Ырсалиев Серік Әзтайұлы - төраға

 

 Ырсалиев Серік Әзтайұлы 1959 жылдың 23 сәуірінде Алматы облысы Жаркент қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген. 1976 жылы Талдықорған қаласындағы мектепті аяқтағаннан кейін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (ҚазҰАУ) орман шаруашылығы факультетіне оқуға түсті. «Орманжоба» Бүкілкеңестік бірлестігі Қазақ аэрофотоорманқұрылыс кәсіпорынының орман таксациясында инженер болып қызмет атқарды. 1982 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің орман шаруашылығы факультетінің жанындағы аспирантураның іштей бөліміне оқуға түсті. 1986 жылы «Жоңғар Алатауының қылқан жапырақты ормандарындағы орманды қалпына келтіру жұмыстарының орман шаруашылық негіздері» тақырыбында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуге диссертация қорғады. Аспирантураны аяқтағаннан кейін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу бөлімі өндірістік тәжірибелерінің меңгерушісі, комсомол комитетінің хатшысы, ботаника және өсімдіктер физиологиясы кафедрасының ассистенті, орман шаруашылығы кафедрасының доценті, шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі декан, орман шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі (1984-93 жылдар) қызметтерін атқарды. «Чамкардонг» Пномпень ауыл шаруашылығы техникалық институтының орман шаруашылығы кафедрасында сабақ берді (Камбоджа, 1989-1990жж.). 1993 жылы ҚР Білім министрлігіне мемлекеттік қызметке қабылданды. 1993-1999 жылдары Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Бас басқарма бастығының орынбасары, ҚР Білім миинстрлігінің АҚШ-тағы өкілі, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы болып істеді. 1999-2003 жылдары Мемлекеттік білім беру стандарттары және тестілеу ұлттық орталығының директоры (БҒМ). 2003-2004 жылдары – ҚР БҒМ Орта білім департаменті директорының міндетін атқарушы, Бюджеттік және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Білім беруді дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.  2004 жылғы қараша мен 2007 жылғы ақпан аралығында БҒМ Бақылау және аттестациялау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары. 2007 жылғы ақпан мен 2010 жылғы сәуірі аралығында БҒМ Дамыту стратегиясы департаментінің директоры. 2010 жылғы сәуір айынан 2011 жылғы қазан аралығында – Білім және ғылым вице-министрі. Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне сыртқы сапаны бағалауды енгізу мәселелеріне арналған 40-тан астам жарияланымдары бар.  «Білім беру үздігі» белгісімен (1995), «Конституцияға 10 жыл» медалімен (2005), «Құрмет» орденімен (2007), «Астанаға 10 жыл» медалімен (2008), «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған. «Нұр Отан» ХДП мүшесі, бастауыш партия ұйымының төрағасы. Казіргі кезде БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс атқарады. 

Үйленген. Үш баласы бар.

 

Ахметов Әлтайыр Амангелдіұлы - төрағаның орынбасары

 

 Ахметов Әлтаир Амангелдіұлы 1979 жылы 10 маусымда дүниеге келген.  2000 жылы заңгер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді. Жоғары оқу орнын бітірген соң ҚР Сыртқы істер министрлігінің заң бөлімінде атташе, референт болып қызмет атқарған. Одан кейін 2003 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінде: баспасөз және бұқаралық байланыстар бойынша Бөлімнің бас сарапшысы, әлеуметтік-саяси бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, бас кеңесшісі, ҚР Президенті Кеңсесінің кеңесшісі, ҚР Президентінің Ішкі саясат Бөлімінің кеңесшісі болып қызмет атқарған. Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 

 

Бөлебаева Ләззат Қайдирбекқызы - төрағаның орынбасары

Бөлебаева Ләззат Қайдирбекқызы 1975 жылы 23 мамыр айында Қызыл-Орда қаласында туған. 1996 жылы «Мемлекеттік бюджет» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Алматы қ. Халық шаруашылық институты) бітірді. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін бітірді, «Саясаттану» мамандығы бойынша Әлеуметтік білімдер магистрі атағы тағайындалды. 1996-1998 жылдар аралығында «Триллис» компаниясында бухгалтер болып жұмыс атқарды. 1998-2011 жылдар аралығында ҚР Статистика жөніндегі агенттігінде: Статистикалық ақпараттарды талдау және жариялау департаментінің Экономикалық талдау және конъюнктурлық тексерулер бөлімінде бас маман, Координациялау департаментінің Құрылымдық статистика бөлімінде, Тіркелімдер және жіктелімдер департаментінің Жіктелімдер және метадеректерді жүргізу басқармасының бастығы, Ұлттық шоттар және зерттеулер департаменті директорының орынбасары, Тіркелімдер және жарияланымдар департаментінің директоры болып жұмыс атқарды. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Төраға орынбасары қызметін атқаруда. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды (2011ж.).

 Гаипов Зулфухар Султанұлы - төрағаның орынбасары

Гаипов Зулфухар Султанұлы 1965 жылы 3 қазанда туылған.1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Әлеуметтік-саяси пәндер» мамандығы бойынша бітірген. Аталған оқу орнын бітіргенен кейін осы жерде бас маман қызметінен бастап философия және саясаттану факультетінің оқу – әдістемелік мәселе бойынша деканның орынбасары, 2009 және 2010 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіңің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қызмет жолдарынан өтті. Саяси ғылымдарының докторы. 70-тен астам ғылыми мақалалардың авторы. 2010 жылдың қараша айынан желтоқсан айы аралығында Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің  кадрларды даярлауды басқару басқармасының бастығы, 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау басқармасының бастығы қызметін атқарды. «Ерлігі үшін» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төраға орынбасары қызметін атқарады.  Үйленген. Үш баласы бар.