Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Комитет туралы   / Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті туралы ереже 
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті туралы ереже

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің Жауапты хатышысының 2009 жылғы «24» шілдедегі  № 167-к бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) туралы осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы №984 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеге сәйкес әзерленген.

2. Комитет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған саладағы бақылау және реттеуші функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

3. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Министрдің және Жауапты хатшының бұйрықтарына өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде шоты болады.

5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген болса, онда оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.

6. Комитет Қазақстан Республикасының заңннамасында белгіленген тәртіппен бұйрықтар, қаулылар және анықтаулар түрінде актілер шығарады.

7. Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесін Министрдің келісімінен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, № 35 көше, № 8 ғимарат.

9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Комитетке өзінің фукциялары болып табылатын міндеттерді орындау бағдарына кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.



2. Комитеттің функциялары мен құқықтары

12. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен келесі функцияларды атқарады:

1) білім сапасын сырттай бағалау әдісі арқылы білім беру мониторингін жүргізу;

2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткізу;

3) үкіметтік емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеуден өткізу;

4) алынып тасталған;

5) диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестерді құру және олардың қызметін ұйымдастыру;

6) ғылым кандидаты мен ғылым докторы дәрежелерін беру;

7) мемлекеттің атынан белгіленген мемлекеттік үлгідегі ғылым кандидаты мен ғылым докторы дипломдарын, доцент пен профессор аттестаттарын беру;

8) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын (медициналық және фармацевтикалық білім беруден басқалары) іске асыратын білім беру ұйымдарын, сондай-ақ республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;

9) ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу (денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан басқасы);

10) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормативтік құқықтық актілерінің және жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

11) білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шыққан ресми құжаттарды апостильді қөю;

12) білім туралы құжаттарды нострификациялау рәсімін өткізу;

13) бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастырады және өткізеді;

14) мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастырады және өткізеді;

15) Комитетпен әзірленген Министрліктің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдайды;

16) Комитет әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жариялаунуын қамтамасыз етеді;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды енгізу немесе олардың күші дойылды деп тану жөніндегі шараларды дер кезінде қабылдау үшін тұрақты негізде Комитет әзірленген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді актілерге қатысты мониторингті жүргізеді және әр тоқсанның соңғы айының ьірінші күніне дейін жүргізілген мониторинг туралы ақпаратты Заң департаментіне ұынады;

18) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес білім беру саласындағы бақылау бойынша уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптарға сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау;

19) білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны және (немесе) қосымшаларды:

жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға;

білім беретін оқу бағдарламалардын іске және республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға;

рухани білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға (діни оқу орындары);

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын халықаралық және шетелдік заңды тұлғаларға беру.

13. Өз функциялары мен міндеттерін іске асыру мақсатында Комитет өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпаратқа, құжаттар мен мәліметтерге сұраныс жасауға;

2) нормативтік құқықтық актілердің жобасын даярлау, сондай-ақ Комитеттің өзіне жүктелген функцияларына сәйкес жүргізетін іс-шараларын әзірлеу мен жүзеге асыру үшін Министрлік басшалығының келісімімен өзге бөлімшелер мен водомствоға бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;

3) құзырына кіргізілген мәселелер бойынша түсініктемелер беруге құқығы бар.

3. Комитеттің мүлкі

14. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген, құны мемлекеттік органның теңгерімінде көрсетілетін мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ басқа да мүліктерден тұрады, оның құны Комитет балансында көрсетіледі.

15. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

16. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе оған өзгедей әдіспен билік етуге құқығы жоқ.

Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

17. Комитетті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.

Комитет төрағасында, Комитет төрағасының ұсынысы бойынша Жауапты хатшымен келісіліп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен қызметке тағайындалып қызметтен босатылатын өз орынбасарлары болады.

18. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.

19. Комитет төрағасы осы мақсатта:

1) өз орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін марапаттайды, сондай-ақ оларға тәртіптік шаралар қолданады;

4) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;

5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

5-1) Заң департаментіне және Министрліктің Жауапты хатшысына рұқсат беру және тыйым салу сипатында дайындалған нормативтік құқықтық актілердің және басқа да қызметтік құжаттардың жобасын келісуге ұсынады;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша жеке жауапкершілік тартады.

20. Комитеттің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреттері мен өкілеттіктері Комитеттің регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

21. Комитетті қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@educontrol.kz