31.03.2011 ж.
№ 126
Диссертациялық кеңес
туралы үлгі ережені
бекіту туралы
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 13) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Б.С. Әбдірәсіловке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2011 жылғы «31»наурыддағы № 126 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізімі
1. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2139 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 15, 840-бап).
2. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 796 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2617 болып тіркелген).
3. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 126 Бұйрығы(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3552 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 14, 73-бап).
4.«Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 17 қазандағы № 486 Бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 қарашада «Заң» газетінің № 184 (1213) жарияланған).
5. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 446 Бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6476 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қыркүйектегі «Егемен Қазақстан» газетінің № 382-385 (26228) жарияланған).
