аккредиттеуден өту туралы өтініш тіркелгеннен бастап Аккредиттеу кеңесі тиісті шешім шығарғанға дейін жүргізіледі.
11. Аккредиттеу органымен білім беру ұйымының құжаттарын қарауының,  білім беру ұйымына сарапшылардың баруының және шешім қабылдауының мерзімі аккредиттелетін білім беру ұйымдарының өтініш берген күнінен бастап, бір жылдан үш жылға дейін белгіленеді. 
12. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу рәсімі аккредиттеу кестесіне сәйкес өткізіледі.
13. Өзін-өзі бағалау рәсімі аяқталған соң білім беру ұйымы  аккредиттеу органына өзін-өзі бағалау есебін қағаздық және электрондық нұсқада жібереді.
14. Аккредиттеуді өткізу үшін аккредиттеу органы сыртқы сараптау комиссиясын құрады. Сыртқы сараптау комиссиясы туралы ережені аккредиттеу органы бекітеді.Сыртқы сараптау комиссияның білім беру ұйымына бару мерзімі  туралы ақпарат сыртқы бағалау басталғанға дейін үш ай бұрын хабарланады.
15. Сараптау комиссияның білім беру ұйымына баруы аккредиттеу органы бекіткен және жарияланған сыртқы бағалау стандарттарына сәйкес екі-төрт жұмыс күні ішінде өткізіледі. 
16. Сыртқы сараптау комиссиясы өзін-өзі бағалау есебін білім беру ұйымына барғанға дейін зерделейді.
17. Білім беру ұйымына бару есебін сараптау комиссиясы аккредиттеу органында бір-екі күн ішінде жазады.
18. Аккредиттеу органы өзін-өзі бағалау есебін, сыртқы сараптау комиссиясының есебін зерделейді және білім беру ұйымын аккредиттеуді Аккредиттеу кеңесінде қарау үшін материалдар дайындайды.
19. Аккредиттеу кеңесі  мынадай шешім қабылдайды:
1) аккредиттелсін;
2) аккредиттеуден бас тарту.
20. Аккредиттеу органы Аккредиттеу кеңесінің оң шешімі негізінде білім беру ұйымын бес жыл мерзімге әсері бар аккредиттеу туралы куәлікті  (бұдан әрі – куәлік) рәсімдейді.
21. Куәліктің қолданыстағы мерзімін созу үшін білім беру ұйымы куәліктің қолданыс мерзімінің бітуіне бір жыл қалғанға дейінгі мерзімде аккредиттеу органына  өтініш береді.
22. Аккредиттеуден бас тартқан жағдайда білім беру ұйымына    жазбаша хабарлама беріледі. Білім беру ұйымының қайта берген өтініші бір жылдан аз болмайтындай уақыт өткеннен соң жалпыға бірдей негізде қарастырылады.
23. Аккредиттеу туралы куәліктер бланкілерінің нысанын белгілеуді, оны бекітуді, дайындауды, есепке алуды және сақтауды аккредиттеу органы жүзеге асырады.
24. Аккредиттеу  куәлiктерін алған білiм беру ұйымдары туралы ақпарат уәкілетті органға беріледі және аккредиттеу органының сайтына орналастырылады.
25. Аккредиттеу туралы куәлiктің күші 5 жыл өткеннен кейін жойылады.
26. Бiлiм беру ұйымы таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда, сәйкес өзгерістер уәкілетті органы аккредиттелген бiлiм беру ұйымдарының Тізіміне енгізеді.
27. Білім беру ұйымын аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім заңнамада белгіленген тәртіп бойынша шағымдалады.
28. Аккредиттеу туралы куәлiк жоғалған жағдайда аккредиттеу органы бiлiм беру ұйымының жазбаша өтiнiшi негiзiнде он жұмыс күні ішінде оған аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын бередi.Бiлiм беру ұйымын аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын рәсімдеу бiлiм беру ұйымының өз қаражаты есебінен жүргізіледі.
_____________________________________________________

 

 

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)