Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу   / 2009 жыл бойынша жоғары оқу орындарын және ғылыми ұйымдарды мемлекеттік аттестаттау және аккредиттеу бойынша ақпарат 
2009 жыл бойынша жоғары оқу орындарын және ғылыми ұйымдарды мемлекеттік аттестаттау және аккредиттеу бойынша ақпарат

а) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау

Білім беру ұйымдарын аттестаттауды жетілдіру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 211 бұйрығымен мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

Мемлекеттік аттестаттау бойынша комиссияларды құрастыру үшін сарапшылардың дерек қорын жаңарту жұмысы жүргізілді.

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бұйрығымен мынадай:

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

- бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру;

- техникалық және кәсіптік білім берудің, орта білім беруден кейінгі білім беру білім ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарламалар мен әдістемелік ұсынымдар бекітілді.

2009 жылғы 30 мамырдағы Министрдің тапсырмасын орындау үшін ҚР БҒМ 2009 жылғы 8 маусымдағы № 279 бұйрығымен ҚР БҒМ Жауапты хатшысы Ф.Ш. Қуанғановтың жетекшілігімен жоғары оқу орындары мен мамандықтар желісін оңтайландыру үшін жұмыс тобы құрылды.

Басқару институты құрылтайшысының хатына сәйкес оңтайландыру қорытындылары бойынша білім беру құқығына берілген бас лицензиясы қайтарылды.

9 жоғары оқу орындары басшыларының хаттарына сәйкес 22 мамандықтар бойынша лицензиялары қайтарылды және 3 жоғары оқу орындарының 15 мамандық бойынша студенттерді қабылдауы тоқтатылды.

Қырқүйекте 32 жоғары оқу орындарының қызметін жоспардан тіс тексеру жүзеге асырылды. Тексеру қорытындылары бойынша бірнеше жоғары оқу орындарының бас лицензиялары, сонымен қатар бөлек мамандықтар бойынша лицензиялар тоқтатылды.

2009 жылғы қаңтар айынан бастап қазіргі кезге дейін 14 жоғары оқу орнында, 1 колледжде, 2 мектепте және 1 орталықта мемлекеттік аттестаттау жүргізілді; 25 жоғары оқу орнында мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктерді жоюды анықтау үшін комиссиялар құрылды.

2009 жылғы қаңтар айынан бастап қазіргі кезге дейін жоғары оқу орындары 489 мамандықтар бойынша аттестатталды, 237 мамандықтар бойынша аттестатталмады, 70 мамандықтар бойынша лицензиялар қайтарылды, 104 мамандықтар бойынша лицензияның қолданысы тоқтатылды, лицензияның қолданысы 129 мамандықтар бойынша жандандырылды.

2009 жылдың 25 желтоқсанда жергілікті білім беру басқармаларының өкілдерінің қатысуымен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау және лицензиялау, білім беру саласындағы тәуекелдік жүйесін бағалау мәселелері бойынша Республикалық семинар өткізілді.

б) Ғылыми ұйымдарды аттестаттау және мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеу

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Комитет мемлекеттік ғылыми ұйымдарды аттестаттау және мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді.

Ғылыми ұйымдарды аттестаттау және аккредиттеу рәсімдерін реттеу мақсатында Ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу туралы Нұсқаулыққа өзгерістер енгізілді, Уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілеттігі анықталды (ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі).

Сонымен қатар мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеуден өткізу туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізілді, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің өкілеттігі анықталады және мемлекеттік емес ғылыми ұйымның куәлігінің жаңа нысаны бекітілді.

2009 жылы аттестаттау комиссияның ұсынысы бойынша 27 ғылыми ұйым 2 филиалымен аттестатталды, 2 ғылыми ұйым тексерілді.

Аккредиттеу комиссияның ұсынысы бойынша 83 ғылыми ұйымдар аккредиттелді. Осыған қарай 3 ғылыми ұйымның қызметтері орналасқан жеріне барып тексерілді және 12 ғылыми ұйымдар аккредиттелмеді. Атының өзгеруіне байланысты 2 ғылыми ұйымның аккредиттеу куәлігі қайта рәсімделді.

Кәзіргі кезде Қазақстан Республикасында 268 аккредиттелген ғылыми ұйымдар және 123 аттестатталған ғылыми ұйымдар және олардың 33 филиалы жұмыс істейді.

в) білім беру ұйымдарын аккредиттеу

Халықаралық аккредиттеуден өту шеңберінде 5 ұлттық жоғары оқу орындары: аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақ ұлттық агарарлық университеті бакалавриат және магистратура бойынша білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өткізуге дайындауда.

Осы мақсатта олар ASIIN и ACQUIN (Германия), ABET (АҚШ) аккредиттеу агентстволарымен қарым-қатынас жасауда.Соңғы екі жылда осы мақсатқа бюджеттен 60 млн.теңгеден аса қаржы бөлінді.

Министрдің 2009 жылғы 8 желтоқсанда № 569 бұйрығымен аккредиттеуді өткізу ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығына жүктелді.

Аккредиттеудің халықаралық моделіне сәйкес ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығында мынадай жоғары оғу орындары:

  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

  • Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;

  • Қазақ аграрлық университеті;

  • Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;

  • Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;

  • Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті;

  • Алматы энергетика және байланым институты;

  • Инновациялық Еуразия университеті;

  • Халықаралық бизнес академиясы институционалды аккредиттеуден өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің бастамасы бойынша 2009 жылы 15-16 маусымда Астана қаласында рейтингтер жөніндегі халықаралық сараптама тобының 4-ші Конференциясы өткізілді (IREG-4).

Конференцияға әр елден 60-тан аса сарапшылар, еліміздің жоғару оқу орындарының басшылары қатысты. Халықаралық дәрежедегі ғаламдық рейтингінің, жоғары білім оқу орындарын ұлттық ранжирлеу мәселелері қарастырылды.

Конференция қорытындары жоғары оқу орындарының қызметіне сыртқы баға беруді одан әрі дамыту үшін ықпал ететін болады.

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz