Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Комитет туралы   / Комитет туралы 
Комитет туралы

     Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” 2004 жылғы 29 қыркүйектегі  N1449 Жарлығы негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2004 жылғы 28 қазандағы қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 267 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының  24-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 984 қаулысының негізінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті болып қайта құрылды және бақылау мен (немесе) іске асыру функцияларын жүзеге асырады  Комитеттің негізгі міндеттері білім беру, ғылым, ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.   Комитеттің негізгі қызметтері:

 

  • жоғары оқу орындарын, ғылыми ұйымдарды аттестаттау және аккредиттеу;
  • ҰБТ-ты, білім беру ұйымдарында аралық мемлекеттік бақылауды, білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және  жүргізу;
  • білім туралы шетелдік құжаттарды нострификациялау және апостильдеу;
  • ғылыми және педагог кадрларды аттестаттау.
  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz