Комитет туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N1449 Жарлығы негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы Қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы № 267 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының  24-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 984 қаулысының негізінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті болып қайта құрылды және бақылау мен (немесе) іске асыру функцияларын жүзеге асырады
Комитеттің негізгі міндеттері білім беру, ғылым, ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Комитеттің негізгі қызметтері:

 

Апталық шолу
2008 жылғы 1-10 маусым аралығында республика бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі. Биылғы жылы жалпы орта білім беру ұйымдарын барлығы 139 853 мектеп бітіруші, оның ішінде 83 195-і қазақ тілінде, 56 658-і орыс тілінде аяқтайды.
Толығырақ...
ЖОО-ғы 2008 жылғы МАБ туралы
2008 жылғы 25-30 мамырда Мемлекеттік аралық бақылау ережесіне сәйкес республиканың 58 жоғары оқу орнында оқытудың күндізгі және сырттай оқыту нысанының барлық мамандықтары бойынша 2(3) курстан кейін жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) рәсімі өткізіледі.
Толығырақ...
Диссертациялық кеңестер төрағаларына
ҚР Білім және ғылым саласындағы қадағалау комитеті диссертациялық кеңестердің нормативті құқықтық актілерінде көрсетілген аттестациялық істердің талқылануы, қаралуы, сонымен қатар диссертациялардың қорғалуы тәртібіне сәйкес,
Толығырақ...
ҰБТ бойынша республикалық кеңестің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2008 жылғы 25 сәуірде Астана қаласында ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың төрағаларымен республикалық кеңес өткізіледі
Толығырақ...
ЖОО, ҒЗИ басшыларының, ДК төрағаларының назарына!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 2007 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыстағы Ғылыми дәрежелер беру ережелеріне өзгерістер енгізу, дәстүрлі аспирантура мен докторантураға қабылдауды аяқтау және ізденуші институтын жабу, әрекеттегі диссертациялық кеңестердің желісін оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы шешім қабылданғанын хабарлайды.
Толығырақ...
Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережесіне түсініктеме
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1385 қаулысымен Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережесі бекітілген (бұдан әрі - Ереже) . Ережеде мемлекеттік аккредиттеуден Қоғамдық кәсіби аккредиттеуге өту, Болон үрдісіне қосылу мақсатында білім беру ұйымдарын аккредиттеу үрдісін аккредиттеудің халықаралық үрдісімен үйлестіру қарастырылған. Аккредиттеуден өтудің еріктілігі, дербестігі, объективтілігі, жариялылығы мен анықтылығы аккредиттеудің негізгі қағидалары болып табылады. Аккредиттеуді білім беру ұйымдарының өтініші негізінде, олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, аккредиттеу органы бес жыл мерзімге жүзеге асырады. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу білім беру ұйымдарының өз қаражаттары есебінен өткізіледі. Жоғары оқу орындары халықаралық дәрежеде танылған шетел агенттігі жүзеге асыратын халық­аралық аккредиттеуден өтуге құқылы. Заңнамада аккредиттеудің институционалдық және маман­дандырылған түрде жүзеге асырылатыны көзделген. Институционалдық аккредиттеу жалпы ЖОО-ның аккредиттелуі, ал мамандандырылған аккредиттеу жекелеген білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
Толығырақ...