Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 19, 225-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 5 мамыр N 94
Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдыќ-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 2, 16-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 866 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 14, 137-құжат).
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев