Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Нормативтік құқықтық актілер   / Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу ережесі 
Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу ережесі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің  2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1385 қаулысымен бекітілген

Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу ережесi "Білiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.
2. Білім беру саласындағы уәкілетті орган жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастырады.
3. Аккредиттеуді меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарының өтініші негізінде аккредиттеу органдары жүзеге асырады.Аккредиттеу институционалдық және мамандандырылған түрде жүзеге асырылады.
4. Аккредиттеу органы әзірлеген стандарттар мен критерийлерге білім беру ұйымы қызметінің сәйкестігін бағалау негізінде  білім беру ұйымдарын аккредиттеу жүргізіледі.
5. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары немесе олардың филиалдары аккредиттеуден Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын  аккредиттеу шарттарымен және тәртібімен өткізіледі.
6. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу білім беру ұйымдарының меншікті қаражаты есебінен жүргізіледі.
7. Жоғары оқу орындары шетелдік халықаралық танымал агенттіктер жүзеге асыратын халықаралық аккредиттеуден өтуге құқылы.

2. Білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткізу тәртібі8. Институционалдық аккредиттеуден өту үшін білім беру ұйымы аккредиттеу органына мынадай құжаттарды ұсынады:

 

8. Институционалдық аккредиттеуден өту үшін білім беру ұйымы аккредиттеу органына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) аккредиттеу органы белгілеген нысан бойынша өтiнiш;
2) білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін мемлекеттік лицензияның көшірмесі мен лицензияға қосымшалары.Мамандандырылған аккредиттеуден өту кезінде білім беру ұйымы аккредиттеу органына институционалдық аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесін қосымша ұсынады.
9. Аккредиттеу мынадай кезеңдерден тұрады:
1) аккредиттеу органы белгілеген стандарттар мен критерийлерге сәйкестігі туралы есеп жасай отырып, білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау жүргізуі;
2) білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау туралы есебін аккредиттеу органына ұсынуы;
3) білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау туралы есебін аккредиттеу органында қарау;
4) ұсынылған есеп бойынша аккредиттеу органының білім беру ұйымына ұсынымдар әзірлеуі;
5) аккредиттеу органы сарапшыларының білім беру ұйымында болуы және олардың аккредиттеу органының стандарттары мен критерийлеріне сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша ұсынымдарымен қоса есеп жасауы;
6) аккредиттеу кеңесінде білім беру ұйымын аккредиттеу үшін материалдар дайындау;
7) аккредиттеу кеңесінде білім беру ұйымын аккредиттеу туралы мәселені қарау;
8) аккредиттеу органының тиісті шешімдерді қабылдауы;
9) аккредиттеу органының веб-сайтында толық есепті жариялау.
10. Білім беру ұйымын аккредиттеу оның аккредиттеуден өтуге  өтініші тіркелген сәттен бастап аккредиттеу органы тиісті шешім шығарғанға дейін жүзеге асырылады.
11. Білім беру ұйымының қызметін және/немесе жекелеген білім беретін бағдарламаларын бағалау  нәтижелері бойынша аккредиттеу органы мынадай шешімдер қабылдайды: 1) аккредиттелсін; 2) аккредиттеуден бас тартылсын.
12. Аккредиттеу туралы оң шешім қабылданғаннан кейін аккредиттеу органы білім беру ұйымына бес жыл мерзімге куәлік береді.
13. Білім беру ұйымын аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
14. Таратылған жағдайда бiлiм беру ұйымы аккредиттеу органына тиісті ақпаратты ұсынады және білім беру ұйымын тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде  аккредиттеу туралы куәлікті аккредиттеу органына қайтарады. Аккредиттеу органы білім беру ұйымын аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайды. 15. Аккредиттеу органы өзі аккредиттеген білім беру ұйымдарының деректер базасын қалыптастырады.
16. Білім беру ұйымы қайта тіркелген немесе  қайта құрылған  жағдайда аккредиттелген білім беру ұйымдары көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, он жұмыс күні ішінде аккредиттеу органына аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу туралы жазбаша хабарлайды. Аккредиттеу органы өтініш берушінің  жазбаша хабарламасын алған уақыттан бес жұмыс күнінен кешіктірмей, аккредиттеу туралы куәлік береді. Қайта құру нәтижесінде жаңадан құрылған білім беру қызметін жүргізу құқығы берілген лицензиясына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы жалпыға бірдей негізде аккредиттеуден өтеді.
17. Аккредиттеу туралы куәлiк жоғалған жағдайда аккредиттеу органы бiлiм беру ұйымының жазбаша өтiнiшi бойынша он жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәлiктiң дубликатын бередi.
Білім беру ұйымын аккредиттеу туралы куәліктің дубликатын рәсімдеу білім беру ұйымының жеке құралдары есебінен жүргізіледі.                                 


  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)