12.08.11 ж.
№ 3-10-4/1952
Жоғары оку орындарының
ректорларына
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындастуденттердің оқуына жұмсалатын шығындар нормасының қарастырылғанын хабарлайды.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (62-бап 8-тармақ) білім беру гранты мөлшеріндегі өтемді білім беру қызметтерін көрсету шарты бойынша бір білім алушыға жұмсалатын жоғары оқу орындарының шығындары реттелген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 7 тамыздағы № 374 бұйрығымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы бір білім алушыға оқу төлемі есебінің нормасы бекітілген.
Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 232 қаулысымен даярлау бағыттары бойынша 2011-2012 оқу жылында бір білім алушыға жұмсалатын орташа шығындар анықталған, олар жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарында белгіленген.
Бірақ, жоғары оқу орындарындағы баға саясатын зерделеу көптеген жоғары оқу орындарының оқу төлемін мемлекеттік білім беру грантының мөлшерінен төмен есепте белгілегендерін көрсетті.
Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету мақсатында талапкерлерді ақылы негізде қабылдауды жүзеге асыру кезіндеменшік нысандарына қарамастан жоғары оқу орындарыжоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын қатаң сақтауы кажет.
Министрдің міндетін атқарушы М. Орынханов
Ысқақова С.З.
742399
