№ 182 от 05.05.2011 ж.
2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының
білім беру ұйымдарында ұлттық бірыңғай тестілеу мен мемлекеттік
аралық бақылауды өткізу кезіндегі рәсімдерді жетілдіру және қаржылық
қаражаттарды тиімді пайдалану жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Білім беру сапасын сырттай бағалау рәсімдерін жетілдіру және қаржылық қаражаттарды тиімді пайдалану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында ұлттық бірыңғай тестілеу мен мемлекеттік аралық бақылауды өткізу кезіндегі рәсімдерді жетілдіру және қаржылық қаражаттарды тиімді пайдалану жөніндегі жұмыс тобы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Ырсалиевке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Жұмағұлов
